[…] жоғары оқу орынынан келген зерттеушілер өздерін басқалармен теңдей «практик мамандар» деп көрулері керек. Іс-әрекет негізінде туындаған білім академиялық және бәріне бірдей жалпыланатын білім ретінде, ал практикаға негізделген теория концептуалды теориямен бір дәрежеде қабылдануы керек (McNiff, 2016, 32 бет). МакНифф пен Уайтхед (McNiff & Whitehead, 2002, 15 бет)
іс-әрекетті зерттеу нақты қадамдардың жиынтығы емес «тәжіри-
беден үйрену процесі» деген ойды алдыға тартады. Алайда, Элли-
оттың (Elliott, 1991, 53 бет) пікірінше, іс-әрекетті зерттеу практик
маманның өз тәжірибесін өзгертуге деген «құлшынысынан» бастау
алу керек.
Үшіншіден, іс-әрекетті зерттеу үздіксіз рефлексияны талап етеді. Өз әрекетіне ұдайы рефлексия жасау, ой жүгірту,
іс-әрекетті зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады, өйткені ол
зерттеудің негізділігі мен әдебіне әсер етеді (Kemmis, 1985; Herr
& Anderson, 2005). Рефлексия дегеніміз - өзінің іс-әрекетін, ой-
лары мен құндылықтарын талдау арқылы қорытынды жасау про-
цесі (Kemmis, 1985; Mezirow, 1990), сол арқылы зерттеуші өзінің
әрекетінен білім жасай алады (Schon, 1983). Нәтижесінде іс-әре-
кетті зерттеулер ескі мен жаңа тәжірибелердің және ойлаудың
қақтығысына себеп болуы мүмкін (Elliott, 1991; Kemmis, 1985;
Whyte et al., 1991). Бұл дегеніміз зерттеушілерден өздерінің ой-
лары мен әрекеттерін ұдайы талдап отыруды қажет етеді, өйткені
олар бір-біріне сәйкес болуы керек (Kemmis, 1985; Elliott, 1991;
Greenwood & Levin, 2006). Бұл сонымен қатар зерттеу үдерісінің
іске асуы мен нәтижесіне жүйелі түрде рефлексия жасауды та-
лап ететін әдеп мәселесі болып саналады (Elliott, 1991). Дәлірек
айтсақ, зерттеуші институционалды теорияларды зерттеуге қа-
тысушыларға (мысалы, мектеп ұстаздарына) таңудан сақ болуы
керек (Carr & Kemmis, 1986; Elliott, 1991), өйткені бұл қоғамды
өзін-өзі сынға алу арқылы өзгертуге тырысатын зерттеулердің, со-
ның ішінде сыни қатысушылық сипатына кедергі келтіруі мүмкін
(Carr & Kemmis, 1986).