90 - тарау. Электрмен жабдықтау және электр жабдығы
1459. Электр қабылдағыштардың санаты осы Талаптарға 13 - қосымшада көрсетілген нормалар бойынша анықталады.
1460. Электр қондырғыларына және біліктілік топтарына қызмет көрсететін персоналға қойылатын талаптар электр қауіпсіздігі ережелерімен және технологиялық регламентпен белгіленеді.
1461. Электр техникалық жабдығын және қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету техника қауіпсіздігі және тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1462. Зақымдалған жарылыстан қорғалған электр жабдығын сәйкес деңгейдегі жарылыстан қорғауы бар электр жабдығымен алмастырады.
1463. Трансформаторлы шағын станциялардың (пунктердің) кіре берісінде, электр беру, жер асты электр сымының желілерінің жолы бойынша тіреулерде және өзге электрге қауіпті объектілерде электр қондырғыларының қоршауларында көрінетін жерге қауіпсіздік белгілері және жазбалар орнатылады.
1464. Электр сынамаларын, жарылуға қауіпті аймақта орнатылған электр жабдығының көрсеткіштерін өлшеуді жүргізу жарылыстан қорғауды бұзбастан жарылысқа қауіпсіз аймақтан жүргізіледі.
1465. Жарылысқа қауіпті аймақтарда істен шыққан ауыстырмалы электр құралын және жарылыстан қорғау санатына сәйкес келмейтін, ауыстырмалы шамдарды қолдануға жол берілмейді.
1466. Электр техникалық персоналмен әрекеттегі электр қондырғыларында және электр желілерінде операцияларды орындау, ал басқа жұмысшылармен – электр әкелгішін және электр аппараттарын басқару бойынша әрекеттерді орындау, қозғалмалы электр шамдарын, электр құралын қолдану қорғаныс құралдарын қолданумен жүргізіледі.
1467. Электр қозғалтқыштарын және өзге электр аппаратурасының іске қосу құрылғысы алдында, ылғалдылығы жоғары бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда диэлектрлі оқшаулайтын төсемдер және резеңке кілемшелер орнатылады.
1468. Қолдану алдында қорғаныс құралдары сынау мерзімі, кернеуінің сәйкестігіне, зақымданулардың жоқ екендігіне тексеріледі.
1469. Электр қондырғыларының есіктері жабық күйде болады.
1470. Электр қондырғылары және жабдық диспетчерлік пен жұмыс орнында болатын технологиялық және электр сызбасына сәйкес нөмірленеді және белгіленеді.
1471. Жермен жанастыратын құрылғының техникалық жағдайын анықтау үшін өлшеу хаттамасын және тексеру актісін жасаумен келесілер жүргізіледі:
1) жермен жанастыратын құрылғының көрінетін бөлігін сыртынан қарау;
2) жермен жанастырғыш пен жермен жанастырылатын элемент арасындағы құрамаларды тексеру, үзілулерді және аппаратты жермен жанастыратын құрылғымен қосатын өткізгіште байланыстардың бұзылуын анықтау, қорғаныс құрылғыларының жағдайын тексеру;
3) жермен жанастыратын құрылғының кедергісін өлшеу;
4) «фаза-нөл» электр шынжырын тексеру;
5) жерде болатын, жермен жанастыру құрылғыларының элементтерін қарау үшін топырақты таңдап аршу;
6) тексеру және сынау нәтижелерінің хаттамаларын және актілерін рәсімдеу.
1472. МГК өңдеудің жарылу өртенуге қауіпті объектілері жұмыс және қозғалмалы жарықтандырумен және жарылыстан қорғалып жасалған және механикалық зақымданулардан қорғаныс торымен жабдықталған, кернеуі 12 В көп емес қозғалмалы шамдармен қамтамасыз етіледі.
1473. Технологиялық үрдісті, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғанысты автоматты бақылау және басқару жүйелерінің электр анықтағыштары жарылыстан қорғалып жасалады және діріл, газ гидранттарын, парафин, тұз және өзге заттардың қалдықтарын қалыптастыру жағдайларында қолдануға есептеледі немесе технологиялық ортамен тікелей байланысты болдырмайтын жағдайларда орналастырылады.
1474. Аумақтың, алаңдардың, жолдардың жарықтандырылуы осы Талаптарға 14 - қосымшада белгіленген нормалардан төмен емес қамтамасыз етіледі. Жарықтандырылу ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, алайда жылына бір реттен кем емес тексеріледі.
91 - тарау. Сумен жабдықтау жүйелері
1475. МГК өңдеу объектілерінің кешені үшін келесілер қарастырылады: сумен жабдықтаудың өндірістік, өртке қарсы және шаруашылық-ауыз су жүйелері.
1476. Судың мөлшері мен сапасына қойылатын талаптар пайдалану мақсаты мен жағдайларына, технологиялық үрдістің көрсеткіштеріне және жабдыққа коррозиялық әсер етуге байланысты орнатылады.
1477. Сумен жабдықтау жүйесінің құрылыстары резервті қажеттілікті есепке ала отырып қарастырылады.
1478. Судың шығысын өлшеу әрбір су жинағышта, су тасығышта және кері сумен жабдықтау жүйесінде жүргізіледі.
1479. Судың құрамы мен сапасы журналға тіркеле отырып, тазалық-гигиеналық нормалар бойынша бақыланады.
Суды сақтау және ағызу үшін зиянды заттармен ластану қауіптілігін және биологиялық әсер етуді болдырмайтын жабдық қолданылады. Ауыз суға арналған ыдыстар жабылады және күзетіледі.
1480. Объект басшысы жұмысшыларды тазалық нормаларына сәйкес келетін ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылайды.
Объектіде ауыз суды сақтау үшін жобамен тазалық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін құрылғылар қарастырылады. Ыдыстар мен бактар бекіту құрылғыларымен қақпақтармен жабылады, суды алу үшін крандармен, сорғылармен жабдықталады. Қорғау үшін сыртқы пана орнатылады.
Ауыз суды автокөлікпен жеткізу кезінде жеке цистерналар пайдаланылады. Цистерналарды белгіленуінен тыс пайдалануға жол берілмейді.
Даладағы жағдайларда жұмысшыларды ішетін сумен жеке қамтамасыз ету үшін термостарды, бөшкелерді, бөтелкеленген қорапты пайдаланды.
Ауыз сумен қамтамасыз етуге қызмет көрсететін жұмысшылар медициналық қараудан өтеді және сәйкес медициналық қорытындыны, тазалық куәлігін көрсетеді.
1481. Ыдыстар, сорғы қондырғылары, құбырлар және арматура төменгі температура кезінде қату қауіптілігін болдырмау үшін жылумен оқшаулаумен және жылу серігімен қамтамасыз етіледі.
92 - тарау. Канализация жүйелері
1482. Өндірістік бөлмелер және объектілердің аумағы жабық тұрмыстық және өнеркәсіптік канализациялық жүйемен қамтамасыз етіледі.
Мұнайы бар ағынды сулардың канализациялық торларында тұтанудың алдын алу үшін құдықтарда гидравликалық ысырмалар және биіктігі 0,25 м кем емес су қабаты қарастырылады.
Құдықтар жобаға сәйкес орналасады, жабық күйде болады.
Резервуар парктерінің қопарылу шегінде, ғимараттар мен құрылыстар астында канализациялық құбыр жолдарын төсеуге, тұрмыстық канализацияны өнеркәсіптікке қосуға жол берілмейді.
Ағынды сулар жинау жүйесіне және суды тазалау қондырғыларына жіберіледі.
Суды күкіртсутегіден және зиянды заттардан тазалау химиялық немесе сорбциялық әдіспен жүргізіледі.
Тазалау құрылыстары істен шыққан жағдайда канализациялық жүйені қолдануға жол берілмейді.
Канализацияға мұнай және мұнай өнімдері, рұқсат етілген концентрациядан асатын зиянды және қауіпті заттар үшін жабдықтарды, аппараттарды, резервуарлардың ыдыстарын тазалау және булау өнімдерін канализацияға жіберуге жол берілмейді. Жинау үшін ыдыс және қалпына келтіру қарастырылады.
1483. Тазалау құрылғыларымен орталықтандырылған канализация жүйелері мұнайды, газды және конденсатты дайындау, өнімді түсіруге арналған терминалдарды (эстакадаларды) қоса алғанда, сақтау және тасымалдау кезінде объектілерде жоба бойынша қарастырылады.
Ұңғымалардың, айналдыру және өлшеу қондырғыларының және өзге ұқсас жеке тұрған объектілердің алаңдарында ағынды суларды жинау және әкету тазалау құрылғыларына шақырумен канализациялық ыдысқа жүргізіледі.
Жеке жабдықты жөндеу кезінде ағындарды жинау жеке түбілерге және ыдыстарға жүргізіледі.
1484. Тұрмыстық канализация тұрмыстық және тазалық-гигиеналық бөлмелердің болуымен персонал үнемі болатын объектілерде қарастырылады.
Тұрмыстық канализацияны өнеркәсіптік канализацияға қосуға жол берілмейді.
1485. Тазартылған қабатты, өндірістік және жауын ағындары мұнай қабаттарын суландыру үшін қолданылады. Суландыру мүмкін болмаған жағдайда жобаға сәйкес оларды сіңіретін деңгейжиектерге толтырады немесе гидротехникалық құрылыстарға ұшыруға әкетеді.
1486. Қабатты сулардың канализация жүйелерінің құрылыстары (тазалау құрылғылары, сорғы станциялары және бұталы сорғы станцияларына дейінгі су әкелгіштер) қабатты сулардың есептік көлемінен 15 % дейінгі мөлшерде өнімділік қорына ие.
Ағынды сулардың көлемін өлшеу және құрамын талдау келесіде жүргізіледі:
1) тазалау құрылғыларында тазартылған ағынды суларды ұшыратын су қоймаларына әкету алдында;
2) тазартылған қабатты және ағынды суларды әкету орындарына, мұнай қабаттарын суландыру жүйелеріне беретін, сорғы станцияларында;
3) суландыру жүйесінің бұталы сорғы станцияларында.
1487. Ағынды суларды қабылдау үшін объектілердің алаңынан өндірістік алаңдардан 10 м кем емес қашықтықта орналасатын, гидроқапсырмалары бар қабылдау ыдыстары (құдықтар) қарастырылады.
Алаңдарда орналасқан жаңбырды қабылдағыштардан жинау құдықтарына дейін диаметрі 200 мм кем емес құбырлар қарастырылады.
1488. Мұнайы бар ағынды сулардың канализациялық желісі үшін жанбайтын материалдар қолданылады.
1489. Өздігінен ағатын канализациялық желілерде мұнайы бар ағынды сулар үшін биіктігі 0,25 м кем емес гидравликалық қапсырмалар қарастырылады:
1) канализация желілерінде (әрбір 400 м кем емес);
2) ғимараттар мен құрылыстардан шығатын жерлерде, тазалау құрылғыларында 10 м кем емес қашықтықта;
3) резервуар аумағынан шығаратын жерде немесе қоршаудан (үйіндіден) тыс резервуарлар тобы.
1490. Қабатты және ағынды суларды суландыру жүйесінің бұталы сорғы станцияларына тасымалдайтын арынды құбырлар негізінен екі желіде қарастырылады (бір желіге төсеуге тек сәйкес негіздеме болғанда ғана жол беріледі).
1491. Қабатты және ағынды сулардың арынды құбырларында кескінің өзгеруінің жоғарғы нүктелерінде ауаны әкету үшін вентильдерді орнату қарастырылады.
1492. Қабатты және ағынды суларды тасымалдайтын арынды құбырлардағы жөндеу учаскелерінің ұзындығы 5 км көп емес орнатылады.
Суды апаттық учаскеден жердің бетіне шығаруға жол берілмейді. Жөндеу учаскесін босату суды қозғалмалы құралдармен апаттық учаскеден құбырдың әрекеттегі екінші желісіне ағызу жолымен жүзеге асырылады.
1493. Қабатты және ағынды сулардың сорғы станциялары үшін резервті сорғыларды қарастырады: біреуі екі жұмыс сорғысына, екеуі үш және одан да көп сорғыға.
1494. Қабатты суларды тазалау кезінде артық қысымы бар аппараттарда бөлмелерде және сорғы станцияларының аумағында көмірсутекті және күкіртсутекті газдардың бөлінуін болдырмайтын, газсыздандыру қарастырылады.
Бөлінген газды әкету газды әкету желісіне жүргізіледі.
1495. Суланған мұнай кейіннен мұнайды дайындаудың технологиялық үрдісіне қайта келумен бөлу резервуарларына құйылады.
1496. Тазалау құрылғыларында бөлінген қоспалар мен заттар қожды жинағышқа немесе гидроциклонға жіберіледі, ал су тазалау құрылғыларына қайтарылады.
1497. Қожды жинағышта жобаға сәйкес зиянды заттарды бейтараптандыру және қалпына келтіру, қалдықтарды жою немесе жабық күйе сақтау үшін оларды полигонға шығару жүргізіледі.
1498. Канализация, қабатты және белсенді ағынды сулардың жүйелерінің жабдығы мен құбырларының коррозиясының алдын алу үшін коррозияға қарсы материалдар, құбырлардың ішкі беткейін қорғайтын жабынды, коррозия ингибиторлары, өзге қорғаныс әдістері қолданылады.
Ингибиторларды енгізу блокты қондырғыны пайдаланумен жүргізіледі.
1499. Жарылыс өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін істен шыққан немесе жобаға сәйкес келмейтін гидравликалық қапсырмаларымен канализацияны қолдануға, ШРК, ШРЗК асуына жол берілмейді.
1500. Канализациялық құдықтарды, арналарды және құбырларды қарау және тазалау канализациялық объектілеріне қызмет көрсету бойынша технологиялық регламентке сәйкес кесте бойынша жүргізіледі.
1501. Өнеркәсіптік канализация құдықтары болат немесе темір бетонды жүзікте берік қақпақтармен жабылады және 10 см кем емес құм қабатымен жабылады.
Құдықтарда жұмыстар жүргізу кезінде оларды қоршайды және ескерту жазбалары мен қауіпсіздік белгілерін орнатады.
1502. Ағынды суларды ұшыру су қоймаларына әкету жағдайлары жобамен анықталады.
Ағынды сулардың құрамын, зиянды заттардың, мұнай өнімдерінің шоғырлануын және тазалау құрылғыларының тиімділігін бақылау үшін ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, сынама алу және зертханалық талдау жүргізіледі.
1503. Канализацияны тазалау кезінде мұнай және мұнай өнімдері бар ағынды суларды әкету тұрған ыдысқа немесе резервуарға жүргізіледі.
1504. Резервуарлар және тұрған ыдыстар жобаға сәйкес үйіндімен немесе қоршаумен қамтамасыз етіледі. Ыдыстар жанбайтын материалдардан тез шешілетін жабындылармен жабдықталады.
1505. Ағынды сулардың резервуарлары және ыдыстары электр қауіпсіздігі мен жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жұмыс және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
1506. Канализацияға әкету кезіндегі ағынды сулардың температурасы 40 °С көп емес. Судың тұрақты шығысы бар коллекторларға одан да жоғары температурамен судың шектелген көлемін жалпы ағынның температурасы белгіленген нормадан аспайтындай есеппен әкетуге жол беріледі.
1507. Жанатын және зиянды заттарды және жарылыс өрт қауіпті өнімдерді жабдықтан, аппараттардан және резервуарлардан канализациялық жүйелерге әкетуге апаттық жағдайларда да жол берілмейді. Осы мақсаттар үшін апаттық және сорғыту ыдыстары қарастырылады.
1508. Канализациялық сорғы станциялары өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналастыруды және жабдықты қолдануды қоса алғанда жарылыстан қорғалып жасалған күйде қолданылады.
93 - тарау. Тазалық-тұрмыстық бөлмелер
1509. Ұңғымаларды салу объектілерінде келесілер орнатылады:
1) тұрғылықты және тазалық-тұрмыстық бөлмелер;
2) жуынатын қондырғылар;
3) киім ауыстыруға арналған бөлмелер;
4) арнайы киімді сақтауға арналған шкафтар;
5) арнайы киімді жууға және өңдеуге арналған механикаландырылған киім жуғыштар;
6) әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлмелер;
7) тамақтануға арналған бөлмелер;
8) жылынуға, демалуға арналған бөлмелер және шылым шегуге арналған орындар;
9) жабық тұрмыстық канализациялық жүйемен;
10) ауыз сумен жабдықтау жүйесі;
11) жуынатын қондырғылар бір тор ауысымына үш адам есебінен қарастырылады. Киім ауыстыруға арналған бөлмелер оқшауланған және жуынатынның әрбір торына үш орын есебінен орындықтармен жабдықталған. Киім ілгіштерде киімді сақтауға арналған орындардың саны екі неғұрлым көп ауысымдарда жұмыс істейтіндердің саны бойынша анықталады;
12) арнайы киімді жөндеу үшін жеке бөлмелер бөлінеді;
13) әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлмелердің саны неғұрлым көп ауысымдағы санын есепке ала отырып қарастырылады.
1510. Вахталық поселке кен орнын орналастыру жобасымен белгіленген қашықтықта ТҚА тыс орналасады.
1511. Тағам дайындау мен ішуге, вахтадан бос уақытта дем алуға арналған бөлмелер ұңғыма сағасынан 200 м кем емес қашықтықта орналасады.
1512. Шылым шегу үшін жабдықталған жарылыс өрт қауіпсіз орындар әкетіледі, оларды орналастыруды өрт қызметімен келіседі және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етеді.
94 - тарау. Жылыту жүйелері
1513. Ішкі температураны қалыпта ұстау қызмет көрсетуші персонал үнемі болатын (ауысымына 2 сағаттан көп) өндірістік бөлмелерде қарастырылады.
1514. Жылыту кезеңі уақытында жабдығы бар бөлмелер үшін ішкі температураның мәні қызмет көрсетуші персоналдың болу уақытына байланысты қабылданады:
1) 10 °C жоғары – персонал ауысымына 2 сағатқа дейін жұмыс істегенде;
2) 5 °С жоғары – персонал ауысымына 0,5 сағаттан кем жұмыс істегенде және кезекші оператор үшін.
1515. Технологиялық мақсаттар үшін (жабдықтар мен құралдарды жұмыс жағдайында ұстау) қызмет көрстеуші персоналдың тұрақты қатысуынсыз автоматты режимде жұмыс істейтін жылу көздерінен әкетілген және жеке алаңдарда орналасқан өндірістік және қосымша құрылыстарда электр жылыту құрылғылары қарастырылады.
1516. Қондырғылардың өндірістік бөлмелері жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жылыту құрылғыларымен және қыздыру құралдарымен жабдықталады.
1517. Технологиялық жылу бөлінулермен өндірістік бөлмелер жабдықты жөндеуге тоқтату кезінде осы бөлмелердегі температураны 5 °С төмен емес қалыпта ұстау үшін кезекші жылыту құрылғыларымен жабдықталады.
1518. Жарылыс өрт қауіпті бөлмелердің еденінен өтетін жылыту құбырларының тартпаларды қақпақтармен жабылады немесе құммен төгіледі, ал ішкі және сыртқы қабырғалар арқылы өтетін жерлер нығыздалады және оқшауланады.
95 - тарау. Желдету жүйелері
1519. Өндірістік бөлмелерде табиғи, механикалық және аралас желдету қарастырылады.
1520. Өндірістік бөлмелердегі ауа алмасу ағынды ауадағы зиянды заттардың құрамы 0,3 ШРК дейінгі есеппен жүргізіледі.
Өндірістік бөлмедегі ауа алмасу көрсеткіштері осы Талаптарға 15 - қосымшада көрсетілген.
1521. Өндірістік персонал үнемі болмайтын 500 м3 дейінгі көлемдегі өндірістік бөлмелер үшін (мұнай мен мұнай өнімдерін ағызу бойынша сорғыларды және газ компрессорларын қоса алғанда) бір реттік ауа алмасуға есептелген, жоғарғы аймақтан табиғи соратын желдеткіш және төменгі аймақтан алуға есептелген, бөлменің жалпы ауданы бойынша 8-еселік ауа алмасудың кезеңдік әрекет ететін соратын механикалық желдеткіш қарастырылады:
1) барлық жарылуға қауіпті бөлмелерде тұрақты желдету қамтамасыз етіледі;
2) желдету тиімділігі журналда тіркеле отырып, техникалық басшымен бекітілген кесте бойынша тексеріледі;
3) АЖЖ қарастырылған, апаттық және қауіпті жағдайларды есепке алмағанда, бақылау тұлғасының нұсқауынсыз желдету ысырмаларын, шиберді, ағынды және соратын тесіктерді жабуға, қабыршағын шешуге, желдеткіштерді тоқтатуға және қосуға және желдету қондырғысымен өзге жұмыстар жүргізуге жол берілмейді;
4) ШРК, ШРЗК жоғары улы және қауіпті заттардың бөліну қауіптілігі бар өндірістік бөлмелерде құрылғы-белгі бергіштерден желдетуді автоматты іске қосу, өндірістік бөлмеге кіре берістің сыртқы жағында орналасқан құрылғыдан желдеткішті қашықтықтан қосу қарастырылады;
5) ауа өткізгіштер мен ауа жинау құрылғыларының өзара орналасуы өңделген ауаны соруды болдырмайды. Ол кезде желдің үстем бағыты, қондырғылар, ғимараттар арасындағы қашықтық, өзге өндірістік және ауа райы жағдайлары ескеріледі;
6) соруды өтейтін, ағынды желдеткіштің ауасы жұмыс аймағына келіп түседі. Жылдың суық кезеңінде ағынды ауа жұмыс аймағына келіп түсер алдында жылытылады;
7) газдардың бөлінуі мүмкін орындарда зиянды заттары бар ауаны сору үшін құрылғылар орнатылады;
8) автоматты іске қосумен жабдықталған желдеткіштер ескерту жазбаларымен қамтамасыз етіледі;
9) жарылыс өрт қауіпті және жарылыс қауіпті емес бөлмелерге қызмет көрсетуге арналған желдеткіш қондырғылары олар бір камерада орналасқан жағдайда жарылыстан қорғалып орындалған электр жабдығымен жабдықталады;
10) желдету камераларында жұмыс және резервті желдеткіштер болған жағдайда өшіретін қақпақтарды орналастыру қарастырылады;
11) желдету камераларының бөлмелерін олардың белгіленуімен байланысты емес өзге мақсаттарға қолдануға жол берілмейді.
Тұрмыстық бөлмелердегі ауаның алмасу кезеңдігі және ішкі есептік температуралар жобалық құжаттамада көрсетіледі және техникалық басшымен бекітілген кестеге сәйкес бақыланады.
1522. Газдар мен зиянды заттардың бөлінуі мүмкін бөлмелер мен оқшауланған кеңістіктерде тазалық нормаларына сәйкес желдету және газдалуды бақылау қамтамасыз етіледі. Тұтанудың төменгі шегінің 20 % кезінде ескерту белгісі іске қосылады, 50 % шегі кезінде жабдықты, механизмдерді өшіру, газдалуды жойғанға дейін персоналды эвакуациялау жүргізіледі.
1523. Жарылыс өрт қауіпті өндірістік алаңдарда орналасқан ғимараттарда, бөлмелерде және құрылыстарда механикалық желдету жүйесін іске қосу ШРК деңгейі немесе тұтанудың төменгі шоғырланған шегінен 20 % деңгей кезінде газ талдағыштардың құрылғыларынан автоматты жүргізіледі. Негізгі кірістің сыртқы жағынан қолмен қосу қарастырылады.
Бөлмеге кірер алдында желдеткішті қосу және сыртынан қараумен сыртқы желдету жабдығының дұрыстығын тексеру.
Бөлмеге кіру ДО ЖҚҚ қолдана отырып 20 мин желдетілгеннен және қозғалмалы газ талдағыштармен газдалуын тексергеннен кейін жүргізіледі. Жұмыстар ШРК және ШРЖК ауасы сәйкес болғанда бөлменің сыртында тұратын бақылаушының қатысуымен жүргізіледі.
1524. Өндірістік зертханалық бөлмелердегі ауаның алмасуы соратын шкафтардан және паналардан әкетілетін ауаның мөлшері бойынша жүргізіледі. Олар болмаған жағдайда бөлменің толық көлемі бойынша 8 ауа алмасу сағаты қамтамасыз етіледі.
Механикалық желдетуден басқа, өндірістік зертханаларда жұмыстан тыс уақытта сағатына 0,5 көлемде ауаны әкетуге есептелген, жоғары аймақтан табиғи желдету және терезелердің ашылатын бөлігі қарастырылады.
Зертхана бөлмесіне ағатын ауаны беру соратын жүйелермен әкетілетін ауаның көлемінің 90 % кем емес көлемде жүргізіледі. Ауаның қалған мөлшері коридорға беріледі.
1525. Апаттық желдеткіштің жүйелерінің өнімділігі келесімен қамтамасыз етіледі:
1) сорғы станцияларының бөлмелері және айналымда болатын немесе сақталатын сұйытылған газдармен өндірістік бөлмелер үшін бөлменің толық ішкі көлемі бойынша 8-еселік ауа алмасудан кем емес;
2) мұнай сору станциясын қоса алғанда, өзге өндірістік бөлмелер үшін апаттық желдеткіш жұмыс механикалық желдеткішпен бірге бөлмеде бөлменің толық ішкі көлемі бойынша 8 сағатты алмасудан кем емес қамтамасыз етеді.
1526. Бөлмеде бір негізгі желдету жүйесі болған кезде апаттық ауа алмасудың жеткілікті өнімділігі кезінде апаттық желдету жүйесі немесе негізгі жүйеде резервті агрегат қарастырылады.
1527. Бөлмеде негізгі желдеткіштің бірнеше жүйелері болған кезде, апаттық ауа алмасудың жеткілікті өнімділігі кезінде желдету агрегаттарын немесе жүйелерін резервке қою қарастырылмайды.
1528. Ауаның ұйымдастырылған ағынымен апаттық сору желдеткіші өтелмейді.
1529. Соратын желдеткіштің негізгі және апаттық жүйелерінің ауасын әкету жоғары жылдамдықтағы ағындармен аэродинамикалық көлеңкенің аймағынан жоғары, негізінен орталықтан жүретін желдеткіштермен жүзеге асырылады. Жеңіл газдар және бөлменің жоғарғы аймағынан ауаны жинау кезінде төбеден 1 м жоғары аэродинамикалық көлеңке аймағына ауаны тастаумен білікті желдеткіштерді қолдануға жол беріледі.
1530. Соратын желдетулердің желдеткіштері ғимараттың сыртында іргетастарда немесе алаңдарда орнатылады.
Ең суық бес күндіктің минус 40 °С және одан да төмен орта температурасымен аудандарда соратын жүйелердің желдеткіштері қызмет көрсетілетін бөлмелерді (соның ішінде мұнайды соратын және газ компрессорлық) және желдету камераларының бөлмелерінде орнатылады.
1531. Ауа өткізгіштердің және ауа жинау құрылғыларының өзара орналасуы желдету жүйесіне өңделген және газдалған ауаның түсу қауіптілігін жоққа шығарумен жүргізіледі. Ол кезде желдің үстем бағыты, қондырғылар арасындағы қашықтық, өзге өндірістік және климаттық жағдайлар ескеріледі.
1532. Соруды өтейтін, ағынды желдеткіштің ауасы жұмыс аймағына келіп түседі. Жылдың суық кезеңінде ағынды ауа жұмыс аумағына түсер алдында жылытылады.
1533. Газдардың бөлінуі мүмкін орындарда зиянды заттары бар ауаны сору үшін құрылғылар орнатылады.
Автоматты іске қосумен жабдықталған желдеткіштер ескерту жазбаларымен қамтамасыз етіледі.
1534. Желдету қондырғыларына дайындаушымен немесе ұйыммен белгіленген нысан бойынша төлқұжаттар және жөндеу мен пайдалану бойынша журналдар рәсімделеді.
1535. Жабдықты, өндірістік бөлмелерді жөндеу және қызмет көрсету кестесінде желдету қондырғыларының дұрыстығын тексеру және қызмет көрсету бойынша сәйкес жұмыстар қарастырылады. Желдету қондырғылары сәйкес болмаған немесе істен шыққан кезде объектіні қабылдауға жол берілмейді.
Желдету қондырғылары кестеге сәйкес жылына екі реттен кем емес тексеріледі және сыналады (жазда және қыста). Қарау мен сынау нәтижелері төлқұжатта тіркеледі.
Желдетудің тазалық-гигиеналық тиімділігі жылына бір реттен кем емес тексеріледі.
1536. Электр шағын станцияларының, тарату құрылғыларының бөлмелерінде және жарылуға қауіпті бөлмелермен аралас пунктерінде тұрақты ауаны әкелуді құратын желдеткіш қарастырылады.
1537. Жарылыс өрт қауіпті және жарылыс қауіпті емес бөлмелерге қызмет көрсетуге арналған желдету қондырғылары олар бір камерада орналасқан жағдайда жарылыстан қорғалып орындалған электр жабдығымен жабдықталады.
1538. Желдету камераларында жұмыс және резервті желдеткіш болған кезінде өшіру қақпақтарын орнату қарастырылады.
1539. Желдету камераларының бөлмелерін олардың белгіленуімен байланысты есем мақсаттарға қолдануға жол берілмейді.
Желдету қондырғыларына қызмет көрсетпейтін жұмысшыларға желдету камераларына және калориферлі бөлмелерге кіруге жол берілмейді.
1540. Әуе жылыту ағынды желдеткішпен бірге орналасқан кезде ауаны қайта айналдыруға жол берілмейді.
1541. Желдету қондырғылары технологиялық регламентке және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес пайдаланылады және қызмет көрсетіледі.
Желдеткіштер, желдету қондырғысының корпусы және ауа өткізгіштер қосу алдында дұрыстығына, қымталуына және қауіпсіз пайдалану жағдайларына, әуе ортасының жағдайына сәйкестікке тексеріледі.
1542. Желдету қондырғыларының жұмысын өндірістік бақылау журналда тіркей отырып, пайдалану бойынша құралға сәйкес жүргізіледі. Істен шығушылық анықталған және жойылған жағдайда АЖЖ бойынша әрекеттер орындалады.
1543. АЖЖ қарастырылған, апаттық және қауіпті жағдайларды есепке алмағанда, бақылау тұлғасының нұсқауынсыз желдету ысырмаларын, шиберді, ағынды және соратын тесіктерді жабуға, қабыршағын шешуге, желдеткіштерді тоқтатуға және қосуға және желдету қондырғысымен өзге жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
1544. Өндірістік және қосымша ғимараттар үшін ауаны салқындату әкімшілік және жедел басқару бөлмелері, электр техникалық жабдық, БӨҚжА бөлмелері үшін дайындаушының техникалық құжаттамасында көрсетілген, пайдаланудың және қызмет көрсетудің техникалық шарттары бойынша қарастырылады.
1545. Қолайсыз ауа райы жағдайларымен аудандарда, жұмыс аймағының ауасының көрсеткіштері желдету жүйелерімен қамтамасыз етіле алмайтын кезде, қызмет көрсетуші персонал үнемі болатын бөлмелер үшін ауаны салқындату қондырғылары қарастырылады.
1546. Ауаны кондициялау үшін жабдықты таңдау бөлмелердің әуе ортасына қойылатын талаптарға байланысты жүргізіледі. Ылғалды реттеу қажет етпейтін бөлмелер үшін автономды ауа үрлегіштерді қолданады. Үлкен көлемдегі бөлмелер үшін шағын климат жүйелері және қондырғылары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |