Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет13/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   129
оперативтік хир 8 н

Дроперидол (Droperidolum). Басқа атаулары: дридол, дролептан, 
дегидробензперидол, инапсин, синтодрил т.б. Дроперидолды ампулаларда 5 
және 10 мл 0,25% ерітінді (2,5 мг/мл) түрінде шығарады. Қараңғы жерде Б 
тізімі бойынша сақтайды. 
Әсері және қолданылуы. Дроперидол - нейролептик бутирофенон 
тобына жатады, күшті және жылдам, бірақ қысқа мерзімге әсер етеді. Шокқа 
қарсы және құсуға қарсы әсері бар, алайда холинолитикалық қасиеттері жоқ.
Дроперидол анестезиология тәжірибесінде нейролептанальгезияға 
арналған негізгі препарат. Әдетте анальгетиктермен бірге қолданады. Оларды 
бірге қолданғанда жылдам нейролептикалық жағдай туып, анальгезиялық 
әсер күшейеді. Жануар ұйқтап, бұлшық ет босаңсыйды, естен тану мен 
құсықтың алдын алады. Дроперидолды премедикациялық мақсатта 
қолданады. Жануардың бұлшық ет әлсіреуінде, ауырсынуды жою үшін, 
аллергиялық ауруларға қарсы, асқазан-ішек түйілулерінде, дерматоздарда 
қолданады.
Қолдану кезінде күре тамырдың ішіне баяу енгізеді. Диагностикалық 
зертеулерде ауыртпау үшін, алдын ала дайындап, дроперидолды 30 минут 
бұрын тамырдың ішіне 2-5 мг жібереді. 
Мөлшері. Жануарларға 0,2-0,3 мг/кг таза салмағына бұлшық еттке. 
Комбелен (Combelenum). Шығару түрі - 25 мл флакондарда. 
Әсері және қолданылуы. Седативтік және ұйықтатқыш. Әсері 
аминазинге ұқсас, бірақ одан улылығы төмен. 1 % фосфорноқышқылды тұз 
ерітіндісіндегі комбелен қолданылады. 
Мөлшері. Жануарларға 30 мг/кг күре тамырдың ішіне; 50 мг/кг бұлшық 
еттке; мысықтарға 100-200 мг/кг. 
Ромпун (Rompunum). Ащы дәмді ақ кристалдық ұнтақ, иіссіз, суда 
және метанолда жеңіл ериді. Ұнтақ және 2 % ерітінді түрінде 25 мл 
флакондарда шығарылады. Германияда әзірленеді. Қараңғы, суық жерде Б 
тізімі бойынша сақтайды. 
Әсері және қолданылуы. Ромпунды асау және ызақор жануарларға 
тыныштандыру үшін қолданады. Препарат жануарды ұйқтатады, 
жансыздандырғыш мен миорелексант ретінде әсер етеді. 
Ромпун әсері 5-15 минуттан кейін басталып, әсер ету ұзақтығы 
қолданған мөлшерге тәуелді болады.
Мөлшері. Жылқыларға тамыр ішіне 3-5 мл/100 кг, бұлшық етке 7,5-15 
мл/100 кг тірі салмағына; ірі қара малға тамыр ішіне 0,08-0,25 мл/100 кг, 
бұлшық етке 0,25 – 1,5 мл/100 кг тірі салмағына; қой және ешкілерге бұлшық 
етке 0,15-0,25 мл/100 кг тірі салмағына; иттерге және мысықтарға бұлшық 
етке 0,1-0,2 мл/кг. Ромпунның әсері болмаған жағдайда, қайталап оның 
жарты мөлшерін жібереді. 


32 
Буаздықтың соңғы айында ромпунды қолдану ұсынылмайды. Артық 
мөлшері жіберілгенде немесе асқынулар (тынысы, жүрегі тоқтағанда) 
болғанда антидот ретінде иохимбин 0,125мг/1 кг немесе толазолин 1,5 мг/1 кг 
тірі салмағына тамыр ішіне жібереді. 
Рометар (Rometarum). Рометардың фармакологиялық қасиеттері 
ромпунмен ұқсас. Чехословакияда өндіріледі. Шығару түрі флакондарда - 2% 
ерітінді 50 мл. Қолдану тәсілі және мөлшері ромпундағыдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет