Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет131/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Код 
Сипаттамасы
Код көрсетілетін 
транскрипт саны
Қабілеттілік
Ата-аналар баласының шет тілдерін 
меңгеру қабілетінің маңыздылығы 
жөнінде айтады 
23
Жаратылыстану 
пәндері ағылшын 
тілінде 
Ата-аналар жаратылыстану пәндерін 
ағылшын тілінде оқытуға қатысты өз 
ойларымен бөліседі
24
Шетелде білім алу 
Ата-аналар ағылшын тілін меңгеру 
шетелде білім алуға мүмкіндік 
тудыратынын айтады
10
9.2-кесте 
Код кітапшасының үлгісі (Kambatyrova, 2020)
Аталған код кітапшасындағы кодтар осы тарау авторының 
Қазақстандағы үш тілдік білім беру саясаты кеңістігінде ата-ана-
лардың тіл саясаты идеологияларын зерттеуде пайдаланған теори-
ялық аясына сәйкес әзірленді. Мысалы, «жаратылыстану пәндері 
ағылшын тілінде» коды алдын ала әзірленген, себебі сұхбат хат-
тамасында пәндерді ағылшын тілінде оқу туралы сұрақ болған. 
«Қабілеттілік» және «шетелде білім алу» кодтары кодтау үдерісін-
де әзірленді, өйткені бұл тақырыптар сұхбат кезінде пайда болды. 
Бұл кодтардың барлығы теориялық негіздің бір бөлігін құрайтын 
«Ата-аналардың тілдік білім беру идеологиясы» тақырыбына топ-
тастырылды.
Кейбір зерттеушілер кейде түс кодының сызбасын пайдала-
на отырып, транскрипттерді немесе ақпаратты қолмен кодтауды 
пайдалы деп есептейді. Бұл – біршама уақыт пен еңбекті қажет 
ететін әдіс. Басқалары әдетте компьютерлік бағдарламаларды пай-
даланады. Қазіргі кезде функциясы ұқсас өте жақсы компьютер-
лік бағдарламалар бар (9.3-кестені қараңыз): онда жақсы оқыту 
сабақтары мен компакт-дискілер, әрі мәтіндік, әрі графикалық 
деректерді (мысалы, фотосуреттер) қосу мүмкіндігі, деректерді 
сақтау және ұйымдастыру, тұтас мәтіннен белгілі бір кодтарды із-
деу мүмкіндігі, өзара байланысты кодтар, сондай-ақ сандық талдау 
бағдарламаларында электронды кестелер немесе деректерді тал-


208
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
дау бағдарламалары секілді сапалық деректерді импорттау және 
экспорттау мүмкіндігі қарастырылған (Creswell, 2009).
Зерттеушінің әлі де мәтіннің әрбір жолын қарап шығып, код-
тарды қоюы керек болса да, қолмен кодтап отырғаннан гөрі ком-
пьютерлік бағдарламаларды пайдалану әлдеқайда жылдам әрі 
тиімді болады. Сонымен қатар зерттеуші үлкен дерекқорларда бір-
дей кодталған мәтін үзінділерін тез таба алады және зерттеуге қа-
тысушылардың белгілі бір идеяға (мысалы, ағылшын тілі бойынша 
жаңартылған оқу бағдарламасына деген әртүрлі мектеп оқушыла-
рының көзқарасын) қатысты мәлімдемелеріндегі ұқсастықтар мен 
айырмашылықтарды анықтай алады (Cohen et al., 2011; Creswell, 
2009). Бұл компьютерлік және қолмен кодтауды таңдау арасын-
дағы тиімді болатын бағдарламалардың кейбір мүмкіндіктері ғана. 
Сапалық деректерді талдауда компьютерлік бағдарламаларды пай-
далану уақыт пен тиісті дағдыларды талап етеді (Creswell, 2009). 
Дегенмен Youtube-та аталған бағдарламаларды пайдалануды оқы-
татын сабақтарды кеңінен табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет