1.
Сыртқы тежелу – қалыптасқан шартты рефлекс кезінде қандай да
болсын бір бөтен тітіркендіру әсер еткенде, осы рефлекстің кенеттен әлсіреуі
немесе жойылуы. Мысалы, жүріп жатқан шартты
рефлекс кезінде бөтен
тітіркендіргіш (жарық, қоңырау дыбысы) қосылса, ол бағдарлау әсерленісін
тудырады да, шартты рефлекс тоқталады. Осындай орта жағдайының
өзгерісінен пайда болатын реакция И.П.Павловтың
пікірінше, «Бұл не?»
деген рефлекс.
Сыртқы тежелудің механизмі: сыртқы ортаның бөтен сигналы ми
қыртысында жаңа қозу ошағын тудырады да, жүріп жатқан шартты рефлексті
басады (доминантық принципі бойынша). Тежелу сыртқы деп аталатын
себебі – жаңа қозу ошағы қалыптасқан шартты
рефлекстің доғасынан тыс
орналасады.
Сыртқы тежелудің маңызы: сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне
организмнің жедел бейімделуін қамтамасыз етеді және қажет болса, жағдайға
байланысты басқа әрекет жасауға мүмкіндік тудырады.
2.
Шектен тыс тежелу – сырттан төтенше күшті
сигнал әсер еткенде
пайда болады. Бұл тежелу қорғаныштық роль атқарады, ми қыртысы
нейрондарын шектен тыс қозудан сақтандырады.
Өйткені ми қыртысы
нейрондарының белгілі бір деңгейге дейін жұмыскерлік қабілеті бар. Егер
сыртқы тітіркендіру шектен тыс жоғары болса, қалыптасқан шартты рефлекс
жойылап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: