فَارٌّ؛ فَارَّانِ؛ فَارُّونَ؛ فَارَّةٌ؛ فَارَّتَانِ؛ فَارَّاتٌ = فَوَارِرُ.
فَارٌّ негізінде – فَاعِلٌ қалыбындағы فَارِرٌ. Бірінші әріптің (ر) харакаты түсіп қалып, ол екінші (ر) әрпіне кірігіп кеткен: فَارٌ. өз қалпында өзгермей қалатын әйел тегінің көпше түрінен басқа жіктелу формалары да осылай болады.
Исм мафъул
مَفْرُورٌ؛ مَفْرُورَانِ؛ مَفْرُورُونَ؛ مَفْرُورَةٌ؛ مَفْرُورَتَانِ؛ مَفْرُورَاتٌ = مَفَارِرُ.
Біртектес (ر) әріптерінің арасында олардан өзгеше (و) әрпі келгендіктен, бұл жіктелулер өзгертілмеген.
Өткен шақ болымсыз етістігінің негізгі етісі
لَمْ يَفِرَّ؛ لَمْ يَفِرَّا؛ لَمْ يَفِرُّوا؛ لَمْ تَفِرَّ؛ لَمْ تَفِرَّا؛ لَمْ يَفْرِرْنَ؛ لَمْ تَفِرَّ؛ لَمْ تَفِرَّا؛ لَمْ تَفِرُّوا؛ لَمْ تَفِرِّي؛ لَمْ تَفِرَّا؛ لَمْ تَفْرِرْنَ؛ لَمْ أَفِرَّ؛ لَمْ نَفِرَّ.
لَمْ يَفِرَّнегізінде لَمْ يَفْرِرْ. Бірінші әріптің (ر) харакаты алдыңғы әріпке (ر) берілген: لَمْ يَفِرْرْ. Сүкунды екі (ر) қатар келді (ижтимаи сакинайн). Сүкунды екі әріпті қатар айтудан қашу үшін бірдей әріптің бірін түсіру керек немесе екі әріптің біріне жол үсті харакатын беру керек. Мына жағдайда әріпті түсіруге болмайды, өйткені әріптердің бірін түсіргенде, сөздің әріп санын қатты қысқартуға тура келеді. Сондай-ақ оларға жол үсті харакатын да бере алмаймыз, себепсіз екі әріптің бірінің дәрежесін жоғарылатқан боламыз. Екі сүкунды әріпті қатар айту да қиын. Сондықтан екінші (ر) әрпіне жеңіл бір жол үсті фатха белгісін беруге тура келеді. Бұл түрде жазм кезінде (жол үсті харакатын түсіру, сүкун харакатын қою, яғни етістікті шартты түрдегі септікке айналдыру) етістікті үш вариантта айтуға болады: 1) фатхамен - لَمْ يَفِرَّ; 2) кәсрамен - لَمْ يَفِرِّ; 3) ассимиляциясыз - لَمْ يَفْرِرْ.
Өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) ырықсыз етісі
لَمْ يُفَرَّ؛ لَمْ يُفَرَّا؛ لَمْ يُفَرُّوا؛ لَمْ تُفَرَّ؛ لَمْ تُفَرَّا؛ لَمْ يُفْرَرْنَ؛ لَمْ تُفَرَّ؛ لَمْ تُفَرَّا؛ لَمْ تُفَرُّوا؛ لَمْ تُفَرِّي؛ لَمْ تُفَرَّا؛ لَمْ تُفْرَرْنَ؛ لَمْ أُفَرَّ؛ لَمْ نُفَرَّ.
Келер шақ болымсыз етістігінің (нафий) негізгі және ырықсыз етістері يَفِرُّ فَرَّ етістігі үшін осы-келер шақ етістігінің (музариъ) негізгі және ырықсыз етісі сияқты жіктеледі.
Амр хазир
يَفِرُّ فَرَّ етістігінен амр (бұйрық) төмендегідей жолмен жасалады. تَفِرُّ – ташдидпен (екеуленумен) аяқталатын музариъ етістігі. Сондықтан қосымшаға жеңіл харакат – фатха қойылады: تَفِرَّ. Сонан соң музариъ етістігінің ت әрпі түсіп қалады: فِرَّ. Музариъат әрпінен кейін тұрған әріп харакатты болғандықтан, амр хазирды жасау осымен аяқталады. Жоғарыда көрсетілгендей, ассимиляцияланған қосымшалы етістік жазм (сүкун харакатын қою және оны шартты түрдегі септікке айналдыру) кезінде үш түрде айтыла береді: 1) фатхамен فِرَّ, 2) касрамен فِرِّ, 3) ассимиляциясыз اِفْرِرْ:
فِرَّ
|
فِرِّ
|
اِفْرِرْ
|
فِرَّا
|
فِرَّا
|
اِفْرِرَا
|
فِرُّوا
|
فِرُّوا
|
اِفْرِرُوا
|
فِرِّي
|
فِرِّي
|
اِفْرِرِي
|
فِرَّا
|
فِرَّا
|
اِفْرِرَا
|
اِفْرِرْنَ
|
اِفْرِرْنَ
|
اِفْرِرْنَ
|
Амр ғайибтың (І, ІІІ жақтардың бұйрық райы) негізгі етісі
لِيَفِرَّ؛ لِيَفِرَّا؛ لِيَفِرُّوا؛ لِتَفِرَّ؛ لِتَفِرَّا؛ لِيَفْرِرْنَ؛ لأَِفِرَّ؛ لِنَفِرَّ.
Амр ғайибтың (І, ІІІ жақтардың бұйрық райы) ырықсыз етісі (мажхул)
لِتُفَرَّ؛ لِتُفَرَّا؛ لِتُفَرُّوا؛ لِتُفَرِّي؛ لِتُفَرَّا؛ لِتُفْرَرْنَ؛ لِيُفَرَّ؛ لِيُفَرَّا؛ لِيُفَرُّوا؛ لِتُفَرَّ؛ لِتُفَرَّا؛ لِيُفْرَرْنَ؛ لِأُفَرَّ؛ لِنُفَرَّ.
Бұйрық рай болымсыз етістіктерінің (нахий) негізгі және ырықсыз етістері يَفِرُّ فَرَّ үшін өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) негізгі және ырықсыз етістері сияқты жіктеледі.
Исм заман және исм макан
مَفِرٌّ؛ مَفِرَّانِ؛ مَفَارُّ = مَفَارِرُ
مَفِرُّнегізінде مَفْرِرٌ. Бірінші (ر) әрпінің харакаты харакат қажет ететін алдыңғы әріпке ауысады: مَفِرْرٌ. Енді ассимиляцияға қажеттілік туды. Ассимиляциядан кейін: مَفِرُّ.
Исми алат
مِفْرَارٌ؛ مِفْرَارَانِ؛ مَفَارِيرُ
Біртектес әріптердің арасында бөтен әріп болғандықтан, бұл үш жіктелу өзгертілмей қалды.
Исм тафзил
أَفَرُّ؛ أَفَرَّانِ؛ أَفَرُّونَ؛ فُرَّى؛ فُرَّيَانِ؛ فُرّيَاتٌ.
أَفَرُّнегізінде أَفْرَرُ, ал فُرَّى- فُرْرَى. Бұл жіктелулердің ассимиляциялық қағидалары алдыңғы сабақтарда айтылды.
يَفْعِلُ فَعَلَ бабының мисалы (و)
يَثِبُ وَثَبَмасдары: وَثَبَانٌ ,وُثُوبٌ ,وَثْبٌжәне ثِبَةٌ- секіру, отыру. Бұл баптың масдарында да (و) әрпін түсіріп, масдар соңына (ة) әрпін қосуға болады.
Масдардан 12 сөз формасы жасалады:
1) وَثَبَ – мазий
|
7) ثِبْ- амр хазир
|
2) يَثِبُ- музариъ
|
8) لِيَثِبْ- амр ғайиб
|
3) وَاثِبٌ- исм фаъил
|
9) لاَ تَثِبْ- нахий
|
4) مَوْثُوبٌ- исм мафъул
|
10) مَوْثِبٌ- исм заман, исм макан
|
5) لَمْ يَثِبْ- жахд
|
11) مِيثَابٌ- исм алат
|
6) لاَ يَثِبُ- нафий
|
12) أَوْثَبٌ – исм тафзил
|
يَثِبُнегізінде يَوْثِبُ. (و) музариъат әрпі мен кәсра белгісінің арасында келгендіктен түсіп қалған: يَثِبُ. Сондай-ақ ن, أ, ت әріптерімен келгенде (و) әрпі түсіп қалады: أَوْثِبُ ,تَوْثِبُ және نَوْثِبُ - تَثِبُ أَثِبُ және نَثِبُболып өзгереді.
Қағида: музариъат әріптері мен кәсра белгісінің арасында келген (و) түсіп қалады. Алайда егер (و) әрпінен кейінгі кәсра алынса, онда (و) өз орнына келеді.
يَثِبُ ырықсыз етісі يُوثَبُ түріне ие болады. يَثِبُ, сөзіне ырықсыз етіс жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіру керек (يَوْثِبُ), соңғы әріпке фатха белгісін қою керек, ал музариъ етістігінің қосымшасына замма беру керек (يُوثَبُ). (و) әрпі одан кейінгі кәсра алынғанына байланысты түсіп қалмайды.
Исм алат - مِيثَابٌ, негізінде - مِوْثَابٌ. (و) әрпі сүкунды болып, одан кейін кәсра тұрғандықтан, (و) әрпі ى әрпіне айналған: مِيثَابٌ.
Қағида: Егер (و) сүкунды болып, одан бұрын кәсра тұрса, онда (و) үнемі ى әрпіне айналып отырады.
فَعَلَ يَفْعِلُ бабындағы мисал (ى)
يَسَرَ يَيْسُرُ масдары – يَسْرٌ, مَيْسَرَةٌ – құмар ойын ойнау (материальды ұтысқа).
1) يَسَرَ- мазий
|
7) اِيسِرْ- амр хазир
|
2) يَيْسِرُ- музариъ
|
8) لِيَيْسِرْ- амр ғайиб
|
3)يَاسِرٌ – фаъил
|
9)لاَ تَيْسِرْ – нахий
|
4) مَيْسُورٌ- мафъул
|
10) مَيْسِرٌ-исм заман, исм макан
|
5) لَمْ يَيْسِرْ- жахд
|
11) مِيسَارٌ- исм алат
|
6)لاَ يَيْسِرُ – нафий
|
12) أَيْسَرُ- исм тафзил
|
Ырықсыз етісі يَيْسِرُ- يُوسَرُ. يَيْسِرُ етістігінен мажхул етісін жасау үшін соңғыдан бұрынғы әріпке фатха, ал музариъат қосымшасына - замма қою керек: يُيْسَرُ. (ي) сүкунды, ал оның алдында замма тұр, сондықтан ى әрпін و әрпіне ауыстырамыз.
Қағида: Егер ى сүкунды болып, оның алдында замма тұрса, онда ى әрпі үнемі و әрпіне ауысып отырады.
فَعَلَ يَفْعِلُ бабындағы ажуаф.
يَبِيعُ بَاعَмасдары – بَيْعٌ және مَبِيعٌ- сату, сатып алу.
1) بَاعَ- мазий
|
7) بِعْ- амр хазир
|
2) يَبِيعُ- музариъ
|
8) لِيَبِعْ- амр ғайиб
|
3) بَائِعٌ- исм фаъил
|
9) لاَ تَبِعْ- нахий
|
4) مَبِيعٌ- исм мафъул
|
10) مَبِيعٌ-исм заман, исм макан
|
5) لَمْ يَبِعْ- жахд
|
11) مِبَاعٌ- исм алат
|
6) لاَ يَبِيعُ- нафий
|
12) أَبَاعُ- исм тафзил
|
بَاعَнегізінде بَيَعَболған. Мұнда (ي) харакатты болып, оның алдында фатха тұрғандықтан, (ي) әрпі (ا) әрпіне ауысқан: بَاعَ.
Қағида: Егер (و) және (ي) харакатты болып, ал олардың алдында фатха тұрса, онда (و) және (ي) әріптері (ا) әрпіне ауысады. Мысалы, قَالَжәне بَاعَ сияқты. Олар негізінде قَوَلَ және بَيَعَ болған.
بَاعَ؛ بَاعَا؛ بَاعُوا؛ بَاعَتْ؛ بَاعَتَا؛ بِعْنَ؛ بِعْتَ؛ بِعْتُمَا؛ بِعْتُمْ؛ بِعْتِ؛ بِعْتُمَا؛ بِعْتُنَّ؛ بِعْتُ؛ بِعْنَا.
Мазий етістігінің 9 жіктелуінде екінші түбір әріп (ع орнындағы ) түсіп қалған:
ғайибат, 6 мухатаб, 2 мутакаллим. بِعْنَнегізінде بَيَعْنَ болған. Екінші әрпі (ع) фатхалы (ى) болған бос (ажваф) етістіктің екінші әрпі (ع) орнында кәсралы ажваф (ى) әрпімен ауысқан: بَيِعْنَ. Мұнда кәсра (ى) үшін айтуда қиындық тудырады. (ى) әрпінің кәсра белгісі харакаты түсіп қалған алдыңғы әріпке ауысқан: بِيْعْنَ. Екі сүкун (ي) және (ع) әріптерінің арасында бірінен соң бірі келді. Сондықтан (ي) әрпі түсіп қалған: بِعْنَ. Басқа жіктелулерде де осы әдіс қолданылған.
Қағида: Егер араб тілінде сүкунды әріптер қатар келетін болса, онда ол әріптердің бірі түсіп қалады.
Өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісін (маълум) ырықсыз етіске (мажхул) айналдыру үшін بَاعَ бұрынғы алғашқы қалпына келтіріледі:بَيَعَ. Соңғыдан бұрынғы әріпке кәсра بَيِعَ, ал оның алдындағы әр әріпке замма қойылады: بُيِعَ. Мұнда кәсра ي үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің кәсрасы харакаты алып тасталған алдыңғы әріпке ауыстырылады: بِيعَ.
بِيعَ؛ بِيعَا؛ بِيعُوا؛ بِيعَتْ؛ بِيعَتَا؛ بِعْنَ؛ بِعْتَ؛ بِعْتُمَا؛ بِعْتُمْ؛ بِعْتِ؛ بِعْتُمَا؛ بِعْتُنَّ؛ بِعْتُ؛ بِعْنَا.
Мазий етістігінің соңғы 9 жіктелуі негізгі етісті де, ырықсыз етісте де бірдей. Мажхулде بِعْنَнегізінде: بُيِعْنَ. Мұнда кәсра ي үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің кәсрасы харакаты алып тасталған алдыңғы әріпке ауыстырылады: بِيْعْنَ. Екі сүкун (ي) және (ع) әріптерінің арасында бірінен соң бірі келді. Сондықтан (ي) әрпі түсіп қалған: بِعْنَ. Басқа жіктелулерде де осы әдіс қолданылған.
Музариъ етістігінің негізгі етісі – يَبِيعُ:
يَبِيعُ؛ يَبِيعَانِ؛ يَبِيعُونَ؛ تَبِيعُ؛ تَبِيعَانِ؛ يَبِعْنَ؛ تَبِيعُ؛ تَبِيعَانِ؛ تَبِيعُونَ؛ تَبِيعِينَ؛ تَبِيعَانِ؛ تَبِعْنَ؛ أَبِيعُ؛ تَبِيعُ.
Музариъ етістігінде 2 жіктелуде 2-ші түбір әріп ( ع орнындағы) түсіп қалған: ғайибат и мухатабат. Олар негізінде: يَبْيِعْنَ және تَبْيِعْنَ . ي әрпінің кәсрасы алдыңғы әріпке ауысқан: يَبِيْعْنَ және تَبِيْعْنَ. Қатар келген екі сүкунды әріп пайда болды: (ي) және (ع). (ي) әрпін түсіреміз: يَبِعْنَ және تَبِعْنَ.
Ырықсыз етісі يَبِيعُ - يُبَاعُ. يَبِيعُ етістігін мажхулге айналдыру үшін оны бұрынғы алғашқы әрпіне келтіру керек: يَبْيِعُ. Соңғыдан бұрынғы әріпке фатха (يَبْيَعُ), ал музариъат қосымшасына замма қойылады (يُبْيَعُ). (ي) әрпінің фатхасы оның алдындағы әріпке ауысады: يُبَيْعُ. (ي) негізінде харакатты болуы керек, бірақ мұнда оның алдында фатха тұр. Сондықтан ي әрпін ا әрпіне ауыстырамыз: يُبَاعُ.
يُبَاعُ؛ يُبَاعَانِ؛ يُبَاعُونَ؛ تُبَاعُ؛ تُبَاعَانِ؛ يُبَعْنَ؛ تُبَاعُ؛ تُبَاعَانِ؛ تُبَاعُونَ؛ تُبَاعِينَ؛ تُبَاعَانِ؛ تُبَعْنَ؛ أُبَاعُ؛ نُبَاعُ.
Музариъ етістігінің ырықсыз етісіндегі 2 жіктелуде де 2-ші түбір әріп (ع орнындағы) түсіп қалған: ғайибат және мухатабат.
يَبِيعُ بَاعَүшін исм фаъил - بَائِعٌ .
بَائِعٌ؛ بَائِعَانِ؛ بَائِعُونَ؛ بَائِعَةٌ؛ بَائِعَتَانِ؛ بَائِعَاتٌ = بَوَائِعُ
Қағида: Егер (و) және (ي) әріптері қосымша алифтен кейін келсе, онда (و) және (ي) әріптері хамхаға ауысады. Мысалы, قَائِلٌ және بَائِعٌ сияқты. Олар негізінде : قَاوِلٌжәне بَايِعٌ.
يَبِيعُ بَاعَ етістігінің مَبِيعٌ формасы 3 түрлі есім сөз ретінде кездеседі: 1) масдар; 2) исм мафъул; 3) исм заман және исм макан.
Егер مَبِيعٌ- исм мафъул болса, онда оның негізінде مَبْيُوعٌ болғаны. Мұнда замма ي үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің заммасы алдыңғы әріпке ауыстырылады: مَبُيْوْعٌ. Дәл бұл қалыпта айту өте қиын. Бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. Имам Абул Хасан Ахфаштың пікірінше, (ي) және (و) арасында (ي) түсіп қалады: مَبُوعٌ. Енді ажваф (و) етістігінің исм мафъулі күман тудыратын болып қалды. Осы түсініксіздікті жою үшін (و) әрпінің алдында тұрған әріпке кәсра қойылады: مَبِوْعٌ. (و) сүкунды, ал оның алдында сүкун тұр. Сондықтан (و) әрпі (ي) әрпіне ауыстырылады: مَبِيعٌ.
Имам Сибавайхтың пікірінше, مَبُيْوْعٌ сөзінде (و) түседі: مَبُيْعٌ. (ي) әрпін сақтап қалу үшін оның алдына кәсра қойылады: مَبِيعٌ.
Имам Абул Хасан Ахшафтың дәлелі - «белгі түсіп те қалмайды, өзінің бұрынғы алғашқы қалпын да өзгертпейді» деген қағидаға сәйкес (و) әрпі түсіп қалмайды, өйткені ол исм мафъулдың белгісі болып табылады. Имам Сибавайхтың дәлелі – (ي) – түбір әріп, (و) – қосымша әріп. Қосымша әріп түсірілуі қажет. Исм мафъул төмендегідей септеледі:
مَبِيعٌ؛ مَبِيعَانِ؛ مَبِيعُونَ؛ مَبِيعَةٌ؛ مَبِيعَتَانِ؛ مَبِيعَاتٌ = مَبَائِعُ.
Жахд:
لَمْ يَبِعْ؛ لَمْ يَبِيعَا؛ لَمْ يَبِيعُوا؛ لَمْ تَبِعْ؛ لَمْ تَبِيعَا؛ لَمْ يَبِعْنَ؛ لَمْ تَبِعْ
لَمْ تَبِيعَا؛ لَمْ تَبِيعُوا؛ لَمْ تَبِيعِي؛ لَمْ تَبِيعَا؛ لَمْ تَبِعْنَ؛ لَمْ أَبِعْ؛ لَمْ نَبِعْ.
Өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) 7 жіктелуінде 2-ші түбір әріп (ع орнындағы) түсіп қалған: ғайиб, ғайиба, ғайибат, мухатаб, мухатабат және 2 мутакаллим.
لَمْ يَبِعْ негзінде لَمْ يَبْيِعْ. Мұнда кәсра ي үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің кәсрасы алдыңғы әріпке ауыстырылады: لَمْ يَبِيْعْ. (ي) және (ع) аралығында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. (ي) әрпі түсіріледі: لَمْ يَبِعْ. Басқа жіктелулерде эълал (харакаттың бір әріптен екінші әріпке ауысуы және әлсіз әріптердің түсіп қалуы) дәл осылай жүзеге асады.
لاَ يَبِيعُ – нафий етістігі, оның жіктелуі мен эълалы музариъ етістігінің жіктелуі мен эълалына ұқсас келеді.
يَبِيعُ بَاعَ етістігінің амр хазиры - بِعْ. Амр хазир төмендегідей жолмен жасалды: تَبِيعُ – мухатаб. соңғы ع – дұрыс әріп, сондықтан оған сүкун қойылады: تَبِيْعْ. Музариъат қосымшасы (ت) түсіп қалады. Түсіп қалған музариъат әрпінен кейінгі (ب) әрпінің харакаты бар. Соған байланысты амр хазирдың жасалуы осымен аяқталады: بِيْعْ. (ي) және (ع) аралығында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. (ي) түсіп қалады: بِعْ:
بِعْ ؛ بِيعَا ؛ بِيعُوا ؛ بِيعِي ؛ بِيعَا ؛ بِعْنَ .
بِعْنَ негізінде اِبْيِعْنَ. Мұнда кәсра ي үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің кәсрасы алдыңғы әріпке ауыстырылады: اِبِيْعْنَ. (ي) және (ع) аралығында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. (ي) түсіп қалады: اِبِعْنَ. Мұнда һамза қажетсіз болып қалады да, түсіп қалады: بِعْنَ.
Келер шақ етістігіне нун таъкид хафийфа және нун таъки сакийла қосылғанда, түсіп қалған екінші әлсіз түбір әріп өз орнына келеді: بِيعَنَّ - بِيعَنْ және لاَ يَبِيعَنَّ - لاَ يَبِيعَنْ.
Амр ғайиб және нахий етістіктерінің негізгі және ырықсыз етістері жахд етістігінің негізгі және ырықсыз етістеріне ұқсас жіктеледі.
Исм заман және исм макан – مَبِيعٌ:
مَبِيعٌ ؛ مَبِيعَانِ ؛ مَبَائِعُ.
مَبِيعٌ негізінде مَبْيِعٌ болған. Мұнда кәсра ي үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің кәсрасы оның алдындағы әріпке ауыстырылады: مَبِيعٌ. مَبَائِعُ эълалы بَائِعٌ эълалына ұқсас.
Исм алат – مِبَاعٌ:
مِبَاعٌ ؛ مِبَاعَانِ ؛ مَبَائِعُ.
مِبَاعٌ негізінде مِبْيَعٌ. Мұнда ي әрпінің фатхасы оның алдындағы әріпке ауыстырылған: مِبَيْعٌ. (ي) өзінен бұрынғы харакат (фатха) формасына (жинс) өзгертіледі, яғни (ا) әрпіне: مِبَاعٌ.
(Исм тафзил - أَبْيَعُ:
أَبْيَعُ ؛ أَبْيَعَانِ ؛ أَبْيَعُونَ ؛ بُوعَى ؛ بُوعَيَانِ ؛ بُوعَيَاتٌ.
Қағида: ер тегіндегі ажваф етістігінің исм тафзилінде (و) және (ي) әріптері өзгеріссіз қалдырылады. Мысалы, أَهْوَنُ және أَطْيَبُ. Аллаһ Таъала Құранда «Рум» сүресінің 27- аятында айтады: ﴿ وَ هُوَ أَهْوَنُ عَلَيْهِ ﴾. (Пайғамбарымыз саллАллаһу алейһи ва сәлләм хадисінде айтқан: أَطْيَبُ مِنَ الْمِسْكِ- ауд. еск.)
بُوعَى негізінде بُيْعَى. Мұнда (ي) сүкунды, ал оның алдында заммалы әріп тұр. Сондықтан (و) әрпі (ي)әрпіне өзгертіледі: بُوعَى.
يَفْعِلُ فَعَلَ бабындағы нақис
يَرْمِى رَمَى масдары رَمْىٌ және رِمَايَةٌ (лақтыру). Төмендегі 12 сөз формалары масдардан жасалады:
1) رَمَى – мазий
|
7) اِرْمِ – амр хазир
|
2) يَرْمِى – музариъ
|
8) لِيَرْمِ – амр ғайиб
|
3) رَامٍ – исм фаъил
|
9) لاَ تَرْمِ – нахий
|
4) مَرْمِىٌّ – исм мафъул
|
10) مَرْمًى – исм заман, исм макан
|
5) لَمْ يَرْمِ – жахд
|
11) مِرْمًى – исм алат
|
6) لاَ يَرْمِ – нафий
|
12) أَرْمَى исм тафзил
|
رَمَى негізінде رَمَىَ болған. (ى) әрпінің харакаты бар, оның алдында фатха бар, сондықтан (ى) әрпі (ا) әрпіне өзгертілген - رَمَى:
رَمَى؛ رَمَيَا؛ رَمَوْا؛ رَمَتْ؛ رَمَتَا؛ رَمَيْنَ؛ رَمَيْتَ؛ رَمَيْتُمَا؛ رَمَيْتُمْ؛ رَمَيْتِ؛ رَمَيْتُمَا؛ رَمَيْتُنَّ؛ رَمَيْتُ؛ رَمَيْنَا .
Өткен шақ етістігінің үш жіктелуінде де үшінші түбір әріп (ل орнындағы) түсіп қалған: 1) ғайибийн; 2) ғайиба; 3) ғайибатайн. رَمَوْا негізінде رَمَيُوا. Мұнда (ـيـ) әрпінің харакаты бар, ал оның алдында фатха келген, сондықтан (ـيـ) әрпі (ا) әрпіне өзгертілген: رَمَاْوْا. (ا) және (و) аралығында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. (ا) түсіп қалған: رَمَوْا.
رَمَتْ және رَمَتَا негізінде رَمَيَتْ және رَمَيَتَا болған. Мұнда (ـيـ) әрпінің харакаты бар, ал оның алдында фатха келген. Сондықтан (ـيـ) әрпі (ا) әрпіне өзгертілген: رَمَاْتْ және رَمَاتَا. (ا) және (ت) аралығында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. (ا) түсіп қалған: رَمَتْ және رَمَتَا.
رَمَاتَا сөзінде (ت) әрпі негізінде сүкунды болған. Мұнда оған екілік түрдің белгісі (ا) қосылғандықтан, фатха қойылған. Әңгіме етістіктің бұрынғы алғашқы қалпы сөз болып отыр.
Мажхул رَمَى - رُمِىَ:
رُمِىَ؛ رُمِيَا؛ رُمُوا؛ رُمِيَتْ؛ رُمِيَتَا؛ رُمِينَ؛ رُمِيتَ؛ رُمِيتُمَا؛ رُمِيتُمْ؛ رُمِيتِ؛ رُمِيتُمَا؛ رُمِيتُنَّ؛ رُمِيتُ؛ رُمِينَا .
Өткен шақ етістігінің ырықсыз етісінің бір жіктелуінде үшінші түбір әріп (ل орнындағы) түсіп қалған: رُمُوا негізінде رُمِيُوا болған.
Мұнда замма (ـيـ) үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің заммасы харакаты алып тасталған алдыңғы әріпке ауыстырылады: رُمُيْوْا. Екі сүкун (ـيـ) және (و) әріптерінің арасында бірінен соң бірі келді. Сондықтан (ـيـ) әрпі түсіп қалған: رُمُوا.
يَرْمِى негізінде يَرْمِىُ. Мұнда замма (ـيـ) үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің заммасы түсіп қалады: يَرْمِى. Осы-келер шақ етістігінің негізгі етісі төмендегідей жіктеледі:
يَرْمِى؛ يَرْمِيَانِ؛ يَرْمُونَ؛ تَرْمِى؛ تَرْمِيَانِ؛ يَرْمِينَ؛ تَرْمِى؛ تَرْمِيَانِ؛ تَرْمُونَ؛ تَرْمِينَ؛ تَرْمِيَانِ؛ تَرْمِينَ؛ أَرْمِى؛ نَرْمِى .
Музариъ етістігінің негізгі етісінің үш жіктелуінде де үшінші түбір әріп (ل орнындағы) түсіп қалған: 1) ғайибийн; 2) мухатабийн; 3) мухатаба. يَرْمُونَ және تَرْمُونَ негізінде يَرْمِيُونَ және تَرْمِيُونَ. Мұнда замма (ـيـ) үшін айтуға қиындық тудырады. ي әрпінің заммасы харакаты алдын-ала алып тасталған алдыңғы әріпке ауыстырылады: يَرْمُيْوْنَ және تَرْمُيْوْنَ. (ـيـ) және (و) әріптерінің арасында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. (ـيـ) түсіп қалған: يَرْمُونَ және تَرْمُونَ.
تَرْمِينَ негізінде تَرْمِيِينَ. Мұнда кәсра (ى) үшін айтуға қиындық тудырады. (ـيـ) әрпінің кәсрасы түсіп қалған: تَرْمِيْيْنَ. алдын-ала алып тасталған алдыңғы әріпке ауыстырылады: يَرْمُيْوْنَ және تَرْمُيْوْنَ. Екі (ـيـ) әріптерінің арасында бірінен соң бірі келетін екі сүкун пайда болды. Алғашқы (ـيـ) түсіп қалады: تَرْمِيْيْنَ. Мухатаба және мухатабат бірдей. Алайда мухатабатта үшінші түбір әріп (ل орнындағы) түсіп қалмаған.
Осы-келер шақ етістігінің ырықсыз етісі - يُرْمَى :
يُرْمَى؛ يُرْمَيَانِ؛ يُرْمَوْنَ؛ تُرْمَى؛ تُرْمَيَانِ؛ يُرْمَيْنَ؛ تُرْمَى؛ تُرْمَيَانِ؛ تُرْمَوْنَ؛ تُرْمَيْنَ؛ تُرْمَيَانِ؛ تُرْمَيْنَ؛ أُرْمَى؛ نُرْمَى .
يُرْمَى негізінде يُرْمَىُ. Мұнда (ـيـ) әрпінің харакаты бар, ал оның алдында фатха келген. Сондықтан (ـيـ) әрпі (ا) әрпіне өзгертілген: يَرْمِى رَمَى исм фаъилы– رَامٍ:
رَامٍ؛ رَامِيَانِ؛ رَامُونَ؛ رَامِيَةٌ؛ رَامِيَتَانِ؛ رَامِيَاتٌ = رَوَامِى.
رَامٍ негізінде (رَامِيُنْ) رَامِىٌ болған. Мұнда замма (ى) үшін айтуға қиындық тудырады. (ـيـ) әрпінің заммасы түсіріледі: رَامِيْن. (ـيـ) және танвин арасында екі сүкун пайда болды. (ـيـ) түсіріледі: رَامٍ = رَامِنْ.
رَامُونَ эълалы يَرْمُونَ эълалына ұқсас келеді.
Исм мафъулы – مَرْمِىٌّ:
مَرْمِىٌّ؛ مَرْمِيَّانِ؛ مَرْمِيُّونَ؛ مَرْمِيَّةٌ؛ مَرْمِيَّتَانِ؛ مَرْمِيَّاتٌ = مَرَامِى
مَرْمِىٌّ негізінде مَرْمُوىٌ. (و) және (ى) бір сөзде қатар келіп тұр, оның бірі сүкунды, екіншісі – харакатты. Сондықтан (و) әрпі (ى) әрпіне өзгереді: مَرْمُيْىٌ. Ассимиляцияға (идғам ) қажеттілік туды. Бірінші (ـيـ) әрпі соңғы (ى) әрпіне кірігіп кетеді: مَرْمُىٌّ.
(ى) әрпін сақтап қалу үшін оның алдына кәсра қойылады: مَرْمِىٌّ. Басқа жіктелулердің барлығында да осы әдіс қолданылады.
Қағида: Егер (و) және (ى) бір сөзде қатар келіп, біріншісі сүкунды болса, онда (و) әрпі (ى) әрпіне өзгереді.
Бұл қағиданы қолданудың 4 шарты бар:
1) Екі әріп те басқа әріптерден жасалмаған болуы керек. Мысалы, سُويِرَ және دِيوَانٌ сөздеріндегідей, (و) – алифтен, (ى) – уаудан жасалмауы керек. سُويِرَ негізінде سُاَيِرَ, ал دِيوَانٌ – دِوْوَانٌ..
2) Сөз أَفْعَلُ қалыбында болмауы керек. Мысалы, أَيْوَمُ (айдың соңғы күні).
3) Сөз жалқы есім болмауы керек. Мысалы, حَيْوَةٌ – адамның есімі.
4) (يـ) әрпі кішірейткіш (يـ) болмауы керек. Мысалы, جُدَيْوَلٌ (шағын кесте).
Жахд етістігінің негізгі етісі - لَمْ يَرْمِ:
لَمْ يَرْمِ؛ لَمْ يَرْمِيَا؛ لَمْ يَرْمُوا؛ لَمْ تَرْمِ؛ لَمْ تَرْمِيَا؛ لَمْ يَرْمِينَ؛ لَمْ تَرْمِ؛ لَمْ تَرْمِيَا؛ لَمْ تَرْمُوا؛ لَمْ تَرْمِي؛ لَمْ تَرْمِيَا؛ لَمْ تَرْمِينَ؛ لَمْ أَرْمِ؛ لَمْ نَرْمِ
Жахд етістігінің мажхулы музариъат қосымшасына замма (ـُ), ал (م) әрпіне фатха (ـَ) белгісін қосу арқылы жасалады: لَمْ يُرْمَ. Бұл да негізгі етіс сияқты жіктеледі. Нафий етістігінің маълум және мажхулы музариъ етістігінің маълум және мажхулы сияқты жіктеледі.
Амр хазир – اِرْمِ:
اِرْمِ؛ اِرْمِيَا؛ اِرْمُوا؛ اِرْمِي؛ اِرْمِيَا؛ اِرْمِينَ
تَرْمِى – мухатаб. Соңғы әріп (ي) әлсіз болғандықтан түсіп қалады: تَرْمِ. Содан соң музариъат қосымшасы (تـ) түсіріледі. Музариъат қосымшасынан кейін тұрған әріп сүкунды, сондықтан екінші түбір әріпке ( ع орнындағы) назар аударамыз: ол кәсра белгісінде тұр. Соған орай жасалып жатқан амр хазир етістігінің алдынан кәсралы һамза қойылады: اِرْمِ.
Амр хазирге нун таъкид хафийфа қосылғанда, ол төмендегідей жіктеледі:
اِرْمِيَنْ ؛ اِرْمُنْ ؛ اِرْمِنْ.
Амр ғайибке нун таъкид сакийла қосылғанда, ол төмендегідей жіктеледі:
اِرْمِيَنَّ؛ اِرْمِيَانِّ؛ اِرْمُنَّ؛ اِرْمِنَّ؛ اِرْمِيَانِّ؛ اِرْمِينَانِ.
Амр ғайиб және нахийдың негізгі және ырықсыз етістері жахд етістігінің тиісті етістеріндегідей жіктеледі:
Исм заман және исм маканы: مَرْمًى:
مَرْمًى؛ مَرْمَيَانِ؛ مَرَامِى
مَرْمًى негізінде مَرْمَىٌ. Мұнда (ى) әрпінің харакаты бар, ал оның алдында фатха келген. Сондықтан (ى) әрпі (ا) әрпіне өзгертілген: مَرْمَيُنْ- مَرْمَاْنْ. (ا) және танвин (ـٌ) арасында бірінен соң бірі келген екі сүкун пайда болды. (ا) түсіріледі: مَرْمًى.
Исм алат – مِرْمًى:
مِرْمًى؛ مِرْمَيَانِ؛ مَرَامِى.
Бұл жіктелулердің эълалы исм заман және исм макан эълалдарына ұқсас. Исм алат та مِفْعَالٌ қалыбында да келеді:
مِرْمَاءٌ؛ مِرْمَاآنِ؛ مَرَامِىُّ.
مِرْمَاءٌ негізінде مِرْمَاىٌ болған. (ى) әрпі қосымша (ا) әрпінен кейін келген, сондықтан (ى) әрпі (ء) әрпіне өзгертіледі: مِرْمَاءٌ.
Исм тафзил أَرْمَى:
أَرْمَى؛ أَرْمَيَانِ؛ أَرْمَوْنَ؛ رُمْيَى؛ رُمْيَيَانِ؛ رُمْيَيَاتٌ.
أَرْمَى және أَرْمَوْنَ сөздерінің эълалы رَمَى және رَمَوْا сөздерінің эълалына ұқсас болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |