Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет47/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

3.1 Құралды әзірлеу (сауалнама)
Зерттеуші сауалнама жүргізу үшін сауалнаманы өзі (survey 
instrument) әзірлей ме немесе соған ұқсас зерттеулерде қолда-
нылған дайындарын пайдалана ма деген сұрақтардың басын ашып, 
таңдау жасап алғаны жөн. Дайын сауалнаманы пайдалану үшін 
әзірлеушілерден рұқсатын алу керектігін айта кету қажет. Дайын 


80
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
сауалнаманы өз зерттеуіңізге қарай бейімдеп алуға да болады.
Дайын сауалнаманы берілген тақырып бойынша жарияланған 
мақалалардан табуға болады. Дайын сауалнаманы таңдағанда
оған сілтеменің қаншалықты жасалғаны, пікір/шолулардың бо-
луы, оның шынайылығы мен сәйкестілігі туралы ақпараттың бо-
луы сияқты өлшемдерге назар аудару қажет. Сонымен бірге егер 
дайын сауалнама зерттеуіңізге бейімделген болса, оның алдыңғы 
зерттеулердегі шынайылығы мен сәйкестілігі енді жарамсыз бо-
латынын ескеру қажет.
Дайын сауалнаманы пайдалану мүмкіндігі болмаса, зерттеуші 
оны өзі әзірлей алады, бірақ сауалнаманы құрастыру біршама ұзақ 
уақыт алатынын ескеру қажет. Сонымен қатар зерттеуші сауал-
наманың тұжырымдамалық анықтығын, сондай-ақ оның шынай-
ылығы мен сәйкестілігінің қандай екендігін көрсетуі керек. 
Мәселен студенттердің академиялық оқу үлгерімі сияқты де-
ректер жиналады. Бұл деректер шынайы, өйткені олар студенттер 
үлгерімінің орташа балымен расталады. Басқа деректер, мысалы 
сабаққа қатысу немесе мотивация деңгейлері нақтырақ болмауы 
мүмкін. Сондықтан сауалнама барысында алынған деректердің 
алға қойған міндеттердің шынайы да дәйекті өлшемі болып табы-
латын/табылмайтындығын және сауалнаманы қайта жүргізгенде 
ол деректерді қайта алуға болатын/болмайтындығын анықтап 
алу қажет. 
Мәліметтердің шынайылығын тексеру үшін төмендегідей ша-
ралар қолданылады:
• респонденттердің бір сұраққа әр кезде бірдей жауап бер-
геніне көз жеткізу үшін белгілі бір уақыттан кейін сол топта 
сауалнаманы қайта жүргізу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет