Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы



бет19/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
8-сынып

З цифры оң жақка ығысыңқыраған жоғары жэне төменгі жарты сопақшадан түрады. Жоғары жарты сопақша томедегіден сэл кіші болуы тиіс. Цифрды жазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды, жоғары жарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді жэне қаламды қағаздан ажыратпай төменгі сопақшаны жазады.

4 цифры үш элементтен — таяқшалардан тұрады. Алғашқы екі элемснті үзіліссіз жазылады. Бірінші таяқшаны тордың жоғарғы қабырғасының ортасынан бастап қаламды қағаздан ажыратпай, көлденең таяқшаны оңға қарап жургізеді жэне тордың оң жақ қабырғасына сәл жеткізбейді. Қаламды қағаздан ажыратпай 4 цифрының үшінші элементін ұзын таяқшаны жазады жэне ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары басталып, оның теменгі кабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.

5 цифры үш элементтен түрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сэл оңырақ бастап, тордың ортасына дерлік көлбеу жүргізеді. Әрі карай (ажыратпай) оң жақ сопақшаны жазады, Ең сонында солдан оңға қарай цифрдың жоғары элементін жазады.

6 цифры сол жақтағы үлкен жэне оң жақтағы кіші жарты сопакшалардан түрады. Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бүрышынан сэл төменірек бастайды. Көлбей орналаскан жэнс тордың тәменгі кабырғасының ортасы арқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызыкты жоғары карай жүргізеді жэне тордың ортасынан сэл жоғары оңы сол жаққа карай иеді.

7 цифры үш элементтен түрады: толқынды сызықтан көлбеу жэне кіші түзу таяқшалардан. Толқынды сызықты тордың жоғарғы   кабырғасының   ортасынан   сәл   төменірек   бастап тордың оң жақ жоғары бұрышына дейін жургіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай тордың теменгі қабырғасынын ортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.

8 цифры жоғары жэне төменгі сопақшалардан түрады (жоғары сопақша төменгісінен сэл кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғары қабырғасының ортасынан сэл теменіректеу жэне оңырак. бастап, сызыкты оңға карай жэне жоғары жүргізеді де, тордың жоғары жэне оң жак қабырғаларын жанастыра иеді, сонан кейін сызықты (оңнан солға карай) жүргізгенде де иеді жэне тордың төменгі кабырғасының ортасына таман еолдан оңга карай жургізсді. Әрі қарай сызык иіліп, жогарыдагы бастапкы нүктеге дейін жеткізіледі.

9 цифры сол жақтағы кіші жарты сопакшадан жэне оң жақтағы үлкен жарты сопақшадан түрады. Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғары бүрышынан сэл төменірек бастайды да сызықты солға қарай жэне жоғары жүргізеді, тордың ортасына таман иеді содан кейін оңға қарай жэне жоғары жүргізеді де бастапқы нүктеге қарай жэне иеді. Қаламды ажыратпай, солнүктеден бастап, оң жақтағы үлкен сопақшаны тордың қабырғасының ортасын жинақтайтындай етіп жазады. Цифрмен таныстыру жүмысы нэтижелі болуы үшін мына үсыныстарды басшылыққа алған жөн:

2. Цифрдың жазылу үлгісімен оқушыларды таныстыру, сондай-ақ оның эрбір элементін саусақтың қимылымен керсету дүрыс;

З.Оқушы   сол   көрсетілген   қимылды   қайталап,   цифрды  мүғалімнің көрсеткен үлгісіне орай, ауада жазып көрсету тиіс;

4.  Мүғалім цифрды тақтаға жазып керсетеді, қол козғалысы арқылы цифрды жазуға дағдыландыру керек — алыстың қайдан басталатыны, кандай бағытта жалғасатыны, дэптерден' қаламның ажырауы немесе ажырамауы, эрбір элементтің контуры т.б.), ал оқушылар қолдарындағы кеспе цифрдың үлгісінде, оның жазылуын саусағымен көрсетіп беруі керек;

5.  Дәптерде берілген цифр үлгісін қаламмен бастырып, оны жазуға бейімдеу жөн;

б.Дәптерде   арнайы  көрсетілген  жолдаға  цифрды  жазу арқылы машықтану керек;

Дэптердегі арнайы тапсырмаларды (жекелеген цифрларды немесе мысалдарды) орындау.

10 көлеміндегі сандарды жазу, оқу, салыстыру туралы алған теориялык білімдерін тиянақтау үшін болашақ оқыту-шылармен озіндік жүмыс үйымдастыру үшін тапсырмалар беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет