Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет134/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер


1 мысал
Мәтінде деректерді сипаттап ұсыну (Камбатырова, 2016)
Тілдік пәндер
Бастауыш білім берудің жаңа стандарты тілдік құзыреттілікті бағалаудың 
жалпы еуропалық жүйесіне сәйкес екінші және үшінші тілді деңгейлеп 
меңгеруді қамтамасыз ететін үштілділік саясатты жүзеге асыруға бағыт-
талған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тілдік пәндер бойынша жаңа 
бағдарламаға бейімделуде мұғалімдер қиындықтарға жиі тап болды, де-
генмен оның жақсы жақтары да атап өтілді.
Тілдік пәндер бойынша жасалған жаңа бағдарламадағы ең басты өзгерістің 
бірі – онда грамматика мен жазуға бағытталған ескі бағдарламаға қараған-
да, сөйлеу дағдысын дамытуға басты назар аударылады. Оны көптеген ре-
спонденттер жақсы нәтиже беретін оң өзгеріс ретінде атап өтті:
Иә, айырмашылығы жер мен көктей, себебі олар (оқушылар) қазірдің өзінде 
сөйлей бастады. Бұрын жазуға көбірек мән берген болсақ, қазір оқушылар 
сөйлеу дағдыларынмен көп жұмыс істейді. Мұның өзі жақсы! Мысалы, біздің 
тақырыбымыз «Көлік» болды делік. Қазір олар мектепке қалай бараты-
нын, қандай көлікпен келетінін, мектепке бара жатқанда не көргендерін 
айтады. Қиналып жеткізеді, дегенмен, бастысы, сөйлейді. Маған балала-
рымның қазірдің өзінде сөйлей бастағанынан лаззат аламын. Бұрын жазу 
жазып, әріптерді жазудан бастасақ, ал қазір –  ауызекі сөйлеуден бастай-
мыз (SK-R мектебі – орыс тілі мұғалімі).
Орыс тілі мұғалімдеріне қарағанда ағылшын тілі мұғалімдерінің жаңашыл-
дық туралы көзқарастары онша оң емес еді. Мәселен көптеген респондент-
терді оқулықтардағы материалдардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне 


211
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
сәйкес келмейтіні алаңдатады. Мұғалімдер тапсырмалардың күрделі екен-
дігін және стандартта бекітілген материалдардың шамадан тыс көп екен-
дігін атап өтті:
Ең қиыны – оқулықтардағы материалдардың оқушылардың жас ерекшелік-
терімен салыстырғанда тым көлемді болуы. Бұл Я2 – екінші тіл ретінде 
оқытылады ғой, сондықтан олар үшін өте қиын. Материалдардың көлемі 
тым көп, кейде сабақта 15-16 жаңа сөз беріледі, олар балалардың есте 
сақтауына өте қиын сөздер. Содан соң сөйлем құрылымдары да біршама 
ауыр (…) (SK-R мектебі – ағылшын тілі мұғалімі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет