Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер
«Магистранттар мен докторанттардың академиялық жазылым үдерісін қабыл- дауы: НУ ЖББМ мысалында» сұхбатының хаттамасы Сұхбат уақыты:
Күні:
Орны:
Сұхбат алушы:
Сұхбат беруші:
Сұхбат берушінің қызметі:
(Жобаны қысқаша сипаттаңыз)
Сұрақтар:
1. Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Мамандығыңыз қандай? Магистрантсыз ба, әлде
докторантсыз ба?
2. НУ-да оқығанға дейін сізде академиялық жазылым тәжірибесі болды ма? Егер бол-
са, НУ-дағы тәжірибеңізден қалай ерекшеленеді? Егер айырмашылығы болса, НУ-
дағы академиялық жазылымға қалай бейімделдіңіз?
3. Академиялық жазылым бойынша қандай да бір мәселе кездесті ме? Егер кездессе,
қандай проблемамен тікелей бетпе-бет келдіңіз (мысалы, тақырыпты тарылту, тақы-
рыпты концептуалдау, тақырыпты зерттеу, дәйектемені/мақаланы құрылымдау,
сөйлем құрылысы, грамматика, сөздік қор, орфография)?
4. Сіздің академиялық жазу дағдыңызды жетілдіруде оқытушылардың рөлі қандай?
Жетекшілік ету, айдарлар мен пікірлер қандай рөл атқарады?
5. Плагиат жөнінде қашан білдіңіз? Оған деген көзқарасыңыз қандай болды? Сіздің
көзқарасыңызша, плагиаттан қалай құтылуға болады? Сізде плагиатпен белгілі бір
проблема туындады ма?
6. Сіздің академиялық жазылым дағдыңызды дамытуға НУ ЖББМ қандай да бір
курстар ұсына ма не болмаса қолдау көрсетіп отыра ма? Сіздің көзқарасыңызша,
«Шаңырақ» орталығының пайдасы бар ма?
7. Академиялық жазылым дағдысын жетілдіруге арналған стратегияңыз қандай?
8. Академиялық жазылымға қатысты қосымша курстар қажет деп есептейсіз бе? Егер
қажет болса, мұндай курстардан не үйренгіңіз келеді?
9. (Сұхбатқа қатысқан адамға алғыс білдіріңіз. Оны жауаптардың және болашақта
болуы мүмкін сұхбаттардың құпиялылығына сендіріңіз).