Модуль 04: «Іргелі білім»


Глоссарий - белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері. Семестрлік (бақылау) жұмыстары



бет98/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Глоссарий - белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері.
Семестрлік (бақылау) жұмыстары пәннің үлкен тараулары мен тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстардың материалдарын қайта өңдеу, оқу мақсатында жүргізіледі.
Топтық презентация - 3-5 адамнан тұратын білім алушылардың белгілі тақырып бойынша топтық өзіндік зерттеулері мен есептеулері. Әрбір топ өз жобасын даярлап презентация өткізеді.
Жеке презентацияныөз еріктерімен, жақсы даярланған білім алушылар орындайды. Жеке презентация - өзектілігі, жаңалығы, зерттеу сипаты бойынша ерекшеленетін, білім алушының ғылыми конференцияда баяндала алатын жұмысы.
Қолданылған әдебиет тізімі

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы: «Жедел басу баспаханасы», 2009. – 328 б.

  2. Педагогические мастерские. Франция - Россия./ Под ред. Э. С. Соколовой. – М: Новая школа, 1997. - 128 С.

  3. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.

  4. Стилл Дж., Мередит К, Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы




  1. ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ







  1. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАСЫ

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйре­неді және меңгереді. Қазіргі таңдағы ғылыми ақпарат ағымының жылдам артуы жас маманның алдына өз білімін үнемі толықтырып отыру қажеттілігін қояды.
Яғни студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:
- студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге асырады.
- өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.
- оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
- танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.
Өзіндік жұмыстың мазмұны академиялық кезеңдегі өзіндік жұмыстың көлемін, тапсырмалардың саны мен сипатын, олардың еңбек сыйымдылығы мен орындалу мерзімдерін, ағымдағы және аралық бақылау түрлерін көрсету арқылы оқу-әдістемелік кешенде, силлабуста анықталады.
БӨЖ тапсырмаларын рәсімдеу талаптары:

  • пәнді оқудың толық кезеңіне арналған БӨЖ кестесі;

  • пәннің негізгі бөлімдеріне сәйкес тапсырмалар жүйесі;

  • рефераттар, баяндамалар, эссе, есептер және т.б. тақырыптары;

  • БӨЖ тапсырмаларының мазмұнына, көлеміне және рәсімделуіне қойылатын талаптар;

  • негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;

  • кеңестік жәрдем түрлері;

  • бағалау критерийлері;

  • жұмыстың тапсырылу мерзімі.

Өзіндік жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар:

  • тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студент жеке өз бетімен орындау керек;

  • белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекте мәселелер талқыланып шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;

  • қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзыреттілігін көрсете білу

керек;

  • оқу, ғылыми және/немесе практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;

  • белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер де ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.

Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап бағалау кезінде қойылатын шарттарды міндетті түрде көрсету керек, яғни:

  • қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;

  • әдеби дерек көздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады;

  • жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;

  • материалды нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады;

  • жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі бағаланады;

  • пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті бағаланады;

  • тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;

  • қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;

-қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;

  • өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады; және т.б.

Пәнді оқытудағы бір семестрдегі БӨЖ тапсырмалар кестеге сай және мумкін болғанша білім алушының туындаған сұрақтарына сай тақырыптарда өткізіледі.
Әр БӨЖ тапсырмасы силлабустағы оқытушының белгілеген балы бойынша бағаланады.
білім алушының өзіндік жұмысын келесідеей болады:
- дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындық, рефераттар мен баяндамалар жазуы, презентация дайындау, есеп шығару, басқа да үй тапсырмаларын орындау;
үй жұмысына дайындалумен қатар, сабақ кезіндегі жұмыс – тренинг, диспут, іскерлік ойындар, презентациялар, логикалық есептер, кейстер және т.б..
БӨЖ-дің орындалуы мен ұйымдастырылуын бақылау БАОӨЖ кестесіне сайс жүзеге асырылады.
БӨЖ-ді орындау мен ұйымдастырудың барлық түрі кеңес беру, аралық бақылау есептері, оқытушының БӨЖ тапсырмаларын қабылдау және т.б.
ОБӨЖ барысында үй жұмысын, курстық, семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептер мен басқа да тапсырмаларды орындау бойынша (он лайн/оф лайн) кеңес беріліп, ағымдағы және аралық бақылау жүргізіледі.
Егер БӨЖ тапсырмасының орындалуы қиындық тудырмаса, білім алушы кестеге сәйкес ОБӨЖ сабағына қатыспауына болады.
СӨЖ – оқытушының тапсырмасы бойынша аудиториядан тыс уақытта (аудиторияда) орындалатын студенттердің жоспарланған оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Өзіндік жұмыс оқу сабақтарының бір түрін құрайды. Сондықтан шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі ретінде өзіндік жұмыстың рөлі сапалық оқу үрдісін көтеру жолында өте жоғары болып табылады. 
СӨЖ мақсаты – болашақ мамандық бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеу тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту. 
СӨЖ міндеттері:
- студенттердің алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту; 
- теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;
- нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;
- студенттердің танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;
- ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру
- зерттеу дағдыларын дамыту;
- тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.
СӨЖ функциялары:
дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, студенттердің зияткерлік қабілеттерін байыту);
бағдарлаушы және ынталандырушы;
тәрбиелеу (маман мен азаматтың кәсіби қасиеттері қалыптасады және дамиды);
зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі).
СӨЖ негізінде келесі принциптер жатыр:
- шығармашылық қызметті дамыту;
- нысаналы жоспарлау;
- тұлғалық-іс-әрекеттік тәсіл.


СӨЖ-ден күтілетін нәтижелер: 

  • болашақ маманның білімін меңгеру, кәсіби біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру;

  • теориялық материалды практикалық жолмен бекіту;

  • өзін-өзі дамытуда тәрбиенің де қажеттілігі;

  • тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін барынша дамыту;

  • ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру және білім беру процесінің сапасын және қарқындылығын арттыру;

  • таңдаған мамандығына қызығушылықты қалыптастыру және оның ерекшеліктерін меңгеру;

  • өз ұстанымын, теориясын, моделін қалыптастыру үшін, кез-келген жағдайға анализ жасау және дұрыс шешім қабылдау үшін алған білімі мен тәжірибелік дағдыларды қолдану.

СӨЖ әр оқу пәні бойынша СӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырмалары оқу жоспары бойынша анықталады. 


Негізгі СӨЖ-дің формалары:
- дәріс материалдарын терең қарастыру;
- дәрістер мен әдебиеттерді конспектілеу;
- тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен электронды ақпарат көздерін іздеу (таңдау) және шолу;
- практикалық сабақтарда берілетін үй тапсырмасын орындау; 
- өз бетінше материалды зерттеу;
- практикалық сабақтарға дайындық;
- бақылау жұмысына дайындық;
- сынаққа, аттестацияға дайындық;
- тақырыпқа байланысты реферат (эссе) жазу.
Қосымша СӨЖ студенттің білімін тереңдету және бекітуге, оқу пәнінің мәселелері бойынша аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Оған жататындар:
- емтиханға дайындық;
- курстық жұмысты немесе жобаны орындау;
- зерттеу жұмысымен айналысу және ғылыми студенттік конференцияларға, семинарларға және олимпиадаларға қатысу;
- оқытушымен алдын ала анықталған тақырып бойынша ғылыми жарияланымды (мақала) талдау;
- берілген тақырып бойынша статистикалық және нақты материалдарды талдау, есептерді жүргізу, статистикалық материалдар негізінде схемалар мен модельдерді құру және т. б.
Жоғары оқу орнының оқу процесінле өзіндік жұмыстың екі түрі бар: аудиториялық және аудиториядан тыс.
Пән бойынша аудиториялық өзіндік жұмыс оқу сабақтарында оқытушының тікелей басшылығымен және оның тапсырмалары бойынша орындалады. Оқытушының қатысуымен қабылданатын СӨЖ-дің негізгі түрлері:
- кеңестер;
- коллоквиум – пәннің теориялық мазмұнын меңгеруді бақылау түрі ретінде;
- үй тапсырмаларын қабылдау және талдау (практикалық сабақтар сағаттарында);
- пән аясында курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау; 
- бітіру біліктілік жұмыстарын (диплом, диссертация) орындау және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет