104
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
№
4 мысал.
Зерттеу құралдары
Іс-әрекеттегі зерттеуде мен сапалық зерттеу әдістерін қолдандым, сол
арқылы зерттеуге қатысушылардың
белгілі бір ұйымда, қоғамда және
жүйеде жүргізілген эксперименттік бағдарламаға деген көзқарастары мен
түсініктерін бағалауға мүмкіндік алдым (Miles, Huberman & Saldana, 2014).
Жиналған деректердің сенімділігін арттыру үшін (а) сұхбат, (ә) бақылау,
(б) құжаттарды талдау, (в) зерттеу журналы (Kanayeva, 2019) секілді бірне-
ше зерттеу әдісін пайдаландым (McDonald, 2012).
мәселені шешуге бағытталған сұрақтар (
қалай? қайтіп? Мысалы,
Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қалай арттырамыз?). Әдет-
те, іс-әрекетті зерттеуде
мәселені шешуге бағытталған сұрақтар
жиі қолданылады. Мысалы, Қазақстандағы мектептерде жүр-
гізілген сыни қатыспалы іс-әрекетті зерттеу сұрағы төмендегідей
басталады:
орта білім беру саласының тұрақты дамуын қамтама-
сыз ету және ұстаздардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында
ұстаз көшбасшылығын дамытуды мүмкін ететін стартегияны
қалай әзірлеуге және бағалауға болады? (www.topiconline.co.uk;
Kanayeva, 2019).
4.3.3 Зерттеу құралдарын айқындау
Әдетте іс-әрекетті зерттеулерді жүргізу кезінде аралас (құрамда-
стырылған) немесе сапалық зерттеу әдістері қолданылады. Онда
сауалнама жүргізу,
сұхбат алу; сырттай бақылау (мысалы, сабақ
барысындағы бақылау), құжаттарды талдау (мысалы,
оқушылар-
дың жазба жұмыстары); зерттеу күнделігін (рефлексия жасауға ар-
налған күнделік) жүргізу және т.б. сияқты әдіс-тәсілдерді пайдала-
нуға болады. Дей тұрғанмен әрбір әдістің өзіндік кемшілігі болуы
да мүмкін, сондықтан бірнеше (әдетте кемінде үш әдіс) зерттеу
әдісін пайдаланған дұрыс (төмендегі 4-мысалды қараңыз).