Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


  Зерттеудің онтологиялық негізі неде (мысалы, позитивтілік, конструктивтілік,  трансформациялық парадигма)? 3



Pdf көрінісі
бет10/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

2. 
Зерттеудің онтологиялық негізі неде (мысалы, позитивтілік, конструктивтілік, 
трансформациялық парадигма)?
3. 
Зерттеу әдістерін (мысалы, сандық әдістерге негізделген эксперименттік зерт-
теу немесе сапалық әдістерге негізделген этнографиялық зерттеулер) таңдауға 
негіз болған әдіснамаңыз (зерттеу әдістері мен нәтижелерін байланыстыратын 
стратегия немесе әрекет жоспары) қандай? 
4. 
Қандай әдістерді (дерек жинау әдістері мен үдерістері) қолданғыңыз келеді 
(мысалы, сауалнама, сұхбат, фокус-топтар)? 
1.2-кесте 
Зерттеу парадигмасы туралы ойланудың Майкл Кротти (Crotty, 1998) 
ұсынған төрт сұрағы


19
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Позитивтілік зерттеу парадигмасы ретінде 
Позитивтілікті жақтаушылар (ғылыми әдіснамадағы филосо-
фиялық ілім мен бағыт) шындық зерттеуге қатысушылардан тәуел-
сіз өмір сүреді деп есептейді. Позитивтілік қағидаттарына сәйкес, 
«барлық құбылыстар болжамды, жүйелі және алдын ала белгілен-
ген құрылымға сыйып кетеді деген пікір аясында қарастырылады» 
(McNiff, 1992, 12-б.).
Позитивтілік парадигмасының әдіснамасы (көбінесе ғылыми 
деп те аталады) ықтималдық тұрғысынан себептер мен нәтижелер 
арасындағы байланыстарды түсіндіруге бағытталған. Себеп-сал-
дарлық байланысты іздеуде позитивтілікті жақтаушылар алдымен 
1.2-сурет. Білім беру зерттеулерінің құрамдас үш бөлігі (Creswell & Creswell, 2020)
Зерттеу парадигмасы
(зерттеушінің сенім жүйесі)
Позитивтілік
Постпозитивтілік
Конструктивтілік
Прагматизм
Трансформациялық парадигма
Зерттеу әдістерін таңдаудағы 
негізгі аспектілер
Зерттеу сұрақтары 
Деректерді жинау
Деректерді талдау
Зерттеу нәтижелерінің сәйкестілігін 
тексеру
Зерттеу дизайны
Сандық дизайн (мысалы сарап-
тамны қолдану)
Сапалық дизайн (мысалы, 
этнографиялық зерттеу әдістерін 
пайдалану)
Аралас дизайн (мысалы, дерек-
терді сандық талдаудан кейінгі 
сапалық талдау реті)
Зерттеу тәсілдері
Сандық
Сапалық
Аралас 


20
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
зерттеу нәтижелеріне әсер ететін себептерді анықтап алу қажет деп 
есептейді. Позитивтілік парадигмасы өмірде бар барлық құбылы-
стардың, соның ішінде зерттеуге қатысушылардың ішкі, субъективті 
әлемінің анықталуымен (детерминативтілігімен) сипатталады. 
Позитивтілік сандық зерттеу әдістерін қатаң қолдануды ұсы-
нады. Позитивтілік тұрғысынан шындықты зерттеу барысында 
зерттеуші түрлі типтегі эксперименттер жүргізеді және нәтиже-
лерді жалпылау үшін көптеген айнымалы мәндерді қолданады 
(Norwich, 2020). Осылайша, зерттеуге қатысушылардың басынан 
өткен шындықты зерттеуші ғылыми эксперименттің болжамдарын 
тексеру үдерісінде белгілі бір айнымалылар жиынтығына дейін та-
рылтады. Робсон мен МакКартан (Robson & McCartan, 2016, 21-б.) 
және Плак (Plack, 2005) позитивтіліктің келесідей ерекшеліктерін 
атап көрсетеді:
• объективті білім (фактілер) тікелей тәжірибеден немесе 
бақылаудан алынуы мүмкін, ол ғылымға қолжетімді жалғыз 
білім болып табылады; көрінбейтін немесе теориялық мән 
қабылданбайды;
• ғылым айғақтарды құндылықтардан ажыратады, ол субъек-
тивті бағалаудан тәуелсіз;
• ғылым көп жағдайда қатаң ережелер мен рәсімдерді қолда-
ну арқылы алынған сандық мәліметтерге негізделеді;
• барлық ғылыми тұжырымдар айғаққа негізделеді, бол-
жамдар сол айғақтар арқылы тексеріледі;
• ғылымның мақсаты – әмбебап себебі бар заңдылықтарды 
әзірлеу; ғылыми заңдылықтарды іздеу екі немесе одан да 
көп заттар бірге немесе белгілі бір ретпен пайда болған 
кездегі эмпирикалық заңдылықтарды іздеуді қамтиды;
• себеп осындай эмпирикалық заңдылықтарды немесе 
тұрақты байланыстарды көрсету арқылы белгіленеді;
• қандай да бір құбылысты немесе оқиғаны түсіндіру үшін 
алдымен оның жалпы заңмен байланысын табу керек;
• шындық әлеуметтік мәнмәтіннен тәуелсіз өмір сүреді және 
объективті түрде жоспарланған зерттеулердің көмегімен 
ашылуы мүмкін;
• сандық бақылауларды статистикалық талдаудың нәтиже-
сінде теориялар тексеріліп, объективті шындық ашылады.


21
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет