209
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
4-қадам.
Зерттеу орнын немесе адамдарды,
сондай-ақ кате-
горияларды немесе тақырыптарды сипаттау үшін кодтау үдерісін
пайдалану. Сипаттамада зерттеуге қатысатын адамдар туралы,
зерттеу орнындағы немесе зерттеу орнындағы оқиғалар туралы то-
лық ақпарат беріледі. Зерттеушілер кодтарды осы аталған сипатта-
ма үшін жасай алады. Ол кейс-стадиге, этнографиялық және білім
беру зерттеу жобаларына жан-жақты сипаттама әзірлеу кезінде өз
пайдасын тигізеді. Содан кейін тақырыптардың немесе категори-
ялардың санын қысқарту үшін
кодтауды пайдалану, бұл зертте-
ушіге
көп кодтардың санын қысқартып, шамалы тақырыптарды
немесе категорияларды әзірлеуге мүмкіндік береді (Linneberg &
Korsgaard, 2019). Аталған тақырыптар сапалық зерттеулердің ба-
сты нәтижелері болып табылады. Ол көбінесе зерттеу нәтижелері
туралы айдарлар жасауда қолданылады.
Олар жеке тұлғалардың
түрлі көзқарасын көрсетіп, дәйексөздермен және нақты дәлелдер-
мен расталуы керек (төмендегі 1-мысалды қараңыз). Тақырыптар
әрбір дербес жағдайға және түрлі жағдайларға (кейс-стади секілді)
байланысты талданады. Күрделі сапалық зерттеулер тақырыпты
сипаттап, айқындау шеңберінен шығып, тақырыптардың арасын-
дағы өзара күрделі байланысты қамтиды (Creswell, 2009).
Достарыңызбен бөлісу: