Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет68/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

4.4 Зерттеу нәтижелерін ұсыну
Іс-әрекетті зерттеудің нәтижелерін, әдетте, баяндауды әңгіме-
леу (нарратив) форматында ұсынуға болады. Яғни, орын алған 
іс-әрекет пен өзгерісті (орын алған жағдайда) бірнеше кезеңдерге 
немесе оқиғаларға бөліп, таныстыруға болады. Аталмыш оқиға-
ларды егжей-тегжейлі сыни әңгіме түрінде ұсынуға да болады 
(Gill, 2014). Сыни әңгімелеудің негізгі мақсаты - іс-әрекет пен 
өзгерісті дәйекті оқиғалар төңірегінде мағыналы түрде жеткізу 
(Ricoeur, 1981; Riessman, 2002). Нарратив немесе әңгімелеу тәсілі 
кең мағынаға ие болғандықтан (Ricoeur, 1981; Riessman, 2002), 
оның келесідей негізгі сипаттамаларын анықтап алған абзал.
Хронологиялық реттіліктің болуы
Зерттеу нәтижесін әңгімелеу белгілі бір уақыт кезеңі мен 
нақты жағдайларға байланысты құрылады (Ricoeur, 1981; Clandinin 
& Connelly, 2000; Heikkinen et al., 2012). Әңгіме хронологиялық 


108
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
тәртіпке сай ұйымдастырылады: басы, ортасы және соңы болады 
(Bruner, 1990; Elliott, 2005). Зерттеу нәтижесін нарратив тәсілі 
арқылы жеткізудің бірнеше ұтымды тұстары бар. Біріншіден, ол 
зерттеушіге белгілі бір ‘тарихи, әлеуметтік, мәдени, саяси және 
жеке’ жағдайлардың даму үдерісін бейнелеуге, мақсаттарға жету 
үшін жасалған әрекеттерді түсіндіруге және өмірлік тәжірибені 
факторлардың негізінде түсіндіруге мүмкіндік берді (Gill, 2014:71). 
Екіншіден, зерттеуге қатысушылардың өміріне елеулі әсер еткен 
жағдайларды егжей-тегжейлі суреттеуге мүмкіндік береді (Flick, 
2013). Брунер (Bruner,1990) айтқандай: […] тұлға жағдайына ең 
күшті себеп-салдарлық түсіндірмелер берсек те, ол жағдай тұлға 
мәдениетін құрайтын символдық әлемнің аясында түсіндірілмей-
інше ақылға қонымды мағынаға ие бола алмайды (138-бет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет