Модульдік технология



бет3/9
Дата05.10.2022
өлшемі141.5 Kb.
#461978
1   2   3   4   5   6   7   8   9
модульді оқ

Сөйлесу бөлімінде: танымдық процесс сыныпты 2-6 дамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқышылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау ,жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды алыптастыру мақсатында кейінен –алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модульінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші-операционалдық-танымдық кезңнен іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенсек:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметін жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын , шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

  2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызет мақсаттары дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс. Бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ана, балалардың білім дәрежесінің артылуына қарай мүмкіндік болады.

  4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын аықтауға тікелей қатысуы керек , яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс.

  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына жіне мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс [3,4].

Оқу модулінің сөйлесу блімін даярлағанда мұғалім оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп, құрастылымдайды. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап ,бекуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша сыйымды түде тұтас тараудың мазмұны беріледі. Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады. [5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет