Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Іріктеу – сауалнамаға қатысу үшін таңдалып алынған мақсатты топ



Pdf көрінісі
бет51/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Іріктеу – сауалнамаға қатысу үшін таңдалып алынған мақсатты топ 
(зерттелетін адамдар тобы) өкілдерінің бір бөлігі, олардың жауапта-
ры негізінде зерттеуші барлық мақсатты топ бойынша жалпылама 
қорытынды жасай алады.
Егер таңдалып алынған қатысушылар мақсатты топтың (жалпы ха-
лық) қарапайым өкілдері болса, іріктеу репрезентативті (өкілдік) болып 
саналады да, зерттеу нәтижелері бойынша мақсатты топтың (жал-
пылау) барлығына қатысты жұмсалатын қорытынды жасауға болады. 
Жалпылау – репрезентативті іріктеу барысында мақсатты топтан 
алынған зерттеу нәтижелерін жалпылап ұсыну.


85
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Ықтималдық іріктеу жасау барысында респонденттер барлық мақ-
сатты топты таныта алатындай етіп таңдалады.
Ықтималдықсыз іріктеу жасау кезінде зерттеуге қажетті сипатта-
маларға ие және сұрақтарға жауап беруге оңтайлы респонденттер 
таңдалады. Олар көбінесе зерттеуге қатысуға дайын екендіктерін 
білдірген респонденттер болып келеді. Ықтималдықсыз іріктеу зерт-
теушінің жеке пікірі мен қолда бар ресурстар негізінде жасалады. 
Іріктеу ауқымы көбінесе қолда бар ресурстармен, зерттеудің 
күрделілік деңгейімен, зерттеушінің ыждағаттылығымен, сон-
дай-ақ мақсатты топқа қол жеткізу мүмкіндігімен анықталады.
Зерттеуші мақсатты топты анықтап, іріктеуді іске асырумен 
қатар, сауалнаманың өткізілу орнын анықтауы керек. Мысалы, 
жаратылыстану ғылымдары пән мұғалімдерінің пікірлерін зерттеу 
үшін еліміздің барлық мектеп мұғалімдерінен сауалнама жүргізуге 
болады. Оны жүзеге асыру үнемі мүмкін бола бермейді, сол себепті 
зерттеуші, мәселен математиканы тереңдетіп оқытатын мектеп-
терде нақты ғылым пәндері мұғалімдерінің сауалнамасын өткізу 
үшін географиялық жағынан өзіне қолайлы екі қаланы ғана таңдап 
алуы мүмкін. Бірінші жағдай ықтималдық іріктеудің (probability 
sampling) үлгісі болып табылады, ол екінші жағдай көрсетілген 
ықтималдықсыз іріктеуге (non-probability sampling) қарағанда 
анағұрлым ыждағаттылықты танытады.


86
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Жүйелі іріктеу
Ықтималдық
Қарапайым 
кездейсоқ іріктеу
Көп сатылы 
кластерлі іріктеу
Ыңғайлы іріктеу
Қар кесегі әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет