127
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
налған кітаптарда,
оның ішінде Губриум, Хольштейн, Марвасти
және Маккинилердің жуырда шыққан анықтамалығында нақтыла-
на түседі (Gubrium, Holstein, Marvasti, & McKinney, 2012).
Біздің монографиямызда сұхбат сапалық зерттеу әдісі ретінде
әртүрлі қырынан сипатталады, атап айтқанда, сапалық деректерді
сәйкестендіруде (1-тарау, 1.5.2-бөлім),
деректерді жинау құра-
лы ретінде (8-тарау, 8.3-бөлім), деректерді жазу кезінде (8-тарау,
8.3-бөлім) баяндалады.
Аталмыш тарауда сұхбаттың құрылымдық типологиясы, сұрақ
түрлері мен оларды қою әдістемесі, сұхбатты жүргізу
кезеңдері
(сұхбатты бастау, жазу, деректерді бағалау), сондай-ақ зерттеуші
мен сұхбатқа қатысушы/қатысушылардың арасындағы өзара бай-
ланыс қарастырылады.
Сұхбат адамдардың өмір тіршілігінен хабардар етуді қамта-
масыз етеді. Осылайша ол зерттеушілерге адамның белгілі бір
мінез-құлқының мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Сұхбат әдісі-
не негізделген зерттеулердің басты алғышарты – адамдардың өз
тәжірибесіне мән бере қарауы олардың оны қалай жүзеге асырға-
нына ықпал етеді.
ДеМаррэс (2004) зерттеу сұхбатын «зерттеуші мен қатысушы
ғылыми зерттеулерге байланысты мәселелерге бағытталған әң-
гімеге қатысатын үдеріс» деп анықтайды (55-бет).
Зерттеу тақырыбына байланысты сұхбат кейде дерек жина-
удың жалғыз жолы болып табылады. Атап айтқанда, зерттеуші
түрлі категориядағы қатысушылардың белгілі бір құбылысқа не-
месе тәжірибеге әлеуметтік не кәсіби
рөлі тұрғысынан көзқа-
растарын анықтауға тырысқанда көрінеді (мысалы:
«Декан
ретінде жоғары оқу орындарының басқару еркіндігі дегенді қалай
түсіндірер едіңіз?»).
Мерриам мен Тисделлдің (Merriam & Tisdell, 2015) пікір-
лерінше, сұхбаттың кең тараған түрінің бірі – бір адам екінші
адамнан ақпарат алатын бетпе-бет жеке кездесу.
Деректерді
алу үшін ұжымдық әңгімелесуді де пайдалануға болады. Жеке
және топтық сұхбаттарды белгілі бір мақсаттағы әңгіме ретінде
анықтауға болады.
128
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Достарыңызбен бөлісу: