Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Операцияларды инфекциядан сақтандыру



Pdf көрінісі
бет15/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129
оперативтік хир 8 н

Операцияларды инфекциядан сақтандыру
Хирургиялық инфекция операциялық және кездейсоқ жараларда 
кездесіп, асқынуға әкеледі. Тұрақты дамып, жара құбылыстарын 
асқындырып, көп жағдайда өлімге апарады. XIX ғасырдың жартысына дейін 
хирургияда жараның асқынулары туралы мәліметтер болған. Бірақ, сол жара 
асқынуларының себебі қоршаған сыртқы ортада, ауада болатын инфекция 
екенін ғалымдар дәп басып айта алмады. 
Венгр дәрігері И Земмельвейс әйелдер босанғанда асқынуға себеп 
болатын дәрігердің ластанған қолдары екені анықтады (1861). Сондықтан ол 
жүкті әйелдерді тексеру алдында қолды хлор ерітіндісімен жууды ұсыды. 
Бұл өлімге ұшырайтын аурулар пайызын және асқынулардың біршама 
төмендеуіне себеп болды. Сол уақытта танымалы орыс хирургі Н.И. Пирогов 
жараларды емдеуде хлор ерітіндісін, йодты спирт ерітіндісін және басқа 
препараттарды қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ барлық бұл 
әрекеттер жараларды асқынудан сақтағанмен, олардың жойылуының негізін 
түсіндірмеді. Тек қана Л. Пастер XIX ғасырдың 50-60 – жылдар арасында 
белоктық денелердің ашудың және шіру барысын зерттеулерінің арқасында, 
микробтардың осы құбылыстағы мағынасы анықталды. 
Л. Пастер жаңалығы негізінде ағылшын хирургі Листер, жаралардың 
инфекциясымен күрес әдістерін қайта қарап, бір ретке келтірді (1867). Ол 
жараны, жарамен қатынасатын заттарды, аспаптарды және қолды 5%- карбол 
(фенол) қышқылы ерітіндісімен жуу, оның өзін операциялық бөлмеге 
шашуын ұсынды. Листер ерекше көп қабатты, өткізбейтін таңғышты ойлап 
тапты. Оның ұсынысын жақтайтындар табылып, Ресейде бұл тәсілді (1868) 
П.П. Палехин алғашқы рет қолданды.
Осы жаңалықтардан жақсы нәтижелер алынып, ол антисептика - 
(шіруге қарсы: греч . anti - қарсы, sepsis - шіру) ұғымына арналған бастапқы 
саты болды. Антисептика маңызы – химиялық заттарды жараға және оның 
сыртында инфекцияға қарсы қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет