83
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Ашық сұрақтың үлгісі:
Отбасыңыздың бір адамға шаққандағы орташа табысы қандай?
______________________________________________________
Сауалнама сұрақтарын құрастыру барысында күрделі
құрылымдардан аулақ болған жөн: сұрақтар қарапайым және сау-
алнама алушының бәріне түсінікті болуы керек. Сондай-ақ жауап-
тардың межесін дұрыс таңдау қажет. Әдетте көп таңбалы жауаптар
межесі бар сұрақтар (Лайкерт межесі, Likertscale) пайдаланылады.
Ең көп таралғаны – бес таңбалы жауап межесі. Сауалнама сұрақта-
ры өзінің табиғаты жағынан көбінесе баламалы болып келеді, яғни
респондент берілген бірнеше жауап нұсқаларының ішінен бір ғана
жауапты таңдауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: