Модульдік технология



бет4/9
Дата05.10.2022
өлшемі141.5 Kb.
#461978
1   2   3   4   5   6   7   8   9
модульді оқ

1.2 Студенттердің танымдық қабілетін арттырудағы - модульдік, блок-модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы – студент өзінше мақсатты жеке бағдарламамен (толық немесе бөлімдермен) оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді, қайта құрады.
Модульдік оқытудың «өзегі» - оқу модулі. Ол:

  • ақпараттардың аяқталған блогынан;

  • білім алушының іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан;

  • бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан тұрады.

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқытудың басқа оқыту жүйелерінен ерекшелігі мен айырмашылығы:
1. Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат студент үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар студент оқытушыдан жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.

  1. Оқытушының студенттермен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке
    қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асады.

  1. Студент көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастаруға, өзін бағалауға үйренеді. [6]

Модульдік технологияны оқытуда қолдану арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру


2.1 Модульдік оқытудағы мақсат
Студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.
Бастапқы ғылыми идеялары:
1. Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген; Студенттің кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан оқытушы тапсырмаларды дайындағанда студенттерді оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдануына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту процесін қамтамасыз етеді.
2. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген.
Егер студент тапсырманы оқытушының немесе топта бірге оқитын жолдастарының көмегімен орындайтын болса (дем беру, бағыт көрсету), онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл студенттің психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді, өйткені ол бүгін басқалардың көмегімен орындаған тапсырманы ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, студент актуальды даму аймағына енеді. Осылайша жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады. Модульдік оқытуда бұл цикл оқытушының студентке беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетін әртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
3. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық логика, белсенділік және студенттің өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқынды мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау-модельдік оқытуға да тән.
4. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
Оқытушы мен студент іс-әрекетінің жүйесі.
Модульдік бағдарлама жасаудағы оқытушы іс-әрекетінің жүйесі
Бірінші қадам - оқу курсын жүйе деп қарастыру, оқу мазмұнының алғашқы құрылымын анықтау.

  • Оқытушы алдымен өзі, сонан соң әдістемелік бірлестікпен бірлесе отырып оқу пәнінің негізгі бағытын, өзегін анықтайды.

  • Келесі әрекет - әрбір өзекті бағыт бойынша әр топ үшін оқу мазмұны таңдалады.

  • Таңдалған материал кесте түрінде көрсетіледі.

Оқытушы осылайша әр топ бойынша, курстан-курсқа ілгерілеуде өз пәнінің мазмұнын көрнекті түрде елестете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет