«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Молекулалық биология және медициналық
генетика
Ақпараттық –дидактикалық блок
Редакциясы: 1
7 беттің 4беті
Описторхоз - табиғи-ошақты ауру. Ошақтары тұщы
суда мекендейтін битиния
моллюскаларымен байланысты.
4 сурет. Сібір сорғышының тіршілік циклы.
Патогендік маңызы мен диагностикасы. Паразиттер ауырған адамға токсикалық әсер
етеді. Паразиттердiң көптеп жиналуы өттiң тоқырауына, бауыр циррозына алып келедi.
Гельминттер көп мөлшерде жиналған кезде өлімге ұшыратуы мүмкін.
Диагнозды
жұмыртқаларын нәжiсте және 12 елi iшек сұйықтығынан табу арқылы қояды.
Алдын-алу шаралары. Жеке - тағам ретінде тек жақсы пісірілген немесе қуырылған
балықты пайдалану.
Қоғамдық – жеке алдын алу шараларын
сақтауға бағытталған ағарту
жұмыстарына үлкен көңiл бөлiнедi. Описторхозбен ауру адамдарды анықтау және емдеу,
бiрiншi
ретте балықшыларды, су транспортында iстейтiн жұмысшыларды,
жағалау бойынша
тұратын тұрғындарды емдеу, тоған суларды
нәжiстен ластанудан сақтау, балықтардың
көшiруiне кедергi жасайтын гидротехникалық құрлыстар жүргiзу.
Өкпе сорғышы (Paragonimus westermani) - парагонимоздың қоздырғышы.
Орналасуы. Адам, жануарлармен қоректенетiн сүтқоректiлер
және шошқалардың
өкпесiнде паразиттi тiршiлiк етедi.
Географиялық таралуы. Параганимоз - табиғи-ошақты ауру, Шығыс Азия және Қиыр
Шығыста таралған.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Денесі жұмыртқа тәрізді, тікенектермен
қапталған (5 сурет). Ауыз сорғышы
алдыңғы жағында терминальды, ал құрсақ сорғышы
денесінің құрсақ бөлігінің ортасында орналасқан.