Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Вагосимпатикалық тармақты тежеу



Pdf көрінісі
бет102/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Вагосимпатикалық тармақты тежеу 
 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): көкірек 
аумағы 
органдары 
зақымданғанда 
жарақаттық 
шокты 
жоюға, 
бронхопневмонияда, пневмонияның алғашқы сатысы мен өкпенің домбығуы. 
Екі жақты вагосимпатикалық тежеу жүректің тежелуіне, сонымен қатар 
жануар өліміне де адып келуі мүмкін. Сондықтан бұл тежеуді патологияға 
ұшыраған орган жағынан жасау керек. 
Операция техникасы: Ірі жануарларды тұған күйінде ал ұсақ 
жануарларды жатқызып бекемдейді. Операция орнын дайындағаннан кейін 
трахеяны қолмен бекемдеп, инені теріге перпендикулярлы мойындырық 
венеасының үстінен трахеяның жоғарғы аумағына жеткенге дейін 0,25% 


203 
новокаиннің жылы ерітіндісін ірі малға 50мл, ұсақ малға 10-20мл 
инъекциялайды. 
 
Мойынның каудальды симпатикалық жұлдызша түйінін тежеу 
(симпатикалық ганглиді) 
 
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): өкпе 
домбығуы, экссудативті бронхиттер, превмония және плеврит. 
Жануарларда симпатикалық ганглий бірінші қабырғааралықтың 
жоғарғы бөлігінде, бірінші қабырға басынан 2-3 см төмен, ұзын мойын 
бұлшық етінің латеральды бетінде борпылдақ клечаткамен қапталып 
орналасқан.
Операция техникасы: Ірі жануарларды тұған күйінде ал ұсақ 
жануарларды жатқызып бекемдейді және көкірек бөлігін барынша артқа 
қаратып, ал мойнын қарама қарсы бағытқа бұрады. Операция орнын 
дайындағаннан кейін бірінші қабырға төмпегін тауып, артқы жағынан 2-3 см 
төмен (қой, бұзау, ит -1 см) инені бірінші көкірек омыртқа денесіне 
бағыттайды. Инені енгізу тереңдігіне қарай новокаин ерітіндісін 
инъекциялайды. Инені 0,5-1см артқа тартып оны сақтықпен 1-1,5см төмен 
бағыттап 0,25% новокаиннің жылы ерітіндісін ірі жануарға 20-30 мл, ұсақ 
жануарға 5-10 мл инъекциялайды. Қажет болған жағдайда тежеуді 4-5 күннен 
кейін қайталауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет