«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі (ТЖ) – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады». Н.Н.Зайко.
Орналасуы бойынша
-
Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ
-
Өкпе зақымдануы кезіндегі – ұлпалық ТЖ
-
Кеуделік (кеуде сарайының зақымдануы кезінде) ТЖ
-
Жүйкелік-бұлшықеттік ТЖ
-
Орталықтық ТЖ
Патогенезі бойынша
-
Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан дамитын ТЖ
-
Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан дамитын ТЖ
-
Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан дамитын ТЖ
Ағымы бойынша
-
Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде) ТЖ
-
Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде
-
ларингоспазм
-
өкпе артериясының тромбэмболиясы
-
асфиксия
-
Жітілеу (бір тәулік ішінде) ТЖ
-
сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде) ТЖ
-
пневмосклероз
-
өкпе эмфиземасы
-
өкпе туберкулезі
Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары: -
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысында өкпе желдетілуі бұзылуының белгілері болғанымен, қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталынып тұрады.
-
Шала теңгерілген (субкомпенсациялық жеткіліксіздік) сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылады. Қанда оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2 < 93%).
-
Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.
ТЖ түрлері
Гипоксемиялық түрі ТЖ Гиперкапниялық-
(1-түрі) немесе гипоксемиялық түрі
Ұлпалық ТЖ (II түрі) немесе
(артериялық гипоксемия вентиляциялық ТЖ
рО2<60 мм с.б.)
себептері: себептері:
өкпе ұлпасының және ұсақ ұяшықтық гиповентиляция
тыныс жолдарының → СО2 шығарылуының
ауыр аурулары бұзылуы және гиперкапния (рСО2>45 мм с.б.),
даму тетіктері: газдық ацидоз, гипоксемия және
-
Дем алатын ауада рО2↓; газдық емес ацидоз.
-
Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы
-
газдар диффузиясының бұзылуы ;
-
вентиляциялық - перфузиялық
арақатынастың бұзылуы;
-
веналық қанның жүректің сол
бөлігіне тікелей түсуі немесе
қосылуы
Балаларда сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің ерекшеліктері олардың өкпе мен тыныс алу жолдарының ерекшеліктерімен анықталады:
-
Мұрын тыныс жолдары жіңішке және иректелген.
-
Өкпе ұяшықтары тінінің серпімділігі мен өкпе межеқуаты төмен. Бұл өкпе тінінің төзімділігінің төмендеуін көрсетеді.
-
Тыныс алу орталығының рефлекстік қозымдылығы төмен, жөтел рефлексінің әлсіз көрінуі.
-
Өкпенің қанмен жақсы қамтамасыз етілуі.
Көрсетілген ерекшеліктар эмфизема дамуына септеседі. Қатты айқайлағанның өзінде өкпе ұяшықтары жыртылуы мүмкін. Пневмония жиі пайда болады және өтуі жайылмалы сипат алады. Перинатальды дерттер, аспирациялық синдром, иммундық – тапшылықтық жағдайлар, өкпе мен жүректің даму ақаулары пневмония дамуына септігін тигізеді. Жаңа туылған бала жөтелу рефлексінің әлсіздігіне байланысты тыныс жолдарынан бөліністерді, шырыш, қақырықты шығара алмайды. Бронх тармақтарының дренаждық қызметі бұзылуынан, жұқпаның жайылуына қолайлы жағдай туады.
Жаңатуылғандардың өмірінің алғашқы 2 тәулігінде организмнің аса маңызды қызметтерінің тежелуі әсерінен тыныс жеткіліксіздігі күшеюімен көрінетін ерекше жағдай тыныс алу бұзылыстары синдромы (ТБС) деп аталады. ТБС дамуында пневмопатиялар, туа пайда болған пневмониялар, туылу кезіндегі ОЖЖ жарақаты, жүрек пен өкпенің даму ақауларының маңызы зор.
Пневмопатиялар – жаңатуылғандардың сыртқы орта (ұрықтық дамудан тыс) жағдайына алғашқы бейімделуі бұзылуынан дамитын өкпедегі жұқпалы емес дерттік үрдіс. Оларға өкпенің алғашқы ателектазы, гиалиндік мембраналық ауру, ісінулік-геморрагиялық синдром, өкпеге жайылмалы қанқұйылу, өкпе аспирациясы синдромы.
4. Көрсетілетін материал: тақырыптың мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиет
Негізгі
-
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 389-390
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 458-468
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- С. 270-284
-
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 126-128
Қосымша
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
-
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
6. Бақылау сұрақтары
1. тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі бойынша түрлері
2. тыныс жеткіліксіздігінің қанның газдық құрамы өзгеруі бойынша түрлері
3. тыныс жеткіліксіздігінің I түрінің себептерін атаңыз
4. тыныс жеткіліксіздігінің IІ түрінің себептерін атаңыз
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 тақырып. «Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Өкпе ұяшығының гипо- және гипервентиляциясы» .
Сабақ мақсаты:
-
Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық және рестрикциялық түрінің этиологиясы мен патогенезі
Оқыту міндеті:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
-
Бронхообструкциялық синдромның патогенезін түсіндіре алу
-
Гиповентиляцияның рестрикциялық түрінің, өкпе тінінің тығыздалуы, плевра қуысында сұйықтықтар мен газдар жиналуының патогенезін түсіндіре алу
-
Спирометрлік көрсеткіштер арқылы гиповентиляцияның түрін анықтау
-
Ситуациялық есептер бойынша қорытынды жасау
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезі, орналасуы, қанның газдық құрамының өзгеруі, ағымы бойынша жіктелуі.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығы өзгеруінің патогенезі мен себептері.
-
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік (өкпе тінінің тығыздалу синдромы) және өкпеден тыс себептері (плевра қуысында сұйықтық және газ жиналу синдромы ж.б.), патогенезі, өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгеруі.
Оқыту және сабақ беру тәсілдері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: тапсырманы орындау, пневмограммаларға тұжырым жасау
Машықтық жұмыс
№ 1. тапсырма
| -
Егер бастапқы пневмограмма мынадай болса, тәжірибелік жануардың кеңірдегін жасанды жолмен тарылтқанда тыныс алу сипаты, пневмограмма қалай өзгереді?
|
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
-
Қандай тыныс алу көрсеткіштері өзгереді және олар қандай жолдармен өзгереді (тереңдігі, жиілігі, демді ішке тарту және демді шығару кезеңдерінің арақатынасы)?
-
Тыныс алу түрі өзгерістерінің патогенезі қандай?
-
Осындай бұзылыстар қандай аурулар мен дерттік үрдістерде дамиды?
№ 2. тапсырма
|
Суретті қолдана отырып, кеуде іші және кеуде сыртында тыныс жолдары тарылғанда, демді ішке тартқан кезінде және демді шығарған кезді тыныс жолдары саңылауының өзгеруін түсіндіріңдер. Өзгерістің даму тетігі қандай?
|
№3 тапсырма.
Бастапқы пневмограмма № 1 тапсырмада. Жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін сипаттаңыз және осы бұзылыстардың патогенезін көрсетіңіз. Осындай тыныс алу бұзылысы қай ауруға тән?
№ 4 тапсырма.
|
Есептерді шешіңіз
| -
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ТӨС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?
-
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, РКдш↓,ТӨС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Оқулық: 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. Б. 382-386
-
Патологическая физиология: Оқулық ред. Н.Н.Зайко ж/е Ю.В.Быця. – 2-бас. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – Б. 447-471.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., 2009.- 248-257С
-
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 127-135
Қосымша
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
-
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 427-457
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.-С.503-513
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 215-238.
-
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.
№2 тақырып. Өкпенің ұяшықтық-қылтамырлық мембранасының диффузиялық қабілеті төмендеуінің дерттік тетіктері. Өкпеде қанағымының бұзылысы. Өкпе гипертензиясы мен гипотензиясы.
Сабақ мақсаты:
-
Өкпенің диффузиясы және перфузиясы бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
-
өкпенің диффузиясы және перфузиясы бұзылыстарының патогенезін түсіндіруді.
-
қанның газдық құрамының өзгерістері бойынша тыныс жеткіліксіздігінің түрін анықтауды
-
ситуациялық есептерге қорытынды жасауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Өкпе жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың арасындағы газдар алмасуы бұзылысының даму тетіктері мен себептері.
-
Тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен гипотензияның даму тетіктері мен себептері.
-
Тыныс алу жеткіліксіздігінің патогенезіндегі вентиляциялық-перфузиялық арақатынасы бұзылуының маңызы
Оқыту және білім беру әдістері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу.
Тәжірибелік жұмыстар
№ 1 тапсырма
|
Ситуациялық есептерді шешу
|
№ 1 есеп
Науқас 26 жаста, күлу кезінде жаңғақ тыныс жолдарына түсіп кеткендіктен, ауруханаға жеткізілді. Жаңғақтың оң бронх қуысын жауып қалғаны анықталды. Бронхтың жаңғақпен бітелген жерінен төменгі бөлігінде қан көрсеткіштері қалай өзгереді? Дұрыс жауапты таңдаңыз.
-
Еріген оттегінің мөлшері қалыптыдан жоғары
-
Оксигемоглобиннің диссоциация сызығы солға ығысқан
-
рСО2 қалыптыдан төмен
-
рН қалыптыдан төмен
-
рО2 артериялық қандағы рО2-ге тең
№ 2 есеп
Науқас Н., 55 жаста, аяғының терең көктамырының тромбозы өкпе артериясының бұтағында тромбоэмболия дамытты. Сол өкпе артериясының бұтағы толық жабылған.
Өкпенің осы бөліктерінде газдық құрам қалай өзгереді?
-
рО2 артериялық қандағы рО2-ге тең
-
рО2 атмосфералық ауадағы рО2-ге тең
-
рО2 демді ішке тартудан кейінгі ауадағы рО2-ге тең
-
рО2 веналық қандағы рО2-ге тең
-
рО2 веналық қандағы рО2-ден төмен
№ 3 есеп
Науқас Р., 60 жаста, өкпе обырына байланысты бір өкпесін алып тастаған. Тыныштық жағдайда өкпе артериясында қысым қалыпты, ал күш түскенде өкпелік гипертензия дамиды. Мұны қалай түсіндіруге болады?
-
Жүктеме кезінде ауа жолдарының кедергісі жоғарылайды
-
Жүктеме кезінде өкпенің керіліп созылуы қанайналымды азайтады
-
Жүктеме кезінде өкпе тамырлары тарылады
-
Физикалық жүктеме кезінде теңгерілудің жеткіліксіздігіне байланысты өкпенің қанға толуы ұлғаяды
№ 4 есеп
Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:
Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптағының 81%, ТӨС – қалыптағының 76%, ТМҚ –қалыптағының 133%, Тиффно индексі – 80%
-
Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?
-
ӨТС және ӨЖС төмендеуінің мүмкін болатын тетіктерін түсіндіріңіз
-
Бронхообструкциялық синдром жайында ойлауға бола ма?
№ 5 есеп
А) Берілген суреттегі A, B, C нұсқалары мен вентиляциялық-перфузиялық коэффициенттерінің (АВ/ҚМК) арасындағы сәйкестікті тап.
-
АВ/ ҚМК = 1,0
-
АВ/ ҚМК < 1,0
-
АВ/ ҚМК > 1,0
В) Организмде вентиляциялық-перфузиялық коэффициенті төмендегенде (АВ/МОК) («көгілдір ісінушілер») және вентиляциялық-перфузиялық коэффициенті жоғарылағанда (АВ/МОК) («қызғылт ырсылдауықтар») қандай өзгерістер болуы мүмкін
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 386 -388
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 454-457.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.-С 257 -260
-
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 135 - 139
Қосымша
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 513 - 516
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 229-236.
-
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
Бақылау (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.
№3 тақырып. Тыныс алу реттелуінің орталық тетіктерінің бұзылысы. Ентігу. Балалардағы тыныс алу бұзылыстарының ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
-
Сыртқы тыныс алу реттелуі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін қалыптастыру
Оқыту міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
-
Сыртқы тыныс алу реттелуі бұзылыстарының патогенезін түсіндіре білуді
-
Ентігу түрін ажырату және олардың патогенезін түсіндіре білуді
-
Балалардағы тыныс алу бұзылыстарының патогенезінің ерекшеліктерін түсіндіре алуды
-
Пневмограммаларды сараптауды
-
Ситуациялық есептерге қорытынды жасауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Сыртқы тыныс алудың орталық реттелуінің бұзылыстары (тыныс алу орталығының тежелуі). Пиквик синдромы, түнгі ұйқының бұзылу синдромы.
-
Тыныс алу орталығы қызметінің мыйға бағытталған реттелуінің бұзылысы: мыйға бағытталған қозудың жеткіліксіздігі, мыйға бағытталған қозудың молдығы, мыйға бағытталған тежелудің молдығы. Тыныс алудың реттелуінің шеткері бағытталған жүйкелік бұзылысы («Ундина қарғысы» синдромы, «көлік тәрізді» тыныс).
-
Тыныс алу тереңдігінің, жиілігінің және ырғағының бұзылысы. Гиперпноэ, брадипноэ, тахипноэ, апноэ, туралы түсінік, даму тетіктері. Үзілісті тыныс алу, түсініктеме, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныстың түрлері.
-
Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігу түрлері, патогенезі.
-
Асфиксия, түсініктемесі, себептері, кезеңдері, сипаттамасы.
-
Респираторлық дизстресс-синдромы, этиологиясы және патогенезі.
-
Жаңа туған нәрестелердегі тыныс алу бұзылыстары синдромы туралы түсініктеме. Пневмопатиялар (біріншілік ателектаздар, гиалинді мембрана ауруы, ісінулік-геморрагиялық синдром, аспирациялық синдром)
Оқыту және сабақ беру әдісі:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: тапсырманы орындау, пневмограммалармен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу.
Тәжірибелік жұмыс
Ә
дісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың мұрнына мүсәтірге малынған мақтаны иіскетеді. Тыныс алу өзгерістері байқалады. Осыдан кейін әрбір танауына 1 тамшыдан новокаин ерітіндісі тамызылады және тәжірибе қайталанады. Бұл кезде пневмограмма былай өзгереді:
№ 3 тапсырма
|
Жасанды гипервентиляциямен туындатылған тыныс алу өзгерістерін зерттеу.
|
Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың кеңірдегіне түтік енгізіледі. ЖӨВП құралы көмегімен трахеостома арқылы жасанды желдетілу жасалынады. Гипервентиляциядан кейінгі апноэ мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне назар аударылады. Тыныс алу қалпына келгеннен кейін, қайтадан жасанды гипервентиляция жасалынады. Сонда постгипервентиляциялық апноэ басталғаннан кейін, 1-2сек-тан соң, егеуқұйрықты электр ағымымен ауыртып тітіркендіреді. Тыныс алу өзгерістері сипатының түрі мынадай болады:
Мына сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым және қорытынды жасалынады:
-
Неге жасанды гипервентиляция тоқтатылғаннан кейін апноэ қалыптасады және тыныстың өздігінен пайда болу тетіктері қандай?
-
Неге постгипервентиляциялық апноэ кезеңінде ауыртып тітіркендіргенде тыныс алу тез арада қалпына келеді?
-
Постгипервентиляциялық кезеңдегі тыныс алудың өзіндік және жасанды (электр ағымының көмегімен) қалпына келуінің айырмашылығы неде?
Адамның гипервентиляциясына мысал келтіріңіз.
№ 4 Тапсырма.
|
Берілген пневмограммадағы натрий нитритімен уландырған бақаның тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін талдау.
|
Патологиялық тыныстың түрі мен дамуының мүмкіндік механизмдерін көрсете отырып, тұжырым жасаңыз.
№ 5 тапсырма. Есепті шешіңіз
№ 1 есеп
Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.
-
рО2 45 мм.с.б.б., рСО2 45 мм с.б.б., рН 7,45
-
рО2 55 мм с.б.б., рСО2 70 мм с.б.б., рН 7,5
-
рО2 65 мм с.б.б., рСО2 35 мм с.б.б., рН 7,45
-
рО2 75 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,3
-
рО2 98 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,2
№ 2 есеп
Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, соның бірі бірден айқындалған ентігу. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%
Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨҚК жоғары, Тиффно индексі төмен.
-
Науқаста өкпе тінінің серпімділігі мен кеңеюінің бұзылыстары бар ма?
-
Тиффно индексінің төмендеуі нені көрсетеді?
-
Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға бола ма?
-
Осы науқастың өкпесінің газ алмасу қызметі бұзылыстарының мүмкіндік тетіктеріне және жағдайына қорытынды жасаңыз.
№ 3 есеп
Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретиклоциттер 4%, лейкоциттер - 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.
Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%. Пневмотахограмма: Ппик – 4,5 л/с, П75 – 3,3 л/с, П50 – 1,8 л/с, П25 – 1,0 л/с.
Есеп бойынша қорытынды жасаңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 384-385
-
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 460-471.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
-
Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 139 - 142
Қосымша
-
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 519 - 525
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 226-227.
-
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
Бақылау (сынамалық тапсырма)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365 негізінде құрастырылған.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 тақырып. Ересектер мен жаңа туған нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы
Мақсаты:
-
РДС-синдромы және оның нәрестелердегі пайда болу және өту ағымының ерекшеліктерінің этиологиясы мен патогенезін өзбетінше оқу.
Тапсырма:
-
Мына сұрақтармен оқу материалын өңдеу:
Ересектердегі РДС-синдромының этиологиясы мен патогенезі
Жаңа туған нәрестелердегі РДС-синдромының этиологиясы мен патогенезі
-
РДС-синдромының патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру
-
Сынамалық тапсырмаларды шешу
СӨЖ-ді орындау түрі:
Берілген әдебиеттер бойынша өзбетінше тақырыпты меңгеру, патогенезінің сызба нұсқасын құрастыру, сынамалық тапсырмаларды шешу.
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ-ді тапсыру мерзімі
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
Сынамалық тапсырмалар
1. ЕТДС (ересектердің тыныстық дистресс-синдромы) пайда болады (5)
-
ТШҚҰ- синдромынан
-
сурфактанттың жеткіліксіз түзілуінен
-
сепсис кезінде
-
өкпе эмфиземасында
-
келбетсіз пневмонияда
-
уытты газдардың әсерінен
2. ЕТДС патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)
-
ұяшық қабырғасының кіші қан тамырларында гидростатикалық қысымның жоғарылауы
-
ұяшық қабырғасының кіші қан тамырларында гидростатикалық қысымның төмендеуі
-
артериялық қысым деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы
-
өкпе қылтамырлары және әлвеолоциттердің таралған зақымдануы
-
өкпенің интерстициялық ісінуі
-
өкпенің жүректік ісінуі
-
ұяшық қабырғасында гиалиноздың дамуы
3. ЕТДС кезінде әлвеолоциттер мен қылтамырлардың жайылған зақымдануының патогенезінде, әсерінің маңызы бар (5)
-
интерлейкиндер
-
өспелердің тіршілігін жоятын жайт (ӨТЖЖ)
-
оттегі радикалдары
-
протеазаларға қарсылар
-
тромбоциттерді белсенділейтін жайт
-
лейкотриендер
4.Жедел РДС сипатталады (3)
-
өкпе қылтамырларыны эндотелийінің жайылған зақымдануымен
-
Өкпе ұяшықтарының эндотелиінің жайылған зақымдануымен
-
Өкпенің кардиогендік емес ісінуімен
-
Өкпенің кардиогендік ісінуімен
-
Артериалдық қан қысымының жоғарылуымен
5. РДС-синдромының көріністері болып саналады(4)
-
тахипноэ
-
ӨТС, ӨЖС төмендеуі, өкпенің функционалдық қалдық көлемінің төмендеуі
-
гипоксемия, тиімсіз оксигенотерапия
-
айқын цианоз
-
Тиффно индексінің төмендеуі.
6. Жаңа туылғандардың тыныстық бұзылыстар синдромы (ТБС) патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады (1)
-
ұяшықтар қабырғасында гиалиннің шөгуі
-
сурфактанттың жетіспеушілігі
-
өкпе тіні созылғыштығының төмендеуі
-
жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы
-
кіші бронхылардың жиырылуы
7. Сурфактант түзілуі төмендейді (4)
-
шала туылған балаларда
-
кесар тілігі арқылы туылған балаларда
-
қантты диабетпен ауыратын аналардан туылған балаларда
-
ұрық гипоксиясында
-
туылу стресінің гормондарының әсерінен
8. Зақымданудан жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы пайда болады (1)
-
өкпелік қылтамырдың эндотелий жасушасы
-
бронхтың шырышты қабатының жасушалары
-
тыныстық бронхиоланың эпителий жасушалары
-
альвеолоциттердің I түрі
-
альвеолоциттердің II түрі
9. РДС-синдромнан қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің өкпе тінінің гистологиялық зерттеуі кезінде анықталуы мүмкіншілігі жоғары (1)
-
нейтрофильдермен сіңбеленген ұяшықтар
-
ұяшық қабырғаларының фиброзы
-
өкпенің желдетілуінің жоғарылауы
-
ұяшық мембраналарының гиалинозы және бүріскен ұяшықтар
-
өкпенің қалыпты құрылымы
10. Жаңа туылған нәрестелердің респираторлық дизстресс–синдромының патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз
-
шала туылу
-
ателектаз
-
сурфактант түзілуінің төмендеуі
-
гиповентиляция
-
гипоксемия, гиперкапния
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
-
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 390 - 392
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009
Қосымша
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 236-238.
-
В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С.77-135.
-
Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 481-483; 715-717.
№ 2 тақырып: «Өкпенің жоғарыланған ауалану синдромының патофизиологиясы»
Мақсаты:
-
Өкпе эмфиземасының этиологиясы мен патогенезін өз бетінше меңгеру.
Тапсырма:
-
Сұрақтар бойынша оқу құралдарын талдау:
-
Өкпе эмфиземасының этиологиясы және патогенезі
-
Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
-
Есептерді шығару
СӨЖ орындау түрі:
Берілген әдебиет бойынша құралдарды өз бетінше меңгеру, патогенезінің сызбанұсқасын құру, ситуациялық есептерді шешу, презентация, реферат, эссе
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 1 тапсырма. Өкпе эмфиземасының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру
№ 2 тапсырма Есептерді шығару
№1 есеп
Науқаста өкпенің желдетулік қызметін тексергенде өкпе көлемдерінің төмендегідей өзгерістері анықталды: ТК↓, ТМК↑, РКда↓, ӨТС↓, ТӨС↑, ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Көрсеткіштердің осындай өзгерістері қандай дертке тән?
№ 2 есеп
Науқас 60 жаста., бір жыл көлемінде ентігуге шағымданады, көп жылдар бойы темекі шегеді, асбест шығаратын өндірісте жұмыс істеген. Тексеру барысында тыныстың әлсіреуі, екі жағынан да бірен-саран шашыранды құрғақ сырылдар естілетіні анықталды. Кеуде қуысының рентгенограммасында: өкпенің ауаға толуы, интерстициалды суреттің шамалы күшеюі анықталды.
Спирометрдің нәтижесі:
Спирометрдің көрсеткіштері
|
Бронходилятаторға дейінгі
|
Бронходилятатордан кейінгі
|
Фактілік өлшемдер
|
Қалыптағы өлшемнен %
|
Фактілік өлшемдер
|
%-қ өзгерістер
|
ӨҚТС (л)
|
2,4
|
60
|
2,4
|
0
|
ҚДШ1 (л)
|
1,4
|
44
|
1,5
|
7
|
Тиффно индексі (%)
|
58
|
|
63
|
8
|
ӨЖК (л)
|
4,6
|
205
|
|
|
ӨЖС
|
7,0
|
112
|
|
|
Осы жағдайда қандай ауру туралы ойлайсыз. Жауапты негіздеңіз.
Сынамалық тапсырмаларды мерзімдік бақылаудан қараңыз
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
-
Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. 484-495-беттер.
-
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 382-385
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2 т., - 2009.-С.- 248-257
Қосымша
-
Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 481-483; 717-721.
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ
Мақсаты:
-
Аудиториялық және аудиториядан тыс өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау
Бақылау міндеті:
-
Өтілген материал бойынша білімді бекіту
Студенттердің білімін тексеру сұрақтары :
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Патогенезі, бұзылыстардың орналасуы, қанның газдық құрамының өзгерістері бойынша сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің желдетулік түрі туралы түсінік, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының обструкциясы кезіндегі өкпе көлемі мен сыйымдылығының өзгерістері, себептері, патогенезі.
-
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемінің және сыйымдылығының өзгерістері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздіктің диффузиялық түрі. Өкпе ұяшық-қылтамырлық мембрана арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарының себептері және тетігі.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі.Өкпелік гипертензия және өкпелік гипотензия дамуының себептері және тетіктері.
-
Желдетулік - перфузиялық ара қатынастың бұзылысы, олардың тыныс алу жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы.
-
Жаңа туылған нәрестедегі тыныс алу бұзылысы синдромы туралы түсінік. Пневмопатиялар (алғашқы ателектаз, гиалиндік мембраналар аурулары, ісінулік-геморрагиялық синдром, аспирациялық синдром
-
Сыртқы тыныстың орталық реттелуінің бұзылысы (тыныс алу орталығының тежелуі). Пиквик синдромы, түнгі ұйқы бұзылысы синдромы.
-
Тыныс алу орталығы қызметінің орталыққа бағытталған реттелуінің бұзылысы: орталыққа бағытталған қозудың жеткіліксіздігі, орталыққа бағытталған қозудың молдығы, орталыққа бағытталған тежелудің молдығы
-
Тыныс алу реттелуінің эфферентті жүйкелік бұзылысы («Ундина қарғысы» синдромы, «көлік тәрізді» дем алу).
-
Тыныс алу тереңдігінің, жиілігінің және ырғағының бұзылысы. Гиперпноэ, брадипноэ, тахипноэ, апноэ, туралы түсінік, даму тетіктері. Үзілісті тыныс алу туралы түсінік,түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныстың түрлері.
-
Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігу түрлері, патогенезі.
-
Тұншығу туралы түсінік, себептері, кезеңдері, сипаттамасы.
-
Жаңа туылған нәрестедегі және ересектердегі тыныстық дизстресс-синдромы, этиологиясы және патогенезі.
-
Өкпе эмфиземасы, этиологиясы, патогенезі
СЫНамалық ТАПСЫРМАЛАР
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі қабаттасады
-
артериялық қанда оттегінің (рО2) және көмір қышқыл газының (рСО2) үлестік қысымының жоғарылауымен
-
артериялық қанда рО2 және рСО2 төмендеуімен
-
веналық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен
-
қанда рО2 төмендеуімен және рСО2 қалыпты болуымен
-
артериялық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен
2. Ұяшықтық гиповентиляция әкеледі
-
гипоксемия, гипокапния, ацидозға
-
гипоксемия, гипокапния, алкалозға
-
гипоксемия, гиперкапния, ацидозға
-
гипоксемия, гиперкапния, алкалозға
-
газдық емес ацидозға
3. Өкпе вентиляциясының обструкциялық бұзылысы пайда болады
-
тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда
-
тыныстық бұлшықеттердің қызметі бұзылғанда
-
өкпе ателектазында
-
өкпенің тыныстық беткейі кішірейгенде
-
тыныс алу орталығы қызметі тежелгенде
4. Бронхылар обструкциясының қақпақшалық тетігі пайда болады
-
өкпе эмфиземасы кезінде
-
пневмонияда
-
сурфактант тапшылығында
-
өкпе бөлігін алып тастағанда
-
өкпе ісінуінде
5. Жоғарғы тыныс жолдарының кеудесыртылық обструкциясы (мойын аймағындағы) қабаттасады
-
Биот тынысымен
-
жиі үстіртін тыныспен
-
демді сыртқа шығару қиындаған тыныспен
-
Чейн-Стокс тынысымен
-
демді ішке тарту қиындаған тыныспен
6. Тыныс жолдарының кеудеішілік обструкциясы қабаттасады
-
стеноздық тыныспен
-
жиі үстіртін тыныспен
-
демді сыртқа шығарудың қиындауымен
-
Чейн-Стокс тынысымен
Е) демді ішке тартудың қиындауымен
7. Көмей тарылуы қабаттасады
-
жиі үстіртін тыныспен (тахипноэ)
-
жиі терең тыныспен (гиперпноэ)
-
демді сыртқа шығару қиындаған сирек терең тыныспен
-
демді ішке тарту қиындаған сирек терең тыныспен
-
Биот тынысымен
8. Стеноздық тыныстың патогенезінде маңызы бар
-
тыныс алу орталығы қозғыштығы төмендеуінің
-
Геринг-Брейер рефлексі жылдамдауының
-
Геринг-Брейер рефлексі кешігуінің
-
Бейнбридж рефлексі іске қосылуының
-
Эйлер-Лильестранд рефлексінің
9. Төменгі тыныс жолдарының обструкциясы қабаттасады
-
Тиффно индексінің төмендеуімен
-
демді ішке тартудың қиындауымен
-
стеноздық тыныспен
-
Тиффно индексінің жоғарылауымен
-
ӨҚК азаюымен
10. Өкпе вентиляциясының рестрикциялық бұзылыстарын дамытпайтыны
-
қабырғааралық миозит
-
екіжақты пневмоторакс
-
өкпе ателектазы
-
сурфактант тапшылығы
-
ларингоспазм
11. Өкпе гиповентиляциясының өкпеішілік рестрикциялық бұзылысы болуы мүмкін
-
өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде
-
кеуде сарайының өзгеруінде
-
қабырға шеміршектерінің сүйектенуінде
-
іш шемені кезінде
-
өкпенің жайылған фиброзында
12. Өкпе гиповентиляциясының өкпеден тыс рестрикциялық бұзылыстары кездеседі
-
гидроторакста
-
өкпе өспелерінде
-
өкпе ателектазында
-
пневмокониоздарда
-
өкпе қабы және көкірек орталығының өзгерістерінде
13. Желдетілу бұзылуының рестрикциялық түрі сипатталады
-
қарқынды дем шығарудың бірінші секөнттегі көлемі (ҚДШК1) азайған
-
ҚДШК1 өзгермеген
-
дем шығарудың барыншалық көлемдік жылдамдығы азайған
-
Тиффно коэффициенті төмендеген
-
өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылаған
14. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі пайда болады
-
ұяшықтар қалыңдағанда
-
интерстициялық сұйықтың көлемі ұлғайғанда
-
қылтамырлардың негізгі мембранасы қалыңдағанда
-
қанайналымының кіші шеңберінде қан іркілгенде
-
төменгі тыныс жолдарының саңылауы кішірейгенде
15.Ұяшықтық-қылтамырлық мембрана арқылы диффузия бұзылуы байқалады
-
өкпенің жайылған фиброзында
-
плевритте
-
бронхы демікпесінде
-
көмей ісінуінде
-
қабырғааралық миозитте
16. Сыртқы тыныстың перфузиялық жеткіліксіздігі байқалады
-
айналымдағы қан көлемі (АҚК) азайғанда
-
жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігінде
- 60>75>
Достарыңызбен бөлісу: |