Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Тихонин бойынша жылқыны паранефральды тежеу



Pdf көрінісі
бет105/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Тихонин бойынша жылқыны паранефральды тежеу. 
Операция техникасы. Тежеуді оң және сол жақтан жасайды. Сол 
жақтан тежегенде инені теріге перпендикулярлы соңғы қабырға мен бірінші 


206 
бел омыртқа өсіндісінің арасына омыртқаның ортаңғы сызығынан 8-10 см 
алшақ енгізеді. Оң жақ тежеуде 17 мен 18 қабырғалар аралығында
омыртқаның орта сызығынан 10-12 см алшақ енгізеді. Инені 8-9 см 
тереңдікке енгізеді. Егер инеден қан байқалса инені 0,6-1,5 см артқа тартып 
қайта енгізеді. Дұрыс енгізген кезде ине тыныс алумен бірдей қозғалады. 
0,25% новокаиннің жылы ерітіндісін инъекциялайды. Қажет болған жағдайда 
тежеуді 7 күннен кейін қайталайды. 
 
Итте паранефральды тежеу. 
Операция техникасы. Инені енгізу орны белдің орта сызығынан 3,5 см 
алшақ орналасқан. Сол жақтан тежегенде екінші бел омыртқа өсіндісі 
аумағында, оң жақтан тежегенде бірінші бел омыртқа аумағында. 
Инені 0,5-1 см тереңдікке енгізеді. 0,25 новокаин ерітіндісін 1 мл/кг 
есебімен инъекциялайды. 
 
Башкиров бойынша сиырдың сыртқы семенного
жүйкесін тежеу 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): желінсау 
және сүт безінің басқа да патологиялары. 
Сыртқы семенной жүйке бел байламынан бастау алады. Оның бастауы 
3-5 бел омыртқа деңгейінде үлкен және кіші бел бұлшық ет аумағында шап 
каналына бағытталып екі тармаққа бөлінеді, олар желіннің тері мен 
паренхимасын жүйкелендіреді.
Операция техникасы. Жануарды тұрған күйінде бекемдейді. Ине 
енгізетін орынды 3-4 бел омыртқа өсінділерінің аралығында, өскіндерден 7-8 
см алшақ белгілейді. Операциялық орынды дайындағаннан кейін ұзындығы 
8-10 см, ені 1-2 мм инені 55-60º омыртқа денесіне дейін енгізеді. Содан кейін 
инені 2-5 мм артқа тартып 0,25% новокаин ерітіндісін 100-120 мл, 0,5% 
ерітіндісін 80-100 мл енгізеді. Инені суырғаннан кейін орынды йодтың 
спиртті ерітіндісімен өңдейді. Тежеуді 3-5 күннен кейін қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет