Модульдік технология


Блок - модульдік оқыту технологиясы



бет7/9
Дата05.10.2022
өлшемі141.5 Kb.
#461978
1   2   3   4   5   6   7   8   9
модульді оқ

Блок - модульдік оқыту технологиясы
Оқытудағы басты мұратымыз - жас жеткіншіктерді ғылыми білім негіздері жүйесімен қаруландыру ұрпақты патриотизмге, отаншылдыққа, елді, жерді сүюге, қорғауға тәрбиелеу, жас өспірімдерді одан әрі дамыта түсу, сонымен бірге мамандық беру. Шәкірттер қаланың әртүрлі мектептерінде гимназияларында, лицейлерінде, колледждерінде оқып тәрбиелетіндіктен белгілі мамандық иелерін даярлау барысында жалпы білім берудің қиындығы жеткілікті. Сондықтан орта кәсіптік білім беретін мекемелерде маман иелерін даярлау барысында бағдарламалы оқыту маңызды және қажет, мұндайда орта кәсіптік білім беру пәндерін оқыту бағдарламасына өзгертулер ендіру шарт. Бұл аталған күрделі мәселені шешудің бір жолы - блокты-модульдік әдіспен оқыту. Мұндай оқытудың мазмұны: оқытылатын – орта кәсіптік білім беретін пәндерді бағдарлама бойынша бөлімді тақырыпты сабақтастықты бұзбай, қажетті мөлшерге дейін «сығымдау» жеке блок-модульдер және блок суреттерді конструкциялау: конструкциялы блок модульдер мен блок суреттерді арнаулы дәстүрлі оқыту әдістерімен шәкірттерге жеткізу.
Блок-модульдік оқытудың әдістемесі оқу материалдары тақырыптары мен бөлімдері, тарауларға қатысты жүйелі «Кванттарға» бөлінген. Жүйелі кванттау және модульдеу ұстамына - әртүрлі белгілеулер: тілді шартты белгілі, графиктік, т.б. ұғындырулар арқылы оқытуды жақсарта түсу. Жүйелі кванттау ұстанымы оқу материалын «сығымдау» теориясының әдіснамалық іргетасын қалайды. Мысалы, қазақ тілі жалпы тіл жайлы мәліметтер, фонетика графика, орфоэпия, лексика, фразеология, сөз түзу, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация стилистика - әрқайсысы бір блок-модуль, ал физика бойынша механика, молекулалық физика, электродинамика, тербелістер мен толқындар, кванттық физиканы жеке блок модуль етуге болады. Технологиялық бағыттағы оқу ақпаратын «сығымдау» жұмысы пәнді модульдеу арқылы құрылымды блок - сызба нұсқа, тірек конспектілер, белгілеулер, графиктік түрде өрнектеулер көмегімен жасалады. Оқыту үдерісінде жүргізілген талдаулар блок-модульдік оқыту әдістемесінің артықшылықтарын және тиімділігін көрсетеді.
Біріншіден модульдік оқытуда оқу ақпараттарын берудің белгілі және сөздік нышандарына назар аударылады, блоктык-модульдік оқыту әдістемесінде суреттік және графиктік нышандары қоса беріледі. Сонымен блок-модульдік өрнектеу толығады және олардың студенттерге ықпалдары артады, бірінші кезекте естиді, екіншіден түсінік алады, бұдан соң сурет салады, жазылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады. Екіншіден, блок-модулін құрастыру, түзу толығымен және нақты сабақтаса оқу материалын жинақтайды, тұжырымдайды, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жеткізеді студенттердің ойлау қабілеттерін іске қосады және танымдық іс-әрекеттерін жаттықтырады. Үшіншіден блок-модульді сызу, кұрастыру, жасау белгілі психологиялық педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілерін сүйене келе есте сақтау, қабылдау, ойлау іс әреттерін дамытып оқу материалын жеңіл жеткізе байланыстыра түсінуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, назарымызды өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды. [14]
Блок-модуль құрамына мынадай негізгі элементтер енеді: 1) «кіріс» блогі; 2) қорытындылау блок; 3) теориялық блок; 4) біріктіру блогі; 5) «шығу» блогі. Оқыту барысында оқу материалдары қысқа уақытта қайталап, бірінші қорытынды жасап, аралық оқытуда - теориялық оқыту жүргізіп, шәкірттердің бәрін іске «қосып», бекітіп, үшінші - алған білімді біріктіру арқылы ұғуға, игеруге жеткізу блогымен тағы қорытындыланады.
Әрбір оқытушы студенттерінің оқу материалдарын терең ұғуларын, мазмұндарын түсініп қажетті білім алып тәрбиелі бола түсулерін, сонымен бірге іс-әрекеттерде пайдалана алуларына және шәкірттердің дамып, талдау жасай білуге жетулерін мақсат етеді. Блок - модуль әдісі оқытушылардың сол мақсатты жүзеге асыруына мүмкіндік жасайтын тиімді әдіс.
Бұл әдісті үйрене келе оның ерекшеліктерін ұға келе көрнектілігі мен нақтылығын көріп білу арқылы сабақтарда пайдаланулар оның маңыздылығын ең негізгісі шәкірттер шығармашылықпен білім алып тыңдау, жазу, сызу арқылы терең ұғу, түсіну, игеру, білу, дамуға жетеді. Оқыту нәтижесі сапалы болу еселі еңбек етуге қанағаттандыра түседі шығармашылық мақсат мұратқа бастайды.
Ірі блокпен оқыту әдісінің тиімділігі неде?

  1. Тақырыптық күрделі материалды бір 45 минутта беру арқылы студенттердің белгілі бір тарау материалын ойдағыдай меңгеруіне дайындық жасайды.

  2. Алғаш білімді берген соң негізгі білім дағдылары бекіту,
    меңгерту, қайталау мақсатында түрлі талдау жаттығу жұмыстарын,
    шығармашылық тіл ұстарту жұмыстарын тиянақты жүргізуге мүмкіндік береді.

  3. Студенттерді оқулықпен, топпен жұмыс жасату арқылы
    білімді өздігінен толықтырып алған білімдерін практикада қолдана
    білуге дағдыландырады.

Блокты - модульды оқыту барысында, студент бойында бұрыннан қалыптасқан еңбек іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде студенттер бойында шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады. Зерттеуіміз көрсеткендей-ақ, оқытушылардың көбісі блок-модульдік оқыту технологиясымен пайдаланып студенттердің білім көрсеткіштерін едәуір арттыруға жол ашты.
Зерттеу жұмысы бойынша колледж студенттеріне арналған бағдарлама жасалынып, бағдарламаға сай сабақтар жүргізілді сауалнама, тест тапсырмалары дайындалып, пікір-талас, сайыстар ұйымдастырылды. Осы ұйымдастырылған жұмыстар негізінде студенттердің білімдері бағалынып, нәтижесі шығарылды. [15]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет