Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Ірі қара малдың кеуде аяқтарын өктізгіштік жансыздандыру



Pdf көрінісі
бет107/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Ірі қара малдың кеуде аяқтарын өктізгіштік жансыздандыру. 
Аяқтың дистальдық бөлімін орталық, шынтақ, кәрі жілік және бұлшық 
ет - тері жүйкелердің бұтақтармен иннервациясы жүзеге асады. 
Тізені жансыздандыру үшін жүйкелерді тежеу. Көрсетуі. Тері 
астындағы прекарпальдық синовиальды дорбаның экстирпациясы, тізе 
аумағында тері пластикасы және басқа операцияларда жансыздандыру. 
Тежеу техникасы (Артмейермен ) екі кезеңнен түзеледі.
1. Кәрі жілік және бұлшық ет - тері жүйкелердің бұтақтарын тежеу 
(сурет 152, а). Тізеден 8 - 10 см проксимальдық


208 
 
 
 
 
а 
 
 
 
 
б 
 
Сурет 152 . Ірі қара малдың тізесін жансыздандыру (Артмейермен): а - кәрі жілік 
және бұлшық ет - тері жүйкелердің бұтақтарын тежеу; б - шынтақ жүйкесін тежеуі 
ара қашықтықта, білектің дорсальды беттерінде тізенің кәрі жілік 
жазғыш сіңірін іздеп табады. Ол шынашақтай жуандық түрінде жақсы байқап 
көрінеді. Сол сіңірдің медианалық жағында теріге перпендикулярды, сүйекке 
дейін білек фасцияның астына инені қадап 10 мл 4 %- новокаин ерітіндісінің 
инъекциялап, өтетін кәрі жілік жүйкесінің (n. cutaneus antebrachii dorsalis) 
тері бұтағын тежейді. Содан соң инеге горизонтальдық бағыт беріп, оны тері 
астынан көлденең 4—5 см медиальды жылжыта, сол сызықтарға қайтадан 10 
мл ерітіндіні инъекциялайды. Мына инъекциямен бұлшық ет – тері жүйкенің 
жіңішке тері бұтағы (n . cutaneus antebrachii medialis) тежеледі. 
Шынтақ жүйкенің тежеуін (сурет 152 б) тек қана зақымдалу тізе жақ 
беттеріне таратылғанда қосымша қолданылады. Тізе қосымша сүйектен 
алақан ені жоғарырақ, дәл орта сызықпен бұлшықет аралық науашаны тауып 
фасцияның астына 3 см тереңдікке инені қадап 10 мл 4 % новокаин 
ерітіндісін енгізеді. 
Жіліншік аумағындағы жүйкелерді тежеу. Көрсетуі. Жіліншік және 
саусақтардың дистальдық бөлімдерінде операция жасауда. 
Бекіту. Жатқан жайда. 
Тежеу техникасы (Г.М. Шабров тәсілімен). Дорсальды және 
пальмарды жіліншік жүйкелерін тежейді. Бағдары саусақ жазғыштардың 
сіңірлері болады оларды жіліншіктің дорсальды бетінде, тізе буынан 5—7 см 
төмен, орында, сипалап табады. Мына пунктіде сіңірлерінің латеральдық 
және медиальдық жақтарынан қабырғада бүйірден сүйекке инені жаңжаққа 
бұрып неғұрлым үлкен алаңға ерітінді жіберуге ұмтылып, 20 мл дейін 4 %- 
тік новокаин ерітіндісімен инъекциялайды. Жіліншіктің пальмарлық 
беттеріндегі жүйкелерді тежегенде, тері астында жақсы байқалатын 
саусақтардың терең бүккіштерін бағдарлайды. Инені, иілген аяққа 


209 
жіліншіктен 5—7 см төмен, саусақтардың терең бүккіштерін жағымен 
қадайды. Иненің үшін фасцияның астынан тізе жағына бұрады. Инъекцияны 
сіңірлердің латеральдық және медианальдық жақтарынан жасайды. Мына 
пунктіде латеральдық жағынан тағы тері астынан инъекция істейді. Ерітінді 
мөлшері алдындағы тәсілдегідей (сурет 153 а). 
Сурет 153 Жіліншік аумағындағы жүйкелерді тежеу. 
а - Шабров тәсілімен ; б - Регнери тәсілімен 
 
Саусақтарға операциялар жасағанда циркулярлық жансыздандыру. 
Мына саусақтың жүйкелерін тежеу тәсілінде олардың топографиясың тым 
анықтауы қажетсіз. 
Бекіту. Жатқан жайда. 
Тежеу техникасы (Регнери тәсілімен). Жіліншік медиалдық және 
латеральдық беттерінде рудиментті саусақтардың деңгейінен 1,5 - 2 см 
жоғарырақ және оның жақ ортасынан бірнеше дорсальдық кезекпен 2 
жартылай циркулярлық инъекция жасалады. Инемен терінің астынан 
жіліншіктің дорсальды беттері кіріп, онан сәл төмен бағыттай, ерітіндіні 
инъекциялауын бастайды. Содан соң инені артқа тартып инъекцияны 
жалғастыра, оны пальмарлық бетіне бұрып, рудиментті саусақ негіздері 
деңгейге дейін жылжытады. Сонымен қатар ине шығаруы кезінде 
инъекцияны үлкейтеді, осында депо жасайды. Дәл осылай қарама-қарсы 
тұрған жақта (сурет 154 б) жасалады. Әрбір жаққа 40 - 50 мл 4% - тік 
новокаин ерітіндісін жұмсайды. Жансыздандыру кепілдігін үлкейту үшін, 
саусақтар арасына дорсальды және пальмарлы 1,5 – 2 см тереңдікке
қосымша 10 мл новокаин ерітіндісін енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет