Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Оқу-үйретім және тәрбие үлгілері (парадигмалары)



бет15/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#8369
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

16. Оқу-үйретім және тәрбие үлгілері (парадигмалары)
16.1Үлгі(парадигма) көптүрлілігінің себептері.
«Парадигма» сөзінің латын тілінен тікелей аудармасы «үлгі» дегенді аңдатып, бүгінгі педагогикада ол тәлім,тәрбиенің тұжырымдамалық нобайы (моделі) ретінде қолданым табуда.Тәлімдік парадигма – үлгілер санқилы да көп түрлі: И.А.Колесникова бұл көптүрлілікті педагогикалық өркениеттердің сан алуандығымен дәйектейді.Оның пікірінше, адамзат өз басынан табиғи педагогика мен қайталай жасау (репродуктив) педагогикалық өркениет кезеңдерін өткізіп, енді шығармашыл, өнімді жасампаздық педагогикасына бетбұрыс жасады. Археологиялық, этнографиялық, антропологиялық және басқа да деректер айғақтағандай, алғашқы дәуірде «педагогикалық іс-әрекет» бала мен ересек өмірінің табиғи ағымымен тұтаса орындалып жатты.Қауымдастықтың әрбір мүшесі тіршілік қамына орай білім, ептілік, дағды, қатынастарды жеткізу мен игеруге тікелей қатысты болды.Уақыт мерзіміне сай табиғаттық педагогика алғашқы қоғам есесіне тиді.Ал табиғат пен адам ақпраттық рәміздер ролін атқарды.Еңбектік іс-әрекет тәжірибесін ұсыну үдерісінде өмірдің адамилық кейіп-келбеті пайда болды.Бала және оның ата-анасы өткен өмірі не болашағымен жасаған жоқ, олар нақ сәтте, нақты әлеуметтік жағдай талаптарына сәйкес білім, ептілік, дағдыларды пайдаланумен «тап қазір, нақ осы жерде» принципін ұстанып, күнделікті тіршілігін қамсыздандырды, әрекет-қылық инстинктік шарттарға орай реттеліп барды.Арнайы оқу-үйретім және тәрбие мазмұны жөніндегі мәселелер тіпті де болған емес.Жынысына, еңбектік мамандануына, тән-дене дамуына, отбасылық қызметіне орай оқытып, үйрету жіктемесі ойға келген сәттен бастап, адамзат енді өз тіршілік жолын қайталай жасау (репродуктив) педагогикасы бағытында жалғастыруға кірісті.Бұл бағыттың ерекшелігі – “әкелердің” “баларға” мақсатты тәжірибе жеткізуі арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдеріс арнасында орындалатын болды.Адамзат қауымдастықтары әулеттен әулетке жеткізудің өз жағдайларына тиімді келген әдіс-тәсілдерін ойлап табуға, қайталап қолдануға бейімдеді. Қазіргі уақытта адамның қоршаған дүниені өзіндік табиғи тану қабілеттері толықтай жасанды қондырғылармен “жансыз” табиғатпен ауыстырылды, нәтиже ХХ-ғасырдың ақырынан адам білім меңгеру жолында ортаға түскен “делдал” қызметіне тәуелділі болды.Ол “делдал” адам және әлем арасында “шынайы ақпарат” өткізуі тұрғысынан әрқилы “дидактикалық дуалдар”тұрғызылды.Осыдан адамды әубастан табиғатпен байланыстыратын ақпарат рәміз-белгілері (сигналдары) біртіндеп әрі үздіксіз баяулап өше бастады немесе қабылдаушыға бұрмаланған күйде жететін болды.Оқу-үйретім орындарында игерілетін тәжірибе мазмұны күннен күнге адамның даралығынан туындайтын нақты мұқтаждықтары мен қажеттерінен бірте-бірте ажырала бастады.Қайталай жасау педагогикалық өркениеті шеңберінде енді тәрбие мен тәлем мазмұны, оның өлшем-шектері қандайда бір шартты ұсыныстық талаптар жөніндегі әңгімелермен жіктеледі.Мамандар білім, ептілік, дағдылар, қатынастар, баға қай деңгейде болуы қажет, күтілетін тәрбиелілік тиімділігін беретін әрекет-қылық нормаларының реті қандай болмағы жөніндегі «өзара келісіп алатын» болады да, ал осы мәселердің шешіміне орай ғарыштық-биологиялық құбылыс ретіндегі адам сапасы не болатыны ешкім де қызықтырмады, себебі педагогикалық өркениеттің бұл сатысында басты назар оқу-үйретім мен тәрбиенің әлеуметтік тұстарына бөлінді.Адам табиғаттығы ұмытылып, оның ғарыштық бастаулары тіпті де ескерілмеді.Адам мүмкіндіктеріне сәйкес ақпараттық шама бұзылысының салдарынан білімді жатсыну, одан шеттеп, қол үзу ен жая бастады.Ұстанылған мамұнның өлшемсіз артуынан сақтайтын қорғаныс тетіктері іске қосылатын болды, ол-адам? танымының табиғатты елемегенінің ерекше бір өтемі еді.Сонымен, қайталай жасау педагогикалық өркениеттің мүмкіндіктері шегіне жетті, осыдан біз, И.А.Колесникова пікіріне жүгінсек, бір қадам озып,келесі,шығармашл (креатив) педагогикалық өркениетке бет бұруға мәжбүрміз. “Адам-ғарыш” жүйесіндегі біртұтас ақпараттық-энергетикалық алмасу тетіктерін меңгеру қажеттігінен адамның қабылдау, ықпал-жауап(рефлексив) мәдениетінің жылдам көтерілетінін пайымдауға болады. “Адам-адам” жүйесіндегі әрқилы деңгейлі дау-дамайларды шешудің жолдары болуы тиіс, олар игеріледі де (бұған дәлел – Қазақстан Республикасынды бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан өркениеттік саясат әлемінің озық 50 елімен терезе теңдестіру), “Адам-Табиғат” жүйесіндегі әрекеттестіктің де экологиялық үйлесімді формалары табылмақ (Республикадағы “Жасыл ел” бағдарламасы). Шығармашыл-креативті педагогикалық өркениет кезеңінде тәрбиенің бірігімді субьекті мен обьекті, біздің пікірімізше, біртұтастыққа келген адамзат қауымдастығы болмағы лазым.Осыдан, әрбір тек өкілі бала мен ересектің, шығармашыл белсендігіне сай келген, бастау қадамында жаңалықты тәжірибені түсіну мен бағалауға мүмкіндік беретін тіршіліктің әмбебаб тәсілі-табиғи педагогикалық іс-әрекетке қайта оралады.Нәтижеде, науқандық шаралар педагогикасы болмыс тіршілік педагогикасына орнын беріп, кең философиялық мағынаға ие болған шығармашыл ой-өріс мектебінің дәуірі басталады.Үшінші педагогикалық жағдайға өту кәсіби-педагогикалық ұстанымдар мен бұлжымас ерекшеліктердің (стереотиптер) түбегейлі ауысымдарын, тәжірибелі мұғалім іс-әрекетінің басқаша мән-мағыналық қырларын ашуды талап етеді.Қазіргі күнде қаруымыз болып жүрген тәлім-тәрбие жүйесінің жобасы “адамилық” өлшемдері негізінде қайта сындарлы талдауға түсіп, өзгеріске келеді.Ғылымы-техникалық ілгерілеу ашқан мүмкіндіктерді сақтай отырып, адам Табиғатпен өзара әрекеттестікке келудің, басқа адамдармен араласудың табиғи арналарын өзіне қайтарып алуы тиіс.Сонда ғана қоршаған дүниемен үйлесімді жасауға мүмкіндік беретін тіршілікке сай қажетті де көлемді білімді қамтыған ақпаратқа қол жетуі әбден ықтимал.Мұның бәрі тәлім-тәрбие мен оқу-үйретім, үйренім мәнін түбегейлі қайта қарастыруға жетелейді.Мұндай ізденістер арнасында бізге жол сілтер жұлдыз міндетін бүгінде әдебиеттерде кең әрі тұрақты қабылданған түсінік – педагогикалық үлгі (парадигма) категориясы атқарады.Педагогикалық үлгілер қалыптасуы, бұдан былай да қалыптасып баруы адамзат қауымдастықтарының бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасауының сан қилы әдістерін меңгеруінің нәтижесінде туындауда.Бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбие үлгілерінің қай-қайсысында жақсы не жаман, болымды не болымсыз деп баға беруге болмайды.Бұлардың әрбірі әлемді, оның бір бөлігі педагогикалық нысанды қалай да қаншалықты қабылдай білуге, олардың мәндік сапасын түсінуге, оқу-үйретім үдерісін құрастыру жөніне байланысты өз өзгешелігіне ие.Егер тәлім-тәрбиенің саясаттан твс болатынын ескеріп, негізге тек қана мәдениет мәнмәтінін (контекст) алатын болсақ, ендеше мәдениетке деген үш көзқарасқа сай келетін тәлім-тәрбиенің үш тұжырымдық жобасын бөліп құрастыруға болады. Мәдениетке деген көзқарастар түрі:

-құндылықтық (аксеологиялық);

-іс-әрекет: мәдениет заттасқан және рухани құндылықтар жасаудың сыналған іс-әрекет әдістері сипатында түсіндіріледі.

-тұлғалық: мәдениет нақты тұлға бойында, оның қасиет-сапаларында көрініс алады.

Аталған көзқарастарға сәйкес тәлім-тәрбие үлгілері:

-дәстүрлі-мызғымас, яғни тәлім-тәрбие жәрдемімен қалыптасқан мәдениеттің сақталуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуші педагогикалық үлгі; -саналы (рационалистік), яғни үлгінің мәдениетке болған іс-әрекеттік бағытына сай келіп, адамның белгілі мәдениетке бейімделуін қамтамасыз етуі.Бұл арада басты назарға алынатын білім болмай, ептіліктер мен әрекет әдіс-тәсілдерінің алғы шепке шығуы.

-адамгершілікті-гуманистік (феноменологиялық), яғни педагогикалық үлгінің бағыты:адамды мәдениеттің басты өрнегі ретінде танып, тәлім-тәрбие қызметінің бірегей субьекті деп қабылдауы. Сонымен, үлгілер, біріншіден, тәлім-тәрбие алдына тартылатын мақсаттар бойынша;екіншіден мектеп атқаратын қызметтерді түсінуге орай;үшіншіден-мақсаттарға қол жеткізу әдістеріне байланысты;төртіншіден-педагогикалық өзара әрекеттестікке келу жолдарына, әсіресе тәлім-тәрбие барысындағы шәкірт ұстанымына қарай ажыралады.Аталған үлгілердің әрбірі тәлім-тәрбие жүйесінде өз сұрақтарымен еленеді:

-әлеуметтік мекеме ретіндегі мектеп атқаратын қызметтерге тәуелді;

-тәлім-тәрбие жүйесінің тиімділігіне орай;

-мектеп алдында қойылатын басым мұраттар жайлы;

-тәлім-тәрбиенің қоғамдық мәнді мақсаттарының мазмұны нендей болтын жөнінде;

-қандай білім, ептілік, дағды құндылықты, кім үші құндылықты, сонымен бірге бүгінгі әлем тәлім-тәрбиесі қандай болуы лазым. Әрқилы тәлім-тәрбие үлгілеріне берген В.Я.Пилиповский берген салыстырмалы сипаттамасында тұлға тәрбиесі әрқилы құндылықтарды арқау етеді:

-мәнгі мызғымас құндылықтар (трансцендетті), яғни тәрбиеленушіні Ақиқат пен Аллаға жанастыру;

-әлеуметтік өзекті (социоцентрлі) құндылықтар (еркіндік, теңдік, бауырластық, еңбек, бейбітшілік, шығармашылық, келісім, инабат-имандылық және т.б );

-адами өзекті (антропоцентрлі) құндылықтар (өз мүмкіндіктерін паш ету, рахат өмір көздеу (гедонизм); пайда табу; шынайылылық, дербестік, даралық).

Тірек болар құндылық таңдаудан қалаулы тәлім-тәрбие үлгісі қолданымға енеді. Қазіргі кезеңде педагогикада қабылданған үлгілер біршама тар мағынада да қарастырылуы ықтимал.Бұл әдеуір жалпыланған түсініктерді нақтылай, күнделікті тұрмысқа жақындата ұғуға мүмкіндік береді.И.Б.Котова мен Е.Н.Шиянов дәстүрлі педагогика үлгілері санында келесілерін атайды:

тәрбие қалыптастырушы-үлгі шәкіртті әлеуметтік тапсырыс және идеологиялық талаптарға сай келген сапаларға баулуға арналған;

бала-педагогикалық ықпалдар нысаны да, ал мұғалім мүмкіндіктері жоғарыдан түскен бұйрық-ұсыныстарымен шектелген орындаушы субьект қана ;

педагогикалық үдерістегі қызметтестік байланысты әрекеттер: әр қатысушы өзіне міндеттелген тапсырыстар алады, олардан қандай да ауытқу қылық-әрекет пен іс-әрекеттің қалыпты талаптарына нұқсан келтірумен бірдей бағаланады;

тәрбиеленуші қылық-әрекеті мен іс-әрекеті сырттай шарттарға орайласқан болып, әрі сол шарттар оның тәртіптілігінің, орындаушылығының негізгі көрсеткішіне айналады.Осыдан шәкірттің педагогикалық ықпалға түсу барысындағы ішкі жан дүниесі көмескіленіп,еленуден қалады;

шәкірт іс-әрекетінің тікелей бұйрықты (императив) басқару мәнері: бір ықпалға бағыну, тәрбиеленушілердің ниет-ықыласына шек қойып, шығармашыл әрекетін тұсаулау;

тәлім-тәрбие үдерісін баршаға бірдей өлшем-талапқа жүгіндіру (стандарттау): оқу-үйретім мазмұны мен технологиясы орташа үлгерушілер мүмкіндіктеріне орайластырылған.


Дәстүрлі педагогикалық ой-өріс педагогикалық іс-әрекеттің мызғымас негізі сипатында осы және басқа да үлгілер жиынтығын қару етіп,пайдаланады.Ал бүгінгі таңда заман өзгерістеріне орай ұсынылып жатқан тұлғалық бағыттағы үлгі тұжырымдамасының негізіне өзінің адами-инабаттылық (гуманистік) бағдарымен ерекшеленген үлгілер тобын арқау етеді, яғни педагогикалық әрекеттер тұлға сапа-қасиеттеріне зиян келтірмейді, баламалы, шығармашылдықпен қайта қарастырып, жаңаша ұғуға бейімді.Осыған байланысты педагогиканың ғылыми қызметі дәйекті де дәлелді негізде реттеу-түзет ұсыныстары ретінде қабылданып, адамның тұлғалық құндылықтары тұрғысынан танылған педагогикалық тәжірибенің дамуына жол ашады.
16.2. Іштей ұғыну (эзотериялық) үлгісі.

Бұл біздің планетамыздағы ең ежелгі тәлім-тәрбие «Эзотериялық» сөзінің грек тілінен тура аударғандағы мәні: жасырын, сырлы, түбегейлі дінге, мистикаға, магияға арналған дегенді аңдатады.Оның мағынасы мәңгі де мызғымас ақиқатқа бағыштылықты білдіреді.Бұл үлгі тараптарларының пікірінше, Ақиқатты толық тану мүмкін емес, оны тек аянмен ғана сезінуге болады.Мұндай үлгідегі педагогикалық қызметтің түпкілікті мәні ғарышпет қатынасқа келу үшін қажет болған шәкірттің табиғи күштеріне еркіндік беріп, оларды дамыту, жоғары санаға жол ашып беру.Мұндай мақсатқа жеке түрде адамгершілік, тән-дене, психикалық дайындықты іске асырып, баланың табиғи күштеріне дем беретін Ұстаз-мұғалімнің қамқорлық қызметі аса маңызды келеді. Эзотериялық үдерсте жасаушы педагог “баланы жетігіне алған құл” мағынасындағы педагог емес, ол енді шынайы Ұстаз.Оның ұстанымы:Ақиқат мәнгі және мызғымас (Бхагаван Шри Раджниш. Пульсация Абсолюта. М.,1993. с.11).

Ақиқатқа жекізетін жол бұл білім, оны үйрету мүмкін емес, оған қатыстыру, араластыру қажет.Осыдан, педагогикалық үдеріс бұл ғылыми-технологиялық үлгілердегі ақпарат жекізу емес, гуманитарлық үлгідегі сияқты ортақтасу емес, бұл нәтижесінде “сананың-күш” екендігін түсіндіретін Ақиқатқа жақындату жолы, құралы.Ал бұл Н.К.Рерих анықтамасы бойынша, “аян, көрегендік шарпуы” арқылы пайда болады.Іштей ұғыну үлгісінде ғарышпен ақпараттық байланыста адамның өзі негізгі ағзаға айналады. Шәкірпен жұмыс істеудің мұндай қисынында ғылыми ұғымдар немесе дерексізденген білімдер қозғалысы ескерілмейді.Бұл орайда тәжірибе, қалып, толғаныстар жүрісі басымдау келеді: себебі шындық ежелден қаланған әрі ол өзгеріске түспейді, сондықтан оны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, оған тек көрегендік аянмен жол салып, қол жеткізу мүмкін.Мұндайдағы адам қалпын әдебиеттерде “көңіл көзінің ашылуы”, “эврика”, “жоғары санаға жол ашу”, “инсайт” деп түріліннше атайды.Эзотериялық үлгі дәстүріндегі тәлім-тәрбие “адам сапасын” өзгертуге, әлеуметтік тетіктер аясында қалыптасқан тұлғалық бүркемелер құрасуынан табиғи мән-мағынаны азат етіп, оның жарқырап өрістеуіне мүмкіндік беруге арналады. Ұстазға толықтай еркін бағынышты болу алғы шарт.Іштей ұғыну дайындығында мойындап, құлақ тасу кезеңі міндетті.Осы кезеңде толық үнсіздік шәкір тек түсінуге тырысып, сұрақтар қоймастан, Ұстаз талаптарын қалтқысыз орындап баруы міндетті. Эзотериялық үлгіде бүгінгі педагогтың үйрешікті түсініміндегі бағалау тәсілі «жойылады», себебі бағалау нысаны-тұлғаның өзі де көзден ғайып болады.Қоршаған дүние заттарымен бір «ерітіндіге» айналған бұл тұлға тұтастай бір бүтіндіктің ажыралмас бөлігі күйіне енеді.

Эзотериялық үлгі Египет, Бабыл, Үндістан, Американың ежелгі өркениеттеріне тән болған Тәңірлік дін ғұламалары, Тибет ламалары,Америка құрлығын мекендеген ежелгі үндіс тайпаларының абыздары, тіпті біздің дәуірімізге жақын жасаған Пифагор метебінің өкілдері де осы эзотериялық үлгі амалдарын танып, біліп пайдасына жаратқан.


16.3. Дәстүрлі – мызғымас (білімдік бағытты) парадигма.
Бұл парадигма үш тұжырымдама негізінде түзілген

Бірінші тұжырым: тәлім негізінде базалық білімдер және оларға сәйкес ептіліктер мен оқу-үйретім амалдары, дағдылар қалануы тиіс.Бұған қол жеткізу үшін шәкірттер ең қажетті деген оқу-үйретім амалдарын, яғни оқу, жазу және математикалық төрт амалды жетік меңгерген болуы тиіс.

Екінші тұжырым: тәлім мазмұны екінші дәрежелі білімдерден емес, шын мәнінде маңызды ды аса қажетті ақпараттан құрылуы тиіс, яғни тәлім қорындағы өнімді қауызынан айыра бөлген жөн.Тәлім жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағытталуы тиіс.Мектеп өз назарын уақыттар сынынан өтіп, тәлім негізіне айналған ғылыми ақпараттарға бағытталуы жөнді. Үшінші тұжырым: гуманистік оқу-үйретім үдерісінде аса көп орын этикалық құндылықтарға бөлінгені абзал.Әңгіме жалпы адамзатық құндылықтар жөнінде жүргізіледі. Жаңашылдар шарпуымен Батыс елдерінде “қайт, бастауларыңды тап!”-деп ұрандаған қозғалыстар жүз бере бастады.Оның себебі-жаратылыстану факультеттерінде табиғат негіздеріне байланысты мәліметтерге ден қоюдан қалып, жаңа ғылымдар топтамасын зерттеп, үйренуге бет бұрған.Р Эбел “Мектеп не үшін қажет”атты еңбегінде жаңа педагогикалық идеяларға тікелей қарсы шықты.Оның пікірінше мектеп: -бұл жастарды көше ықпалынан қорғайтын, еңбекке қарастыратын қамқорлық мекемесі емес;

-бұл икемдестіру орталығы емес;

-бұл әлеуметтік экперимент қоятын орын емес;

Р.Эбел түсінігінде, мектеп-ұлттың ақыл-зерделік мүмкіндіктерін сақтау үшін қажет білім меңгеруші оқу-үйретім орны.Мектеп барша жауапкершілікті өз мойнына ала алмағанымен, ол оқу-үйретім, үйренім үшін қолайлы жағдайлар жасауға міндетті, яғни:

-білікті мұғалімдер топтау;

-қажетті материалдың-техникалық қорға ие болу.

Н.Поустмен өзінің “Оқыту қорғаныс әрекеті ретінде” атты кітабында (1980) дәстүрлі бағытты ұстанумен мектеп ақпараттық аймаққа икемдеспеуі тиіс: теледидар ақыл-зердеге зиянды ықпал жасайды, себебі ол да мектептегідей өз бағдарламасына, өз жүйесі мен әдістемесіне ие. Мектеп осы ақпараттық ортаға қарсы тұруы қажет. Бұл егер мектеп тарих, тіл, өнер, дін және адами ұмтылыстар ұштастығы бойынша жақсы білім ұсына алса ғана, мүмкін. Мұндайда мектептің баса назары аударып, көздегені ғылыми мұралар ретінде қабылданған тәлім, жаратылыстану, әсіресе, тарих негіздері болған жөн. Дәстүрлі-мызғымас тұжырым мектептерге АҚШ Конгресі және саясаткерлер тарапынан ұсынылғын.Сонау 1983-жылы АҚШ президенті тәлім бойынша комиссия тағайындады да ол “Ұлт қатерлі шекте” атты баядамасын алға тартты. Баяндамада келтірілген тәлім саласындағы келеңсіздіктердің өрбуі, АҚШ мектептеріндегі жоғары талап деңгейінің жойылуы жөніндегі мәліметтер президентті тынышсыздандырды. Елде орын алған қатер: ақыл-зерде, ой өкілдерінің нашақорлық сияқты әлем бойлап, бөлшектене тарап кетуі. Жоғары тәлімдік деңгей-үйлесімі мен келеісімпаздығын (плюрализм) мақтаныш ете білген демократиялық мемлекеттін тұғыры. Осыдан 1990-жылы АҚШ президенті Буш конгресте ұлттық тәлім бойынша баяндама жасап, 2000-жылға дейінгі оның мақсаттарын жәриялады. - 1-сыныпқа келетін бала оқып білуі қажет;

- шәкірттердің 90% орта жалпы тәлімдік мектепті білім стандартына сәйкес сапалы бітіріп шығуы тиіс;

- 4,8,12-сыныптарды бітірушілер қоғамдық пәндерден, ағылшын тілінен, математикадан, жаратылыстанудан, тарих және географиядан емтихан тапсыруы тиіс. Аталған пәндерден, сыныптан сыныпқа көшу емтихандары енгізіліп, мазмұн жаңаланады. Америка қоғамы мектептің қалыпты-ел өмірінің барша салаларына араласуға қабілетті азаматтар дайындайтынына сенімді болуы тиіс;

- 2000-жылға Америка мектеп шәкірттері математика және жаратылыстану пәндерінен дайындық деңгейі бойынша әлемде 1-орын иелеуі тиіс еді;

- жеке өз құқықтарын іске асырудың маңызды шарты тұрғындардың жалпылай сауаттылығын қамтамасыз ету қажет;

- 2000-жылға АҚШ-тың барша мектептері нашақорлықтан құтылып, оқу-үйретім үшін қолайлы жағдайларға ие болуы қажет; Америка тәлім стандарты және оны іске асыру шарттары шын мәнінде, міне осындай. Оны қаржыландыру да әлемде бұрын соңды болып көрмеген жоғары деңгейде болды. Тәлім мақсаттары проблемасы, осылайша, мәдениет пен өркениеттің аса мәнді элементтерін жеткізумен байланыстырады. Мектеп бағдарламаларында жеке адамның қызметтік сауаттылығы мен әлеуметтенуін қамтамасыз етуші білім, ептілік және дағдылар қорын қалыптастыру көзделеді. Дәстүрлі-мызғымас парадигма өз негізінде жеке-дара даму мен әлеуметтік тәртіп сақтауға жәрдемдесетін мәдени мұраны, мұраттар мен құндылықтарды сақтап және оларды жас әулетке жеткізу мақсатын ұстанған мектептің “қорғаныштық” мызғымас (консерватив) рөлі жөніндегі идеяна арқау етеді. Осыдан мектеп бағдарламаларының мазмұны баланың іс-әрекет, қызмет орындау сауаттылығы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ететіндей, заман тексерісі мен сындарынан мүлтіксіз өткен негізгі білім, ептілік, дағдылар қорынан бастау алуы тиіс. Бұл жүйенің көзге түсер ерекшелігі-оның академиялық сипатта болып, мектеп пен тұрмыс-тіршілік арасындағы байланысқа мән бермеуінде. КСРО тәлім жүйесі нақ осы парадигманы арқау етті әрі оны тиімділікпен пайдаланады: өткен жүзжылдықтың 50-жылдарында сыңаржақ білім игеруден қалыптасқан ақыл-зерделік (интелектуал) деңгейі бойынша кеңестік жастар әлемде 2-3 орын иеленген еді (БҰҰ деректері).


16.4.Технократиялық парадигма
Бұл парадигма кәсіптік сана мен әрекет-қылықта ғылыми-техникалық төңкеріс жағдаяттары жеке құбылыстарының ықпалы мен олардың салдарынан туындап, қалыптасқан болатын. Парадигма өз негізіне ғылыми дәйекті, тәжірибеде сыналған білімдермен дәлелденген ақиқат, шынайылық жөніндегі ұғымдарды қалады. Осы оқу-үйретім үлгісін қару еткен мұғалімдер “Күш білімде” ұраны астында қызмет жасап, білімдер шындығының өлшемін тек практикамен байланыстыра іздеді.

Технократтық парадигма жағдайларында оқу-үйретім, тәрбие үдерісінің кез келген нәтижесі «ия-жоқ», «біледі-білмейді», «тәрбиелі-тәрбиесіз», «меңгерген-меңгермеген» жүйесімен бағалануы мүмкін. Мұндай педагогикалық үлгіде дайындық тәлімдік, тәрбиелік деңгейді анықтаудың міндеті қандай да өлшемі, талап-шектері мен көрсеткіштері басшылыққа алынады. Белгіленген ережелерге орай адам сапасының түсінімі оның қажет болған әлеуметтік қызметті орындауда дайындығы не дайынсыздығының бағасымен байланысты келеді. Ал міндетті білім және тәртіптілік жөніндегі ұғым мемлекеттік деңгейде айқындалып, бекиді.

Бала құндылығы «аз-көп», «жаман-жақсы», “күшті-әлсіз» принциптерімен анықталып, оқу орындарында жарыс, бәсекелестік тартыс жағдайларын туындатады. Мұғалім таңдауы, әдетте, «күшті» пайдасына шешіледі. Технокртия қисынына сәйкес әрдайым орындалатын іріктеу нақтама, конкурс тестлеу мезетінде “дайын тұрғандардың” алға ілгерілеуі үшін жүргізіледі. Теңсіздік “ересек-бала”, “мұғалім-шәкірт” жүйесінде өз көрінісін тауып барады. Алдын ала шамасы ресми бекіген білім мен әрекет-қылық иегері бірдейіне ересек болатындықтан, педагогикалық үдеріс қатысушыларының әрекеттестігі, сыртқы белсенділік формасынада қарамастан, субьекттің монолог жанрындағы ақпараттық хабарламасы принципінде құрылады. Мұндай монологтың субьекті тек адам емес, оқу-үйретім машинасы да бола алады. Әрқашан білім субьект тарапынан туындайды. Әдістемелер де әрқилы болуы ықтимал: жәй қайталау, қайта жасаудан (репродуктив) интербелсенділікке дейін, бірақ әрекет мәні қай жағдайда да жалпы бірдей: тәрбиеленуші санасы мен әрекет-қылығына жоғары дәлдікпен талаптық мазмұнды енгізуге мүмкіндік беретін алгоритмді тауып, оның толық әрі дәл қайта жаңғыруын қамсыздандыру.

Шәкірт және оның ұстазының еркіндігі қабылданып, бекіген ресми ұстанымдар мен стандарттар шеңберінде іске асады. Теңдік, шынайы тұрғыдан, болуы мүмкін емес, себебі барша субьект бірі бірімен алдын ала қабылданған өлшемдерге сай салыстырылады. Осыдан, технократиялық болмыс ережелеріне жүгінген қоғамдық сана аймағы сол ережелерді күмәнді бағалап, жоққа шығарушы білімдер мен әрекет-қылық амалдарына қарсылық білдіріп жатады. Ғылыми-технократтық парадигма ежелден танымдық мүмкіндіктер теңдігіне деген сенімсіздік қисынына сәйкес түзілген. Осының салдарынан әлемдек педагогикалық мәдениетте әр текті тәлімдік сынақ, рейтингтік тәсілдер мен стандарттар, әрқилы дағдарысты формалар пайда болып жатады. Сонымен бір қатар “жоғарыдан түсірілген” талап-шартқа сәйкестікті тексеруде, баланың ұтымды дамуына жағдайлар жасалдыма, ұсынылған стандарт, эталон нақты адам табиғатымен ұштасып, жұптасама-бұлар ескерусіз қалатын. Алайда, бұл парадигмадағының баршасын “жаман” деп бағалау жөнсіз. Себебі бұл оқу-үйретім үлгісі тек өкілінің мүмкіндіктеріне сенбеушілікке негізделгенімен, осы парадигманың арқасында небір өнімді педагогикалық технологиялар мен жұмыстың қызықты формаларына кол жекіздік: трафарет көмегімен жазу, оқу-үйретімнің белл-ланкастерлік жүйесі, алгаритмдеу және бағдарламаластыру, комьютер ойындары, тірек конспекттері және т.б. Бұлардың бәрі күрделі педагогикалық үдерісті ретке келтіруге, оның сандық бағасын беруге, кері байланыс орнатуға көп жәрдемін тигізді.

КСРО-да технократиялық парадигма 1958-жылы үкіметтік мектеп реформасымен ресми бекімін алды. Нәтижеде, оқу-үйретім жоспарларынан КСРО Конституциясы (азаматтардың құқықтары мен міндеттері жайлы пән), психология (адам жаны жөніндегі ғылым) шығарылып, олардың орнына оқу- сабақтар кестесінде “Техникалық және қызмет көрсету еңбегі” мен “бастапқы әскери дайындық” пәндері енді. Орта мектеп өзінің басты қызметі адам мәдениетін қалыптастыру болғанымен, енді “еңбектік политехникалық” деп ресми жәрияланды. Сол реформаның жаңғырығы бүгінгі мектеп жоспарларында “еңбекке баулу”, “Технология” атамаларымен сақталып келеді. Осы пәндерге тәуелді балалар мектеп сыныпханалары мен ауласын тазалау және кездейсоқ еңбектік міндеттерге тартылуда.

Барша кемшіліктеріне қарамастан технократтық парадигма шәкірттердің жоғары білімдік деңгейін қамтамасыз етті. Технократтық тәлім басымдылығыан біздің өткендегі еліміз әлемде бірінші болып ғарыш кеңістігін игере бастады.


16.5.Бихевиористік (саналы әрекет-қылықтық) парадигма.
Бұл парадигманың жоғарыда аталғандардан өзгешелігі - білімдік не мәдени негізді болуынан емес, психологиялық-бағдарлы - бихевиористік сипаттылығынан.

Бихевиоризм - бұл адамның сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі әрекет-қылығын қарастырушы психологиялық теория:

ЫҚПАЛ-ЖАУАП (стимул-реакция).

Бихевиористер адамның ішкі жан дүниесі мен оның қалпына назар сала бермей, көбіне сырттай ықпалдарды қарастырады.

Мектептің саналылық (рационалистік) жобасыда осы теориямен байланысты. Аталған жоба (модель) мектепті баланың әрекет-қылығын қалыптастыру мақсаты үшін қажетті білімдерді игерудің көзі ретінде бағалайды, яғни мектеп ортаға икемдесудің тәлімдік тетігі (механизмі).

Бұл жобаны жақтаушылар мектепті “фабрика” деп таниды да оның шикі заты мен нәтижесі-оқушы болатынын дәріптейді: оқушы-өмір үшін дайын өнім.

Тәлімнің жетекші принципі-үдерістің сыртқы шарттарын реттестіру және әрекет-қылық түрлерін жасаушы әрі иемденуші шәкірттердің сол шарттарға сәйкес жауап әрекеті (яғни әрекет-қылық тәсілдерінің жиынтығы).

Мектеп мақсаты-шәкірттер бойында батыстық мәдениеттің әлеуметтік қалып-көрсеткіштеріне, талаптары мен ниеттеріне сәйкес икемшіл мінез-құлық (ой, сезім және әрекет) түрлерін қалыптастыру.

Бұл парадигма мектепті шәкірттердің ұтымды әрекет-қылықтарын қалыптастыру мақсатына қызмет етуші білімдерді игерудің жолы ретінде таниды. Басты ұраны: “Мектеп-бұл фабрика, ал шәкірттер-оның шикі заты”.

Бұл парадигманың технократтық бағыты: шәкірттің қандай ептіліктер мен дағдыларға ие болуы қажет екенін дәл көрсететіндей оқу-үйретім мақсаттарын қалыптастыру керектігін айқындауға қызмет жасайды.

Американ психологы Б.Скиннер “әлеумет инжинерлігі” ұғымын енгізіп, соған байланысты әрекет-қылық мәнін ашты. Сол мәнге сәйкес оқу-ұйретім құрылымын ұсынды. Оқу-үйретімгің баршасы нақты дағдылар мен жауап әркеттер қалыптастыруғы арналады:

Телефонмен қалай хабарласу керек?

Сырқат анамен қайтіп сөйлесу орынды?

Жауабын білмеген сұрақтан қалай құтылуға болады?

Бұл оңай емес, алайда қызықты міндет. Мысалы, Б.Блум химия бойынша келесідей ақыл-зерделік (интеллектуал) амалдарды ұсынады: білім, түсінім, талдау, қолданым, бірігім (барлығы 5 деңгей-амалдары).

Химияның кезкелген бөлімі бір не бірнеше деңгейде игерілуі тиіс. Бұл үшін әрекет-қылықтың өлшемге келер бірліктері болуы қажет. Ал даму, шәкірт шығармашылдығын анықтау қалай болмақ? Осыдан дайын үлгі (шаблон) және “сүйретпелеумен” үстірт дайындық проблемасы пайда болады.

Солай да болса, аталған проблеманы шешудің білімді толық игеру тұжырымы туындады. Мұндағы шарттардың бірі-оқу-үйретім мерзімінің шегерілмеуі.

Оқу-үйретімнің негізгі кезеңдері (құрылымы).



  • шәкірттің байқалған әрекеттері жиынтығына сай келген эталон негізіндегі оқу-үйретімді жоспарлау;

  • нақтамалық кезең: шәкірттердің білім, ептілік және дағдыларының бастапқы деңгейінің алдын ала жүргізілетін нақтамасы қажет;

  • ұсыну кезеңі: оқу-үйретімнің ниетті нәтижелері, қалыптастырушы ықпал шарттары мен оларды іріктеу көзделеді;

  • ұйымдастыру кезеңі: шәкірттерге не білуі қажеттігі түсіндіріледі, яғни мақсаттары жеткізіледі, практикалық машықтану жүргізіледі;

  • оқу-үйретім нәтижесін бағалау және оны алғашқы белгіленген эталонмен салыстыру; тағы бір қайталай тестілеу орындалады;

Сонымен, машық (тренинг), жеке-дараландыру, нақтама және қатқыл уақыт шектеуінің болмауы-білімді толық игерудің басты шарттары осылар.

Аталған тұжырымдама “Шәкіртке болған толықтай сенім” деген Б.Блум принципінде өз қолдауын тапты. Б.Блум пікірінше, балалардың баршасы бәрін үлгереді ғана емес, сонымен бірге табысты оқу-үйренімге келеді де. Шәкірттің оңтайлы қабілеттері қолайлы жағдайлар мен оның өзіндік оқу-үйретім қарқынымен анықталады.

Ғалым шәкірттердің келесідей категорияларын бөле қарастырады: - қабілеті кемдер (5%). Бұлар тіпті ұзақ мерзімді оқу-үйретімнің өзінде де білім игере алмайды;

- дарындылар (5%). Бұлардың оқу-үйренімі өте қарқынды;

- қалыпты шәкірттер (90%). Мұндайлардың қабілеттері оқу-үйретімге жұмсалған уақыт есебімен анықталады.

Осының бәрі Б.Блум тұжырымдамасының негізіне алынып, келесідей шешімге тиек болды: шәкірттердің 95% уақыт шектеуі болмаса және оқу-үйретімге деген оңтайлы шарттар орындалып жатса, көзделген мазмұнның бәрін толық игере алады. Педагог-ғалым ұсынған бұл тұжырымдаманың ерекшелігі:

- барша шәкірттерге міндетті жоғары деңгейлі нәтижені белгілеп бару;

- оқу-үйретім нәтижелеріндегі айырмашылықтар осы жалпы жоғары нәтижелер сыртында қарастырылады,

- шәкірттердің бәрі қажетті оқу-үйретім материалын толығымен игеруге қабілетті екеніне мұғалім сенімінің болуы, ал оның міндеті-оқу-үйретім үдерісін ұйымдастыру.

Әдістеме мәні келесі амалдардың орындалуында:

Бүкіл сынып, курс үшін толық игерім өлшемдерін дәл анықтаумен мұғалім меңгерілуі тиісті оқу-үйретімнің нақты нәтижелерінің тізімін құрастырады. Оның негізінде тест тапсырмалары түзіледі.

Оқу-үйретім бөліктері, яғни материалдың біртұтас бөлімдері ажыралады.Кейін қайталай олардың игерілім нәтижелері анықталып, ағымдағы, қортынды бағаға әсері жоқ тестер түзіледі. Бұл тестер мұғалімнің реттеу-түзету жұмыстары үшін қажет.



Оқу-үйретім бағдары бағдарлама материалының әрбір бөлігі бойынша толық игерім нәтижесіне жеткенше. Кейін-қайта тестілеу. Бүкіл курс бойынша материалдың толық игерілімін бағалау.

Мұнда маңызды болатын жәйт: әрбір шәкіртке баға құндылығын, оқу-үйретім мақсаттарын жете түсіндіру.

Б.Блум өзінің педагогикалық еңбектерінде мақсаттардың келесідей категорияларын ұсынады:

- білім, - түсінім, - қолданым, - талдау, - бағалау.

Орташа және үлгерімі төмен шәкірттер бойындағы қабілеттердің жеделді дамуы - Блум тұжырымдамасының басты мәні мен мақсаты.
16.6.Гуманистік (тұлғалық) парадигма.

Технократиялық және бихевиористік парадигмалардан әлденеше жылдар бұрын гуманистік парадигма қалана бастады.Ол өз назарының басты нысаны ретінде шәкірттің даму желісін, оның ақыл-зерделік қажеттері мен тұлғааралық қатынастарын таңдады.Бұл тәрбие үдерісінің өзегі-балаға болған адами-инабатты қатынас, оның тұлғалық өсіп жетілуіне жәрдем, әрине, бұлармен бір қатар оны өмірге дайындау, тіршілікке икемдестіру т.б да естен шығарылмайды. Сонымен, дамыту мен өзіндік даму, өз мүмкіндерін өзіндік паш ету, шәкірт шығармашылдығы, жасампаздық, субьективтік тәлім тұғырында жатқан басты міндеттер.Бұлар, әлбетте, басқа парадигмалар астарына салынған субьект-обьектті қатынастардан мүлде өзгеше.Тұлғалық парадимада жоғары деңгейлі мән қызметтестік қатынас құрудың құралы әріптемес байланыстарға аударылады.



Шәкірттің даму категориясы.Даму мәні неде? –сапалық қалыптың өзгеріске келуі, жаңа қабілеттердің пайда болуы.Тәлімде ең алдымен ескерілетін құбылыс-бұл баланың ақыл-зерделік (интеллектуал) дамуы.

Даму-бұл алға тартылған міндеттерді орындауда шәкірттің жоғары белсенділік пен дербестік деңгейіне көтерілуі.Танымал психолог Л.С.Выготскийдің пікірінше, даму шәкірт оқу-үйретімі мен тәрбиесінде көрсетілетін жәрдем шамасымен анықталады.

Л.С.Выготский анықтамасына орай, көкейкесті даму аймағы аймағы-баланың тек ересек жәрдемімен пайдаболатын білімдері, ептіліктері мен дағдылары.

Даму түрлері:

-жалпы (әмбебаб және тән де қабілеттері);

-арнайы (қабілеттер және дарындылықпен байланыстылары);

-мәдени (мәдени-әлеуметтік құндылықтарды тану және пайдалану);

Дамудың ең жоғары деңгейі-өзіндік даму.

Білімді қажетті құрылымға келтірудің негізгі жолы-тәлімге деген мәдени-танымдық бағыт.Ол оқу-үйретім пәндерінің бірігімі, дәуір мен мәдениеттің біртұтас бейнесін жасай білу, мәдениет пен өркениет ара қатынасын түсіну, мәдениет қалыптастырудағы әрқандай білім саласының мәні мен маңызының қажеттігін ұғу және т.б.

Әзіргі кезеңге сәйкес мойындайтын жағдай-жоғары тәлімді психологтардың, әлеуметтанушылардың, бастауыш мектеп мұғлімдерінің жетіспеуі.Осыдан, тәлімді гуманитаризациялау ісі әліде болса, өз деңгейінде жүргізілмей жатыр.

1993-жылы Азов қаласында өткен “Адам құқықтары” атты халықаралық семинарда мектепте үйретілетін “Адам және қоғам” пәні жөнінде әңгіме көтерілді.Италия, Англиядан келген профессорлар бұл пәнді барша мектептер мен ЖОО-ларда гуманистік (тұлғалық) парадигманы іске асыру үшін енгізу қажеттігін ұсынды.Бұл пән үздіксіз игерілуі тиіс:

бастауыш мектепте-адам құқықтары жөнінде әңгіме-сұхбат;

жасөспірімдер үшін-“Азаматтану” пәні;

жоғары сынып шәкірттері үшін-“Адам құқықтары және демократия негіздері” пәні;

Батыс елдері ғалымдарының пайымынша, мектеп құқықтық қоғамның

нобайы (моделі) болуы тиіс, бірақ әкімшіл-әміршіл кеңестік дәуір үлгісін сақтаған мектепте оны іске асыру біраз қиыншылықты.

Тәлімнің гуманистік парадигмасын іске асыру жағдайларында басты қадам-әрбір адамның ақиқатты, яғни таным даңғылын таба білуі.Сондықтан, бұл парадигманың іштей мәнге сәйкес ұраны: “Таным-бұл күш-қуат!” Педагогикалық үдеріс екеуара не көпара (диалог не полилог) әңгіме-сұхбат принципіне негізделуі, суырыпсалма ділмарлыққа (импровизация) бай болмағы лазым.Бұл ортада қалыпты, сыңаржақ ақиқат болмайды, сондықтан, ортақтасу нәтижесі рухани құндылықтар алмасуы “Ия-ия” мәнімен анықталады.

Гуманистік үлгінің негізгі ұстанымдарының бірі-бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі.Алайда, мұндағы теңдік білімдер мен тәжірибенің бірдейлігі не өзара теңдей құндылығында емес, әрбір қатынас мүшелерінің дүниені тануға деген шектеусіз мүмкіндіктерге құқылы болуында.Осы жағдайды жол-жоба етіп ұстанған ұлы педагог Я.А.Коменский “Баршаны баршаға үйрету” деп тектен-тек ұрандамаған.Мектептегі педагогикалық қызметтің сапалық өлшем бастауы-Адам және оның уақыт және кеңістіктегі өзіне өзі бағыттаған ұнамды қозғалыс әрекеті

Гуманистік парадигма “субьект-субьект” өрнегіне сай қатынастарды қалыптастырады.Ұстаз бен шәкірт бірлікті іс-әрекет мақсаттарын, мазмұнын нақтылайды, өзара қызметтестік пен жұптасқан шығармашыл ізденіске кірісумен оқу-үйретім формасы мен бағалау өлшемдерін таңдайды.Педагогикалық ықпал “нысанының” қалпындағы нақтамалық өзгерістер іріктеу, таңдастыру мен тәлімдік ажырата бөлшектеу құралы бола алмайды.Төмен үлгерім көрсеткіштері адам сапасы жөнінде пікір айтуға негіз бермейді, олар тек кәсіби жұмыстың болашағы мен мүмкіндіктерін бағалаудың алғашқы деңгейі қызметін атқарады.Бағалау өлшемдері аймағы енді тұлғалардың қатынастар кеңістігіне өтеді.

Гуманистік парадигмада адамға, балаға деген мейір-махаббат кәсібиліктің басты нышаны, осыдан да педагогикалық өркениеттен орындалған әдебиеттердің авторлары “Баланы қалайша түсініп, сүйу қажет?” сұрағына ежелден жауып іздестіруде.

Мейір-махаббат әрбір адамның шығармашыл қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сенім ұялатады, ал шыдамдылық (телеранттық) педагог даналығына кепілдік береді.Бұған мысал-И.Г.Песталоцци, Я.Корчак, К.Н.Вентцель, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, Ш.А.Амонашвили және т.б өмірі мен педагогикалық қызметі.

Гуманистік парадигма өкілдеріне тән қасиет-педагогикалық көзқарас, пікірлерінің әрқилылығы.Осы үлгі шеңберінде саналуан тәлім жобалары бірлікті жасап, іске асырылуды.Бұлардың бәрінің басын бір тұтастыққа келтіруші күш-адам өмірінің бірегей кезеңі ретінде қабылданған бала мен балалық шаққа деген құндылықты қатынас және тәлім дамуын мектептің басты міндеті болатынын басшылыққа алу.

Гуманистік парадигма аймағында іске асырылып жатқан әрбір тәлімдік жүйе шығармашыл ізденіске түсіп, өзіндік оқу-үйретім мен тәрбие мазмұнын, әдістерін, құрал-жабдықтарын табуда.Тұлғалық бағыт шәкірттің де, ұстаздың да еркіндігі мен шығармашылдығын арқау етеді.

Қазақстан Республикасының тәлімдік кеңістігіне 1991-жылдан бастап министірліктің бұйрығымен емес, жер-жердегі мұғалімдердің ынта-ықласы арқасында енді.Біздің ел үшін бұл өте көкейкесті, себебі-аталмыш парадигма мәдениет, тәлім және табиғаттың бірегей туындысы-адамды ардақтайды.



Қоғамда әрбір адамның өзіне сай өзіндік бағамы қалыптаспағанша, Қорқыт, Әл-фараби, Ясауи, Абай, Шәкәрім және т.б сомдаған қазақтың гуманистік философиясы мен демократиялық қоғам құндылықтарын игермегенше, бұл парадигма біз үшін уақытша құбылыс болып қала бермек.Ерте ме, кеш пе Қазақстан мектебі өз түлектерінің жоғары ақыл-зерделік мүмкіндіктерін қамсыздандырушы білімдік парадигмаға қайта оралу ықтималдығы баршылық.Дегенмен, шындық біреу: уақытшадан тұрақты еш нәрсе болуы мүмкін емес! Осы пікірге жүгінетін болсақ, гуманистік парадигма біздің қызметіміз үшін әлі де талай он жылдықтар қызмет етуі заңдылықты педагогикалық құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет