Жүздік
Ондық
Бірлік
Сонда бір шаршы қатырма қағазда 100 ілгек бар екенін анықтағаннан кейін, осындай 10 шаршы алып, сондай - ақ 10 жолақша, эрқайсысында 10 ілгектен жэне бөлек ілгектер арқылы үш таңбалы санның жасалу жэне оқытылумен таныстыруға болады. 3 жүзде, 4 ондықта, 2 бір - 342. Бүл санда 3 жүздік, 4 ондық, 2 бірлік бар. Барлығы 342 бірлік, 34 ондық, 3 жүздік бар. Бүл кезеңде оқушыларға барлық бірліктер , ондықтар санын анықтауды үйрету жөн. Мысалы 287 санында 2 жүздік, 8 ондық, 7 бірлік бар, барлығы 287 бірлік (2 жүздікте -200 бірлік, 8 ондықта - 80 бірлік жэне 7 бірлік барлығы 287 бірлік), 228 ондық (2 жүздікте, 20 ондық бар жэне 8 ондық барлығы 28 ондық) бар. Оқушыларға разрядтық бірліктердің жалпы санынтабудың тиімді әдісін көрсетуі қажет. Кез келген үш таңбалы (неше таңбалы болса да) санның өзі барлық бірліктердің санын көрсетеді, ал барлық ондықтар санын анықтау үшін бірліктерсіз (бірлікті саусақпен жауып), ал жүздіктер санын атау үшін бірлікпен ондықсыз, қалған санды атаса болғаны. Мысалы: 597- бүл барлық бірліктің саны, 59 ондық, 5 жүздік. 306 - барлық бірліктің саны, 30 ондық , 3 жүздік. 650 - барлық бірліктің саны, 65 ондық, 6 жүздік. 1000 көлеміндегі сандардың жазылуын үйрету үшін 100 көлеміндегі сандардың оқылуын, жазылуын қайталай отырып, оқушылардың үш таңбалы сандардың оқылуы жэне жазылуы туралы қорытындыны өздері түжырымдауына көмектесу керек. Мысалы:
1. Мына сандарды оқы: 87, 78, 50, 90, 100.
2. Олар қандай цифрлармен жазылған, эр цифр нені көрсетеді?
3. Сандардың жазылуындағы нөл нені көрсетеді? Балалар өздерінің жауаптарында: сандарды жоғарғы разряд
бірліктерінен бастап оқитынын (сексен жеті, жетпіс сегіз т.б.) оңнан солға қарай бірінші орында бірлік, екінші орында ондық, егер эрі қарата сан қатарын жалғастырсақ, үшінші орында жүздік жазылатынын, нөл сол разряд бірлігінің жоқтығын керсететіндігін қорытындылайды. Мүғалім осындай өткен материалды кайталай отырып, көрнекіліктер арқылы сандар қатарын эрі қарата жалғастырады. Мэселен, 8 ондық, 7 бірлікті көрсететін 1 шаршы 8 жолақша 7 ілгекті кестедегі жазулардың арасындағы қалталарға салып, эр қалтадағы заттың санына цифрларды сэйкестендіреді, санды оқытып жэне жазғызып үйретеді. Мысалы: 2 жүздік, 7 оңдық, 8 бірлік, 5 ондық; жүздікті көрсет, оқы, сэйкес цифрмен таңбала.
-Неше таңбалы сан шықты (үш, екі, үш таңбалы)?
-Ең үлкен разряд бірлігін ата (жүздік).
Санның ондық қүрамы жөнінен алған білімдерін пысықтау мақсатында атаулы сандарды түрлендіруге арналған жаттығулар үсынылады. Мысалы: 2 теңге 36 тиын небары неше тиын болатынын біліңдер (Зм 2дм, 2м 7см неше сантиметр болады?) Ірірек бірліктермен жазып көрсет (600 тиын, 380 см, 240 см), сандарды салыстырда, қатынас таңбаларының бірін жүлдызшаның орнына жаз (900см Юсм, 140 тиын 2 теңге). ¥зындық өлшеуіштермен өрнектелген атаулы сандарды түрлендіруге берілген жаттығулар алдымен "мың лентасын" пайдаланып орындалады. Мүнда оқушылар былай пайымдайды: метр - 1 жүз сантиметр, ал дециметр - 1 он сантиметр, демек, 3 м жэне 2 дм - 3 жүз жэне 2 он сантиметр немесе 320 см, 405 сантиметр 4 м 0 дм жэне 5 см немесе 4 м жэне 5 см (жазылуы) 405 см.=4 м 5м.
Разряд сандар жазылған карточкалардың көмегімен оқушылар 1 жэне 2 разряд бірліктерінің жоқ екендігін нөлдермен белгілеу қажетгілігіне де көздерін жеткізеді. Мысалы, 340 саны 300 бен 40 сандарынан 304 саны 300 бен 4 сандарынан қүрылады, сонда эр жолы қандай да бір карточкалар жетпейді, яғни қандай да бір разрядтық сан болмай қалады. 1-ден 1000-ға дейінгі сандардың натурал тізбегі туралы балалардың көрнекі түсінігі бір таңбалы, екі таңбалы саіндар тізбегін мүғалімнің көмегімен теріп жазғанда қалыптасады жэне санағанда алдымен бір таңбалы саңдар шығу үшін санаудың бірліктен (бірден) бастайды сонан соң екі тақбалы сандар тізбегінде бірінші сан, яғни ең кіші сан жэне ақырғы, ең үлкен сан бар. Оны көрнекі түрде былайша кескіндеуге болады: 1,2, 3,...7, 8, 9 10, 11, 12,... 97, 98,99 100,101,102,...997,998,999 Алған білім, біліктерін бекіту үшін эр түрлі жаттығулар орындалады.
1. Мына сандарды разрядтық таблицаға қойып оқы: 357. 503, 753, 800, 901,999. Әр цифр нені белгілейді?
2. 4,6,8 цифрларын пайдаланып бірнеше үш таңбалы сан жазуға болады ма?
3.0,5,9 цифрларын пайдаланып алдыңғы тапсырманы қайтала.
4. 5 теңге 78 тиында барлығы неше см бар? 7 м 2 дм-де неше дм, неше тиын бар?
846 см 8 м 46 см, 409 тиын 4 теңге 9 тиын.
5. Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың (бірлік, ондық, жүздік) қосындысына жікте:
546 = 500 + 40 + 6; 607 = 600 + 7 ;
6. Әрбір разряд бірліктсрінің ішінен ең кіші жэне ең үлкен сандарды ата, жаз;
Бірліктерді: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Ондықтарды: 10, 11, 12, 13,......95, 96, 97, ...99.
Жүздіктерді: 100, 101, 102,...... 997, 998, 999 .
Үш таңбалы сандардың ауызша жэне жазбаша нумерациясын қандай деңгейде игеретінін тексеру үшін үш таңбалы санға сипаттама беру керек болатын тапсырмалар үсынған жөн. Мысалы: 495 саны туралы не айтуға болады? 506, 780, 999, 1000 саңдары туралы ше?
1. Ол 4 жүздіктен, 9 ондықтан, 5 бірліктен түрады.
2. Бүл санда барлығы 495- тен кейін, ал 496-га дейін түрады.
3.495=400 + 90 + 5.
4. Сандар тізбегінде ол 494-тен кейін, ал 496-ға дейін тұра-ды.
5. Осы 4, 9, 5 цифырларын пайдаланып, 495, 459, 945, 954, 549, 594 сандарын жазуға болады. Олардың ең кішісі 459, ең үлкені 954.
Оқушыларға берілетін өзбетімен жүмыстың турлері:
1. Дайындық жүмысы 100 санының нумерациясын қайталауға арналған ауызша жаттығулар откізу.
100 — де неше ондық бар?
• Ондық бірліктен неше есе көп?
• Оңдық жүздіктен қанша кем?
• 5 ондық пен 7 бірліктен қүралатын қандай сан?
• П-разрядтың 6 бірлігімен 1-разрядтың 3 бірлігінен қүра-латын қандай сан?
• 49, 94 сандарында эрбір разрядтың неше бірлігі бар?
• 10 /20 т.б./ саннан бастап бір-бірден /5-5-тен, 10-10-нан/ қосып санаңдар
• 34,35,36... атаңдар;
• 99 санының көршілес санын атандар. Бүл сандар қалай жасалады?
Достарыңызбен бөлісу: |