84
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
3.3 Іріктеу
Сауалнама жүргізу барысында барлығынан бірдей сұхбат алу
көбінесе мүмкін бола бермейді. Сондықтан мақсатты топ (target
population) деп аталатын белгілі бір адамдар тобының (ұйымдар-
дың) өкілдерінен іріктеу (sampling) жасалады. Жобаның мақсаты-
на байланысты мақсатты топтың немесе
зерттелетін адамдардың
саны көп не аз болуы мүмкін. Егер, мәселен, зерттеудің мақсаты
жаратылыстану ғылымдарына үш тілде оқытуды енгізу туралы
мұғалімдердің пікірлерін қарастыру болса, онда мақсатты топ ретін-
де, мысалы, республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі
жаратылыстану пәндерінің барлық мұғалімдері алынуы мүмкін.
Жалпы қанша адамның мақсатты топ өлшемдеріне сәйкес ке-
летінін білу қажет және егер олардың саны тым көп болса, зерт-
телетін топтың
өкілі болатын респонденттерді іріктеуі жасау
(sampling frame) өлшемдерін әзірлеу керек.
Іріктеуге өте шынайы, байсалды түрде қарау қажет:
зерттеу
өкілі деп аталу үшін мақсатты топтың қандай сипаттамалары ірік-
теуге ұсынылуы қажет екенін пайымдап алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: