Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет143/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер


5 мысал
Үш тілде білім беру жағдайында жоғары білімі бар ата-аналар 
мен жоғары білімі жоқ ата-аналардың тілдік идеологиясын 
салыстыру (Kambatyrova, 2020)
Қазақ тілінің этникалық бірегейлікті қалыптастырудағы рөліне қаты-
сты ата-аналардың білім деңгейінің тілдік идеологиясына әсер ететінін 
анықтау үшін тәуелсіз іріктеудің t-тесті жүргізілді. Бұл талдау түрінің тәу-
елсіз айнымалысы: 1) жоғары білімі бар ата-аналар және 2) жоғары білімі 
жоқ ата-аналар топтарымен сипатталған білім болды. «Қазақ тілі этника-
лық бірегейлікті қалыптастыру тілі ретінде» тәуелді айнымалыға жатады. 
Талдау нәтижелері жоғары білімі бар ата-аналардың (M
38
 = 29.95; SD
39
 = 
5.18) жоғары білімі жоқ ата-аналармен салыстырғанда (M = 28.75; SD = 
4.82) (p < .05; d = 0.24) қазақ тілінің этникалық бірегейлікті қалыпта-
стырудағы рөліне қатысты мықты тілдік идеология таныта алғандығын 
көрсетеді.


221
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
лар қандай да бір байланыста болуы керек немесе оларды бірге 
қарастырудың қандай да бір тұжырымдамалық себебі болуы қажет 
(Pallant, 2011). Мысалы, сіздің мектеп ортасы мен мектеп түрінің 
математика және ағылшын тілі пәндерінің бағаларына қалай әсер 
ететінін білгіңіз келуі мүмкін. Бұл жағдайда үш деңгейлі (жоғары, 
орта және төмен) мектеп ортасы мен үш деңгейлі (мемлекеттік, 
жеке және діни) мектеп түрі тәуелсіз айнымалы болып табылады. 
Математика және ағылшын тілі пәні бағалары – өзара байланысуы 
тиіс тәуелді айнымалылар, бірақ олар күшті де, әлсіз де емес, орта-
ша деңгейде және жалпы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып сана-
лады (Muijs, 2011).
Бұл тарауда деректерді талдау және сапалық деректерді ин-
терпретациялау үдерісін қарастырдық. Атап айтқанда, сапалық 
деректерді талдау, оларды кодтау (қолмен және компьютерлік 
бағдарлама арқылы), деректерді интерпретациялау, сондай-ақ 
сапалық зерттеулерде деректерді тексерудің шынайылығы мен
сәйкестілігін сипаттадық. Сонымен бірге сандық деректерді 
талдауда қолданылатын бірнеше басты деген статистикалық 
әдісті қысқаша қарастырып өттік. Әдістер жауап беретін зерттеу 
сұрағының түріне және қолда бар дерек түрлеріне байланысты 
ерекшеленеді. Сандық зерттеудегі кейбір сұрақтар іріктеудің си-
паттамасын және деректердегі ұстанымдарды талап етуі мүмкін, 
ол үшін зерттеуші сипаттамалық статистиканы пайдаланады. 
Зерттеуші айнымалылар арасындағы байланыстарды қарастыру 
үшін r-Пирсон корреляция коэффициенті, Спирмен дәрежелі кор-
реляция коэффициенті, сызықтық регрессия, сонымен қатар фак-
торлық талдау сияқты әдістерді қолдана алады. Топтар арасын-
дағы елеулі айырмашылықтарды тексеру үшін тәуелсіз іріктеудің 
t-тесті, дисперсиялық бір жақты талдау және көп өлшемді диспер-
сиялық талдау сияқты әдістерді қолдануға болады. Тарауда қара-
стырылған сапалық және сандық деректерді талдау үдерісін көр-
некі түрде түсіндіру үшін Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің 
нақты мысалдары берілген.


222
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет