109
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
кеңірек білім беру мәселелерін талқылауға мүмкіндік бере алады
(Niemi et al., 2010).
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету
Зерттеушінің қаламынан туындаған
әңгіме зерттеу нәтижесі
жөнінде күмән тудыруы мүмкін. Дәстүрлі зерттеулермен салысты-
рғанда әңгімелеу тәсілі зерттеу нәтижелерін жалпылауға ұмтыл-
майды (Heikkinen et al., 2007). Брунердің (Bruner,1991) пікірінше:
[…] нарратив - бұл шындықтың нұсқасы, оның қабылдануы эмпи-
рикалық тексеру мен логикалық қажеттілікке емес, конвенция мен
«баяндау қажеттілігіне» тәуелді болады (4 -бет).
Осылайша, нарратив тәсілінен
туындайтын білімді оның
шынайылығына «өмірге» (күнделікті өмірлік шындыққа жақын бо-
луына) байланысты бағалауға болады (сол жерде: 61 бет). Бұдан
басқа, нарративтен (әңгімеден) туындайтын білімнің сенміділігін
онда баяндалған оқиғалардың эволюциясын қалай бейнеленген-
дігіне, бір оқиғаға әр түрлі көзқарастар білдірілгендігіне, әдеп ди-
леммаларын қарастырылғандығына,
өзгерістерге сыни көзқарас-
пен қараумен, жаңа ойлар мен эмоциялар тудыра алатындығымен,
сонымен қатар зерттеушінің дүниетанымын аша алауымен бағала-
уға болады. Мұның бәрі зерттеушінің рефлексияны көбірек жаса-
уына назар аударуын талап етеді (Heikkinen et. al., 2007).
Достарыңызбен бөлісу: