107
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Зерттеулердің сыни, коммуникативті және жүйелі болуын
қамтамасыз ету үшін деректерді талдауды үздіксіз үдеріс
ретін-
де қарастыру маңызды (Miles & Huberman, 1994; Feldman et al.,
2018). Зерттеу үдерісін нақты зерттеу
сұрақтармен бастауға бо-
лады, бірақ жаңа түсініктер мен білімдерге ашық болу маңызды.
Әлеуметтік зерттеу болғандықтан, ‘шындықтың’ өзі үшін
сөйлеуі
маңызды, өйткені ол сыни сұрақ қоюға және рефлексияға түрткі
болады (Feldman et al., 2018). Сол себепті, деректерді талдауда де-
дуктивті және индуктивті әдістерді қолдануға болады. Бұл зертте-
ушіге зерттеу тақырыптары немесе сұрақтары арасында байланыс
орнатуға және өзекті тақырыптарға ашық болуға мүмкіндік берді
(Westhues et al., 2008). Деректі талдап болғаннан кейін оларды
тақырыпшаларға бөлуге болады. Сондай-ақ, деректердің сақталуы
мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін деректерді талдаудың сапа-
лы бағдарламалық жасақтамасын (мысалы, NVIVO 12 бағдарлама-
сын) қолданған абзал. Сол арқылы, деректердің жүйелі түрде ұй-
ымдастырылуы мен талдауын қамтамасыз етуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: