4.1 Іс-әрекетті зерттеудің басқа зерттеу әдіснамаларынан ерекшелігі қандай? Біріншіден, іс-әрекетті зерттеу тәжірибені жетілдіруге бағытталған білімді қалыптастырады. Іс-әрекетті зерттеудің
басты мақсаты - әлемді өзгертудің жолдары туралы түсінік қалып-
тастыру (Carr & Kemmis, 1986; Schon, 1983). Дәстүрлі зерттеулер-
ден айырмашылығы, іс-әрекетті зерттеулер күнделікті тәжірибені
сынға алу арқылы күнделікті өмірлік мәселелерді шешуге бағыт-
талған (McNiff & Whitehead, 2002, 20 бет). МакНиффтің (McNiff,
2016) пікірінше, білім берудің аясы кең және біздің ақыл-ойымыз-
ды кеңейтетін кез-келген өзара әрекетті білім көзі деп қарастыруға
болады. Сондықтан, білім қалыптастыруда, ең алдымен, белгілі бір
контекстің тарихи және саяси факторлары, сондай-ақ күнделікті
өзара әлеуметтік әрекеттестігі негізге алынады.
Екіншіден, іс-әрекетті зерттеу зерттеушінің өзіндік тәжірибесін бақылауға және бағалауға мүмкіндік береді. Атал-
мыш зерттеу әдіснамасының тағы бір ерекшелігі – ол зерттеушіге
өз тәжірибесін бақылауға және бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай
зерттеуді әдісін тек практик мамандар ғана (мысалы, мектеп ұстаз-
дары) іске асыруға құқылы деген түсінік қалыптасқан (Wilson, 2009;
Kemmis et al., 2014). Жоғары оқу орындарындағы зерттеушілерге
мектепке барып іс-әрекетті зерттеу әдіснамасын қолдануға бел-
гілі бір кедергілер тудыруы мүмкін, өйткені олар сыртқы ұйымнан
келген зерттеушілер ретінде қарастырылады. Алайда, зерттеулерге
сүйенсек, бұл мәселені шешу үшін «практик маман» деген түсінікті
нақтылауымыз қажет. Іс-әрекетті зерттеудегі практик маман – өзінің
тәжірибесін зерттейтін адам ретінде қарастырыла алады. Демек, сы-
ртқы зерттеушілер мектептегі ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақ-
сатында өзіндік стратегияларын әзірлейтін және бағалайтын мағы-
надағы практик ретінде қарастырыла алады деген сөз (Elliott, 1993;
Losito et al., 1998; McTaggart, 2002 in Bolat, 2013). МакНифф (McNiff,
2016) оны «практиктер жетекшілік ететін зерттеу» деп атайды: