Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы


Тақырып: Математиканың ғылыми әдістері



бет10/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
8-сынып

Тақырып: Математиканың ғылыми әдістері

 

1.   Оқыту   әдістері    жайында   жалпы   түсінік.



2.  Математикалық   оқытудың   жалпы   ддістеріне   шолу.

3.   Оқыту әдістерін   таңдау

 

Мектепте оқыту ісінде оқу пэнінің мазмүнының көлемін анықтаумен және сабаққа қажетті материалды іріктеумен қатар оқыту эдістері   де ерекше маңызға  ие. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен пэннің мазмүнына сэйкес таңдалған эдіс білімнің саналы да, баянды болуын қамтамасыз етеді.



«Әдіс кең мағынада - мақсатқа жету тәсілі, белгілі бір тәртіппен реттелген    қызмет. Оқу - тәрбие ісіне қатысты оқыту эдісі оқу процесінде мүғалім мен оқушылардың   өзара   эрекеттеріне   байланыстыра   анықталады.

Оқыту әдісі дегеніміз - шэкірттердің белсенді танымдық қызметін қамтамасыз ететін, мүғалім мен оқушының нысаналы, бірлескен эрекеттерінің   нақты түрі. Оқытудың әдістері мен принциптерін түрлері мен тәсілдерін зерттеу дидактиканың обьектісі екені мәлім. Бірақ әр пән методикасының міндеті - оқытудың жалпы әдістерін өзіне икемдеп қолдану. Алайда оқытудың өзі мұгалім мен оқушының бірлескен қызметі болгандықтан олардың әрекеттерінің ара қатынасын анықтау дұрыс. Оқыту процесінде оның екі қырын: сабақ беру мен оқуды анықтап   алған жөн.

Сабақ беру - мұғалімнің атқаратын қызметі, ол материалды баяндауды оқушылардың оқылатын нәрселер мен құбылыстарды бақылауын ұйымдастыруды оқушылардың оқып үйрену және білімін қолдана білу жөніндегі жұмысына жетекшілік етуді, олардың меңгерген білімін икемдіктері мен машықтарын тексеруді қамтиды. Оқу - мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын оқушылардың саналы қызметі, ол белгілі бір нәрселер мен процестерді олардың қабылдауын және мұғалімнің түсіндіруін тыңдауын оқытылатын фактілерді нэрселерді, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды    ұғып   алуды,   қабылданған   фактілерді   қорытындылауды, мүғалімнің тапсырмасы бойыеша алған білімін пысықтауды жэне қолдана білуді қамтиды. Бұдан оқыту әдістері сабақ беру әдістері мен оқып үйрену әдістерін   қамтитынын байқаймыз. Оқыту әдістері әр алуан және жыл өткен сайын кемелденіп, жетіліп тұрады, себебі оқыту процесі ұдайы дамып, оқытудың жаңа күралдары қолданылады, қоғамыздың дамуына сэйкес оқушылардың да өркендеу деңгейі жоғарылайды. Сондықтан оқыту эдістерін үдайы жүйелеу   жэне сараптау қажеттігі   туады. Оқыту эдісі - білім беру жэне білім, іскерлік жэне машықтарды игеруге азаматтық түлға қалыптастыруға бағытталған оқушылардың танымдық   және практикалық   қызметтерін үйымдастыру тәсілі. Оқыту мен тэрбиенің методикалық түрі мен методикалық айласының ара қатысын айырған маңызды. Түр де, айла да мүғалім қызметінің тэсілі. Бірақ айла - түрдің элементі қүрамдас бөлігі. Түр неғүрлым жалпы, кең педагогикалық проблемалармен ал айла дербес методикалық мэселелермен байланысты. Айла түрді жүзеге асыруға көмектесетін қосымша кезең. Түр айлаларының жиыннтығын жүйесін камтиды. Оқытудың жалпы эдістерінің әр түрлі жағдайында мүғалім мен оқушылар   қызметінің   ерекшеліктерін қарастырайық.

1)   Түсіндірмелі   -   иллюстрациялық эдістің мәні дайын материалдарды эр түрлі қүралдардың көмегімен беруінде. Мүнда мүталім белсенді роль атқарады да, оқушының ролі бәсең - оның міндеті   зейін   қойып    тыңдау   жэне жазу. Дайын информацияны берудің неғүрлым тараған тәсілдері -мүғалімнің ауызша сөзі, баспасөз және көрнекі   қүралдар. Материалды ауызша баяндау тэсілдерінің бірі - эңгімелесу. Ол барлық кластарда қолданылады. Әсіресе әңгімелесу жаңа материалды баяндауға оларды  баяндандыруға тереңдетуге тексеруге қолайлы. Әңгімелесу барысында мүғалім алдын - ала дайындалған сүрақтар жүйесі бойынша жаңа материалды баяндауға қажетті мэселелерді қайталап, кездесетін үғымдардың қасиеттері мен белгілеріне оқушылардың назарын үдайы аударып отырады, осылар арқылы оларды белгілі бір заңдылықтарды анықтауға жэне сол заңдылықтарды түжырымдауға экеледі. Сондықтан мүғалім әрдайым эңгімелесудің   жоспарын   жасап алғаны жөн. Математиканы оқыту процесінде әңгімелеу арқылы негізінен тарихи мэліметтерді, ғылыми жаңалықтарды кейде материалдың кіріспе мен қорытындысын баяяндауға болады. Мәселен, эңгіме түрінде санның пайда болуы, саң үғымының алғашқы дамуы, өлшемдер жайында геометрияның шығуы, математиканың басқа гылымдармен байланысын, оның қолданымын, отандық немесе шетелдік математиктер жайында айтуға болады. Бірақ теореманы дэлелдеуге немесе қорытындыны баяндауға эңгімені пайдаланбайды. Сондықтан эңгімені пайдалану мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мүғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мүғалім материалды шепіен тілмен, көркем қызық эңгімелесуі   тиіс. Математика сабақтарында эңгімелеудің бір түрі-түсіндіру жиі пайдаланады. Оны эсіресе бір үғымды немесе сөйлемді дэлелдегенде , түсіндіргенде негіздегенде қолданады' Материалды түсіндіргенде пікір, ой қорыту сияқты логикалық амалдар қолданылады. Бүл эдіс теоремаларды дәлелдеуге, есеп шыгаруда үғымдардың қасиеттері мен > белгілерін    баяндауда   өте тиімді. Оқыту          барысында        түсіндіруді        эңгімелеумен        үйлестіре пайдаланған дүрыс. Мүнда мүғалім оқушылардың белсенділігі мен ынтасын қостау мақсатымен олардан, өз пікірлерін айтуды байқаған құбылыстарын түсіндіруді өз ойларының дүрыстығын дәлелдеуді талап еткен   пайдалы.



Математиканы оқыту барысында  лекция қолдануы мүмкін. Негізде лекция эдісін теореманы дэлелдеу кезінде жиі пайдаланады. Алайда теореманы дэлелдегенде немесе дэлелдеуі үйреткенде оқушылардың белсенді қатысуы, оқушы мен мүғалім арасында үдайы байланыс болуы талап етеді. Лекция кезінде бүл талаптар іске асырылмайды. Осыған о рай мектепте лекция сирек, тар шеңберде атап айтқанда дэлелденген теореманы қайталағанда курстың бір тарауын немесе бір бөлігін қорытындылағанда, бүрын мэлім материалға шолу жасағанда   пайдаланады. Түсіндірмелі - иллюстрациялық эдісте математикалық эдебиетпен жүмыс істеуді пайдаланудың маңызы ор. Математикалық эдебиеттің тілі,       баяндадаудың       абстарктілігі       символиканың         жиі    кездесуі дәлелдеудің дедуктивтік эдісінің қолданылуы оны оқып үйренуге едәуір қиындық туғызады. Сондықтан мүғалімнің эр оқушыны математикалық тексті өздігінен оқуға машықтандыруы тиіс. Мектеп практикасында математикалық эдебиетпен жүмыс істеудің мына түрлері үсыналады: мүғалім түсіндірген материалды оқулықтан түсініктеме бере отырып оқу, жеке теоремаларды өздігінен оқу конспект жасау баяндама реферат даярлау математикадан ғылыми бүқаралық және қызықты эдебиетті өздігінен немесе коллектив болып оқу. Математиканы оқыту теориясы мен оқыту методикасында оқытудың ғылыми эдістері айрықша орын алды. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін игеру, оқыту процесінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Пән ретінде математика тек өзіне тэн белгілермен ерекшеленеді. Ол белгілердің ең бастысы - оқып үйренетін үғымдардың неғұрлым жалпылығы мүның өзі алғашқы математика сабақтарында - ақ бой көрсетеді. Сондықтан оқу процесінде математикалық үғымдарды қалыптастырғанды   да,  сол   үғымдарды іс - жүзінде қолдағанда да   осыс ерекшеліктерді      бейнелейтін   эр   алуан    эдістерді    пайдалануы    қажет. Сонымен   бірге   оқытудың     ғылыми     эдістерін     қолдану    шэкірттердің ойлауын      дамытатыны    олардың      жалпы      мэдениетін          көтеретін, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілдер мен ұғымдарды кәдеге   жарату   қабілетін   шыдайтынын   айрықша   атап   өткен жөн. Математика      оқытудың      ғылыми         әдістеріне:    1) бақылау   мен тәжірибе; 2) салыстыру мен аналогия; 3) анализ бен синтез; 4) индукция мен дедукция; 5) жалпылау мен тарату; 6) абстаркциялау мен нақтылау  жатады. Бақылау мен тэжірибе. Бақылау деп қоршаған ортаның табиғи жағдайа қарастырылатын жеке обьектілері мен құбылыстарының қатынастарын және қасиеттерін бэз қалпында зерттеу , айқындау эдісін   айтады. Бақылаудың өзіндік ерекшелігі бар. Қабылдау деп обьектінің біздің сезім органдарымызға эсер ету кезінде санамызда тікелей бейнелетін құбылысты айтады. Ал обьектіні бақылау сол обьектіні қабылдауды қамтиды. Тәжірибе деп обьектілер мен құбылыстардың табиғи күйі мен дамуына жасанды жағдайлар туғыза отырып, оларды жасанды түрде бөліктерге мүшелеп басқа обьектілермен және  құбылыстармен біріктіру арқылы   зерттеу эдісін   түсінеді. Кез келген тәжірибе бақылаумен тығыз байланыста болады. Тэжірибе жасаған адам тэжірибенің барысын, яғни обьектілер мен құбьілыстарды зерттегенде тиісті жасанды жағдайлардағы олардың күйін   өзгеруін   жэне   дамуын  бақылайды. Бақылау мен тэжірибе физика, химия, биология, жэне тағы басқа ғылымдарда шешуші роль атқарады. Ал математикалық зерттеулерде бүл эдістер жетекші орынға ие бола алмайды, өйткені математика тэжірибелік         ғылым      емес.      Дегенмен         обьектілердің         кейбір  математикалық қасиеттерін көрсетуге бақылау мен тәжірибенің маңызы зор. Бақылау мен тэжірибні мектеп практикасында қолданудың мысалдарын көрсетелік.

4-5 сыныптарда фигуралардың симметриялық қасиеттерін өткенде бір парақ қағазды бүктеу арқылы тэжірибе жолымен көрсетуге болады. Мәселен, берілген түзеуге қарағанда симметриялы фигуралар үғымын түсіндіру үшін көшірме қағаздың көмегімен тең фигураларды салып көрсетуге болады. Ол үшін бір парақ қағазды салып, тиісті фигураны парақтың сыртына сызады. Ал парақты жазған кезде олардың ішкі беттерінде өзара тең фигуралар шығады. Бүдан эрі парақты бүктеу сызығының бойымен бүктегенде салынған фигуралар бір - бірімен бетесетініне назар аударып, түзеуге қарағанда симметриялы фигуралардың анықтамасы беріледі. Осы тэріздес бірнеше жаттығу орындағанан кейін симметриялы фигураларды тоқтада салу қажет. Осындай бірнеше салулары орындаған оқушы бақылау мен тәжірибенің көмегімен фигураның симметриялы нүктелерін қосатын кесінді симметриялы өсіне перпендикуляр және онымен қиылысуы   нүктесінде қақ   бөлінетіні көздерін   жеткізеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет