Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы



бет11/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
8-сынып

Тақырып: 1000 көлеміндегі сандар.

 

1.  Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі - жүздікпен таныстыру;



2.  III разрядтың бірлігі үғымын енгізу. 10-дық санау жүйесінің қүрылу принципін меңгерту

3.  Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету;

4.  Үш таңбалы сандар көмегімен цфрлардың орындық мэнін бекіту;

5.  Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу жэне азайту біліктерін қалыптастыру.

6.    Үш таңбалы сандар нумерациясынан алған білімдерін шамаларды өрнектеуге қолдана білуге үйрету.

 
Үйретілетін жаңа сөздер:

1.  Үш таңбалы сан

2.  Жүздік

3.  III разрядтың бірлігі

4.  Мың, км, г. Қолданылатын көрнекіліктер:

Таяқшалар жүз-жүзден буылған, он-оннан буылған жэне жеке;

Разрядтық кесте, кеспе цифрлар, үш таңбалы сандар жазылған топшамалар.

«Мыңдар» тақырыбын оқып - үйрену барысында окушылар жаңа есептеу бірлігі «жүздікпен» танысады жэне үшінші разряд бірлігі үғымы енгізіледі, 1000-ға дейін санауды, оқуды, жазуды үйренеді. Үш таңбалы санның жазылу принципі эрбір цфрдың орындық мэнімен анықталады. Сондықтан оқушылар кез келген үш таңбалы сан бірліктен, ондықтан, жүздіктен жасалатынын игеріп, санды разрядық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсетіп жаза білулері керек.Осыған орай дайындық жүмысы түрліше ауызша жаттығулар орындаудан басталады.

- Жүзде неше ондық бар? Ондықта неше бірлік бар? Он бірліктен неше артық? Ондық жүздіктен неше артық? Ондық жүздіктен неше есе кем?

- 6 ондық 6 бірліктен қүралған қандай сан?

- 1 разрядтың 8 бірлігінен түратын қандай сан?

- 89 бен 98 сандарында эрбір цифр нені көрсетеді?

- 21 - ден бастап бір-бірден қосып сана, он-оннан қосып сана.

Көрнекілік ретінде метрлік лента немесе рулетканы пайдалануғаболады да, 1 дм =10 см, 1 м= 10 дм, 1 м- 100 см екеніне көз жеткізеді. Әрі үзындықтың өлшем бірліктерін түрлендіруге байланысты жаттығулар қарастырылады. Мэселен, дециметрмен, метрмен, сантиметрмен өрнектеп көрсетіңдер: - 101 см,      102 см,     103 см ..... Бүл кезеңде оқушыларға «Ондық» , «Жүздік» тақырыптары бойынша алған білімдерін пайдаланып , сандардың натурал тізбегін эрі қарата жалғастырады, санағанда эрбір келесі санның алдыңғы саннан біреуі артық, алдыңғы санның келесі саннан біреуі кем екенін тиянақтай түседі:......192........200..............3000........ .....4000 сандарының көршілерін ата. Таяқшалар , жолақшалар, шаршылар, моншақтар, ілгектермен бір - бірлеп 10-ға дейін санап бір бума, бір онық шығарып көрсет. Мысалы қатырма жолақшаға бір - бірлеп он ілгек қада. 10 бірлік -1 ондық, ал 10 ондық - 1 жүдік. Осындай 10 ілгек қадаған 10 жолақшада барлығы неше ілгек бар? 10 жолақшадан түратын шаршыда неше ілгек бар? Мүнда біз алдымен бірліктермен, сонан кейін ондықтармен? Ең соңында жүздіктермен санадық. Әрқайсысында 10 шаршыдан 10 жолақша, ал эр шаршыда 10 ілгектен болсын делік. Сонда, бір жолақшада барлығы жүз ілгек, ал екі жолақшада барлығы - екі жүз ілгек жэне т.с.с. болады, ягни

1  жүздік - 100                          6 жүздік - 600

2 жүздік - 200                          7 жүздік - 700

3 жүздік - 300                          8 жүздік - 800

4 жүздік - 400                          9 жүздік - 900

5 жүздік - 500                          10 жүздік - 1000 1жүзд.+2 жүзд. = Зжүжд.           3 жүзд. - 1 жүзд. = 2 жүзд. 100 + 200 = 300                          300-100 = 200

Әрі қарай жүздіктерге бір- бірлеп қосып санай отырып, сандардың натурал тізбелін меңгертуге болады, мэселен; 100,101,102, 103,..., 113.... Жаңа сандардың атаулары бүл санды арнайы оқып үйренуге арналған сабақтардан бүрынырақ аталуы тиіс. Осы мақсатпен бірінші жүздікпен жүмыс істеудің қорытынды кезеңінде балалардың «жүзден эрі қарата» санай білетіндерін айқындаған пайдалы. Сондай-ақ бірінші жүздіктен асып кететін сандарды да атау жөнінен жаттығу енгізуге болады. Мысалы, эр қатардан тағы 5-7 сан ата: А) 95, 96, 97.... Б) 50, 60, 70.... В) 92, 94, 96 .... Бүл жүзден де артық сандар болатынын, олардың өздеріне белгілі сандармен үқсастықтары барлығын үғынуларына көмектеседі.
1000 көлеміндегі сандарды оқып үйрену санаудың бірлігі ретінде алынатын «мың» үғымын қалыптастырудан басталады. Ол үшін нэрселерді бір - бірден, он-оннан, жүз-жүзден санайды. Практикада көбінесе шыбықтарды жэне буылған шыбықтарды пайдаланады, сондай-ақ «квадраттар мен жолақтар» деген көрнекті қүралдарды пайдалануға болады. Ол тыгыз қағаздан жасалады, сонда бірліктер квадраттармен (квадрат, сантимерт), ондықтар - жолақтарымен , эрқайсысында 10 квадраттан, ал жүздіктерде - квадрвттармен (квадрат дициметр), эрқайсысында 10 жолақтан белгіленеді. Жеке оқушы пайдаланатын мүндай көрнекі қүралдарды балаларга еңбек сабағында жасатуға болады. Осы мақсатпен «арифметикалық жэшік» кубиктері мен білеушелерін де пайдалануға болады. Көрнекі қүралды пайдаланып, оқушылар он-оннан 10 рет санап алып, оларды бір жүздікпен алмастырады. Мүғалімнің басқаруымен балалар разрядтық бірліктердің арасындағы қатынастарды тағайындап, оларды жазады: 10 бірлік = 1 ондық, 10 ондық = 1 жүздік, 10 жүздік = 1 жыңды  қүрайды. Әрі қарай жүздіктермен санайды. Демек ондықтар немесе жай бірліктерді қалай санаған болсақ, жүздіктерді солай санайды. Сонан соң жаңа разрядтық сандар - дөңгелек жүздіктер атаулары енгізіледі. (Жүздік квадрат -жүз квадрат, 2 жүздік квадрат - екі жүз квадрат т.б.)

Бірінші жүздік көлемінен тыс сандардың натурал қатары жөнініде теріс түсінік қалыптасуы (100 санынан кейін санағанда бірден 200 саны, одан кейін 300 саны келеді екен деген) үшін нэрселерді санауға бір-бірден қосып санауға жаттығулар беріп отырған жөн. Кейінгі жағдайда сандардың натурал тізбегін көрсетіп беру үшін «мың лентасы» деп аталатын көрнекі қүрал пайдаланылады. Ені 3-4 см жэне үзындығы 10 м болатын лента тығыз қағаздан жасалып, түрлі түспен оның бетіне метрлер (жүздіктер), дециметрлер (ондықтар), жэне сантиметрлер (бірліктер) белгіленеді. Сондай-ақ , рулетканы да пайдалануға болады. Оқушылар лентаның үзындығы 10 м екенін анықтағаннан кейін, оның неше сантиметр болатынын білуді үсынуға болады. Балалар 1 метрде 100 см болатынын білгендіктен, осы санға сантиметрлерді қосып санай бастайды. Алдымен 1 сантиметрден (101 см, 102 см ...) содан соң 10 сантиметрден (110 см , 120 см), жүзден асқанда бір-бірден қосып санаған орынды болады. (198 см, 199 см, 201 см). Келесі кезеңде оқушылар сандардың жүздіктерден,


ондықтардан жэне бірліктерден жасалатынымен танысады да, көрнекі қүралды пайдаланып, разрядтық сандардан қүралатын сандарды кескіндейді (мысалы 2 жүздік, 2 ондық, 5 бірлік, 2 жүздік, 3 ондық т.с.с.) жэне осындай сандарды атай беруге үйренеді. Кері жаттығулар да үсынылады: аталған сандардан неше жүздік, ондық, бірлік барын көрсетіңдер. Сондай-ақ үш таңбалы сандардың ондық қүрамын қарастыру барысында санды қүрап түрған барлық ондықтар санын анықтайды. Осы мақсатпен алдымен көрнекілікке сүйеніп орындалатын жаттығулар енгізіледі, мысалы «Лентаның үзындығы 290 см, оның бөліктерін көрсетіңдер, 1 сантиметрмен (10 см -ден, 100 см-ден) қосып шегеріп санаңдар; лентаның үзындығы 300 см, оның бөліктерін көрсетіңдер т.с.с» Егер лентаны 1 сантиметр арттырса (кемітсе), оның үзындығы қандай болады. «Мың лентасынан» 400 , 399 сандарын табыңдар. Бүл сандардың қайсысы үлкен? Қайсысы кіші? Қанша артық? Кем? Санағанда бүл сандар қандай ретпен келеді? Санағанда 799 санын тікелей кейін аталатын (санағанда 1000 санын тікелей алдында аталатын) қандай сан? Оқушылар бүл тапсырмаларды орындағанда өздерінің «Ондық» жэне «Жүздік» тақырыптарын оқып үйренгенде алған сандардың натурал қатары жөнінде білімдерін пайдалануы тиіс т.с.с, өздерінің жауаптарын бүрын игерген қорытындыларға сүйене отырып, негізделуі керек. Сонда оқушылардың 1-ден 100-ге дейінгі сандардың натурал тізбегі жөнінде дүрыс үғымы қалыптасады. Оқушыларды жазбаша нумерацияны оқып үйренуге дайындау үшін 1000 көлеміндегі сандардың ауызша  нумерациясына арналған сабақтарда екі таңбалы сандар нумерациясын қайталатқан жөн. Оқушылар мүғалімнің оқып беруі бойынша жазады, олар сандарды қандай цифрлармен жазғанын жэне осы сандардың жазылуында эр цифр нені белгілейтінін түсіндіреді (мысалы, 67, 76, 60, 30, 100) бірліктердің оңнан солға қарай санағанда бірінші орында, ал ондықтардың екінші орында жазылатыны , санның жазылуында нөл сол разрядтың бірліктерінің жоқтығын көрсететіндігі жөніндегі қорытынды қайталайды.  1000 көлеміндегі сандардың жазбаша нумерациясымен таныстырғанда, балалардың екі таңбалы сандарды жаза білетіндіктерін пайданаланып , жүздіктер, ягни 3- разряд бірліктері, оңнан солға қарай санағанда, үшінші орынға жазылатынын көрсету керек. Осы тақырып бойынша өтілген алгашқы сабақта оқушылар сандарды көрнекі қүралдардың көмегімен (шыбықтармен немесе квадраттармен) иллюстрациялап көрсетеді жэне оларды цифрлармен белгілейді, мысалы, 65, 165, 365, 305. Мүнда шыбықтардың, квадраттардың санын кестедегі сәйкес разрядтардың сэйкес атауларының: жүздіктер, ондықтар, бірліктердің астына жазған дұрыс. Бүдан кейін оқушылар тақтадағы разрядтар кестесіне жэне дэптерлеріне бірнеше сан жазады. (мысалы, 7 жүздіктен, 8 ондықтан жэне 0 бірліктен, 7 жүздіктен жэне 8 ондықтан жэне 5 бірліктен қүралған сан). Балалар жэй бірліктер 1- разряд бірліктері, ондықтар 2- разряд бірліктері екенін білетін болады. Мысалы 3-разрядтың 6 бірлігінен 1 разрядтың 5 бірлігінен қүралатын санды жаз, сондай - ақ оны есеп шотқа салады. «Үш таңбалы сан » термині енгізіледі. Бақылауларға сүйеніп , балалар оңнан солға қарай санағанда бірліктер 1 -орынға, ондықтар 2- орынға, жүздіктер 3- орынға жазылатынын,егер санда 1-немесе 2 разряд бірліктер болмаса, олардың орнына нөл жазылатыны жөнінде түжырым жасайды. Жазбаша нумерация бойынша алған білім мен біліктерді бекітуге мынадай тапсырмаларды орындау көмектеседі.

1) 657, 765, 576, сандарының жазылуында эр бір цифр нені белгілейді?

2)  473, 49, 504, 444 сандарының әрқайсысының жазылуында 4 цифры нені белгілейді?

3) 35, 33, 535, 555, 700, 1000 сандарының эрқайсысының жазылуында неше цифр бар жэне эр түрлі неше цифр  пайдаланған?

4) 2, 3, 4 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы эр түрлі алты сан жазыңдар;

 5) 7 жэне 8 цифрларын пайдаланып, мүмкіндігінше барлық бір таңбалы, екі таңбалы сандарды жазыңдар (жеке сандарды жазғанда, эр цифрды бірнеше рет пайдалануға болады). Жазылуында нөлдер бар сандарға ерекше назар аударған жөн. Көрнекіліктер арқылы оқушыларға үш таңбалы сандық жүздіктен, ондықтан, бірліктен жасалатынын көрсетуге болады. Ол үшін разрядтық кесте пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет