Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет146/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Лаура Қарабасова – Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры. 
Ғылыми қызығушылығы жоғары оқу орындарында және мектептер-
де көптілді білім беру, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту әдістемесі 
(CLIL), мұғалімдер тәжірибесі, тіл саясаты және білім беру, мұғалім-
дердің реформаларды жүзеге асырудағы және білім беру зерттеулерін 
концептуалдаудағы рөлімен байланысты мәселелерді қамтиды.
Автордан 
CLIL-мен докторантураға түскенге дейін жұмыс істеген НЗМ 
Білім беру бағдарламалары орталығында таныстым. Жұмыс 
үштілді білім беру саясатын әзірлеу, мектепке арналған нұсқа-
улықтар мен мұғалімдерге арнап семинар ұйымдастыру бағыт-
тарында жүргізілді. Білім алушыларға пәндерді өзге тілде оқы-
ту пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды (CLIL) талап етеді. 
CLIL бұдан 10 жыл бұрын отандық мұғалімдер үшін мүлдем жаңа 
ұғым болатын. Зияткерлік мектептер ашылған кезде жаңадан 
қабылданған мұғалімдер CLIL әдістемесін оқыды, оны халықа-
ралық сарапшылар жүргізді. Тренингтердің соңында мұғалімдер 
пән мазмұны мен тілді кіріктіру идеясын толығымен қабылда-
мағандай әсерде болатынмын. Пәннің тілі білім алушылардың 
ана тілінде болмаса да, мұғалімдердің оқушылардың тілдік құ-
зыреттілік деңгейіне шамадан тыс талап қоятынын да бай-
қадым. Пәнді екінші немесе үшінші тілде меңгеру қиындығынан 
білім алушылардың күйзеліске түсуі мүмкін екенін ойлап
алаңдадым. Бағдарлама менеджері ретінде CLIL әдісін мұғалім-
дердің барлығы бірдей қабылдамағанын және оларға бір мезгілде 
білім алушыларға әрі пәнді меңгертіп, әрі тілдерін дамытуға 
көмектесудің қиын екенін түсіндім. Мен мұғалімдердің міндетін 
(дилеммасын) түсінбейтін жағдайға тап болдым, сондықтан 
НЗМ мұғалімдерінің CLIL концептуалдануы мен тәжірибесін 
жүйелі түрде зерттеуге қызығушылық танытып, докторлық 
диссертациямның тақырыбы ретінде таңдап алдым. Әртүрлі 
пәнді үш тілде оқытатын мұғалімдердің жағдайын тереңірек 
әрі егжей-тегжейлі зерттегім келгендіктен, кейс-стадидің бір-
неше дизайнын таңдадым.


227
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет