Төртіншіден, іс-әрекетті зерттеу қатысушыларды сы- рттай емес, олармен біріге отырып зерттеу жүргізуге мүм- кіндік береді. Іс-әрекетті зерттеудің дәстүрлі қабырғадағы шыбын
іспеттес «бақылау» тәсілінен айырмашылығы (Herr& Anderson,
2005), бірлескен іс-әрекетті зерттеу (participatory action research)
тәжірибені өзгерту мақсатында зерттеуге қатысушылармен бірі-
ге отырып, әрекетті дамытуға ұмтылады (Kemmis et al. 2014:190;
Eikeland, 2006). Бұл жағдайда, зерттеуші зерттеу үдерісінде беделді
болудан гөрі, басқаларға диалог арқылы ой жүгіртуге мүмкіндік бе-
ретін көмекшіге айналады (Winter, 1987; Eikeland, 2006; Gomez et
al., 2011). Мұндай рефлексия білімнің қуатты қайнар көзіне айна-
луы мүмкін (McDermott, 2002). Сонымен қатар, зерттеу үдерісінде
қатысушылар да шешім қабылдауға, және оларды шешу арқылы өз
тәжірибелерін өзгертуге мүмкіндік алады (McDonald, 2012).
Бесіншіден, зерттеу контексі туралы ауқымды түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іс-әрекетті зерттеу әдіснама-
сының тағы бір ерекшелігі – ол, зерттеу орын алып жатқан орта
мен қоғам арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік береді, өй-
ткені біреуін екіншісінен бөлек алып қарауға болмайды (Kemmis
& McTaggart, 2003, 384 бет). Бұл қарым-қатынас маңызды, өйткені
сыни негіздегі зерттеулер білім саласын тарихи және саяси тұрғы-
дан «практик мамандарды білім саласындағы саясатты жасайтын
тұлғалардың идеологиялық шектеулерінен» шығаруға мүмкіндік
береді (Carr & Kemmis, 1986, 220 бет). Бұл әсіресе, білім беру ре-
формаларын жоғарыдан төменге қарай түсіретін, яғни «үстемдік
идеологияны жаңғырту» жиі орын алатын білім беру жүйелерін-
де аса маңызды рөл атқарады (Freire, 1998, 91 бет). Нәтижесінде,
аталмыш идеологиялар ұстаздардың өз тәжірибелеріне өзгеріс ен-
гізулеріне тікелей әсер етеді.