Молекулалық биология және медициналық



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата27.04.2023
өлшемі0.85 Mb.
#472924
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сорғыштар инф.дидак. блок каз

маңызы 
және 
диагносткасы. 
Фасциола 
иесіне 
механикалық, токсикалық, аллергиялық 
әсер 
етеді. 
Адамның 
бауыр 
жасаушыларын бұзып, зақымданудан 
кейiн цирроздың дамуына алып келедi. 
Бауыр үлкейедi, кедiр-бұдырлы болады. 
Өт жолдарының бiтелуi сарғаюмен 
көрiнедi. 
Диагноз 
фасциола 
жұмыртқаларын нәжiсте табу негiзiнде 
қойылады. 
Фасциоламен 
ауырған 
жануарлардың бауырын тағам ретінде 
пайдаланғанда 
сау 
адамдардың
нәжісінде 
транзиттік 
жұмыртқалар 
табылуы мүмкін. 
Алдын алуы.Жеке алдын алу - 
көкөнiстердi қайнаған сумен шаю, мал су 
iшетiн тоған сулардан су iшпеу. 
Қоғамдық – ұлуларды жою. Малды 
жұғудан 
сақтау 
үшiн 
жайылым 
ауыстыру қажет. Жұмыртқаларын жою 
үшiн егiндi ауыстырып егу қажет: тұрып-
бұршақ-пияз; пияз-бұршақ; сарымсақ-
бұршақ.
Сiбiр сорғышы (Opisthorchis felineus- описторхоз қоздырғышы.
Ең алғаш 1884 жылы мысықта, 1891 Омбы қаласында адамда табылған, сондықтан бұл 
сорғышты мысық немес сiбiр сорғышы деп атайды.
Орналасуы. Ересек формасы адамның мысықтың, иттiң және жабайы балық жейтiн 
жануарлардың бауырында, өт қабығында және ұйқы бездерiнде паразиттік тіршілік етеді.
Географиялық таралуы. Об, Ертiс жағалауында 
кездеседі. Ал Қазақстанда Павлодардың кейбiр аудандарында 
ауру 60% дейiн кездеседi.
Морфофизиологиялық 
ерекшелiктерi
Сібір 
сорғышының денесінің ұзындығы – 13 мм (3 сурет).
Денесiнiң алдыңғы жағы артқысына қарағанда сүйірлеу 
келеді. Ішекттері тармақталмаған денесінің артқы бөлігіне 
жетпей тұйықталады. Ортаңғы бөлiгiнде бұтақталған жатыр, 
одан кейiн дөңгелек аналық без және денесiнiң артқы 
бөлiгiнде - екi розетка тәрiздi аталық без орналасады. 
Олардың арасында S - тәрізді иілген зәр шығару каналы 
орналасады. Жұмыртқалары сопақша сары түсті бір 
полюсінде қапшығы орналасады. 
Тіршілік циклы. Ақырғы иелерi адам және жануарлармен 
қоректенетiн сұтқореткiлер (4 сурет). Аралық иелерi ұлулар 
ме балықтар болып табылады. Бiрiншi аралық иесi үшiн 
инвазиялық сатысы мирацидийi бар жұмыртқа, ол екiншi иесi 
үшiн - церкарий, ақырғы иесi үшiн -метацеркарий болады. 
Адамға әлсiз қақталған, аз тұздалған немесе дұрыс пiспеген 
балықты жегенде жұғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет