Молекулалық биология және медициналық


Ланцет тәрiздi сорғыш Dicrocoelium lanceatum



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата27.04.2023
өлшемі0.85 Mb.
#472924
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сорғыштар инф.дидак. блок каз

Ланцет тәрiздi сорғыш Dicrocoelium lanceatum-дикроцелиоз қоздырғышы.
Орналасуы. Iрi және басқа жануарлар бауырында паразиттi тiршiлiк етедi; өте сирек 
адамдарда кездеседі. 
Географиялық таралуы. Барлық жерде. 
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Сыртқы бейнесi бойынша сiбiр сорғышына 
ұқсас, тек екi дөңгелек аталық безi құрсақ сорғышының артында орналасады. Аналық безi 
аталық бездерден кейiн орналасады (9 сурет). 
Тіршілік циклы.  Даму екi аралық иесiн ауыстыра жүредi. 
Ақырғы иесi - шөпқоректі сүтқоректiлер. Бiрiншi аралық иесi - 
құрғақ ұлулары, екiншiсi - құмырсқалар. Жұмыртқа- мерацидий 
– спороциста - церкарий - метацеркарий. Ақырғы иелері үшін 
метацеркарий инвазиялық саты болып табылады. Адам және 
жануарларға кездейсоқ құмырсқаны жұтып қойғанда жұғады.
Патогендік маңызы мен диагностикасы. Дикроцелез 
даму ағымы бойынша фациолезге ұқсас. Лабораториялық 
диагноз қою мақсатында нәжiстi тексередi. 
Алдын алу шаралары. Дегельминтизация жүргiзу, 
жайылымдарды санитарлық қорғау. Тағамға құмырсқа түсiп 
кетуiнен сақтану.
 
9 сурет.
Ланцет тәрізді сорғыш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет