Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет16/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129
оперативтік хир 8 н

Антисептика 
 
Антисептика - инфекциялармен күресу, оны жараға түсірмеу және 
дамыуына қарсы кешенді әдістер жинағы. Қолданған әдістерге байланысты 


34 
механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық антисептиканының 
түрлерін ажыратады. Аталған әдістерді тәжірибеде қолданғанда олар бір – 
бірінен бөлінбей бірге жүреді.
Механикалық антисептика. Бұл хирургиялық әдістің мағынасы 
жарадан бөгде заттарды және өлген ұлпаларды алып тастау. Жараны 
микробтардан және оларға қоректенуге жарамды өлген ұлпаларды тазарту; 
жаңадан пайда болған жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу; іріңдеген 
жараларда қалталар қалтырмай тіліп, некроз болған ұлпаларды кесіп алып 
тастау. Сонымен қатар, іріңді жараларды, қуыстарды сутегі асқын тотығы, 
фурацелин (1:5000) ерітінділермен жуу механикалық антисептикаға жатады. 
Физикалық антисептика. Таңатын заттарды физикалық жолмен 
залалсыздандыру, басқа физикалық әдістерді (кептіру, жылу және жарық 
процедуралары) қолдану. Физикалық антисептиканың негізгі принципі 
инфекцияланған жараны құрғату, жарадан бөлінген сұйықтықтардың сыртқа 
шығуын қамтамасыз ету. Ол үшін кәріздер (дренаж) және анжыларды 
(тампон) қолданады. 
Кәріз – жіңішке резеңке (қолғаптан жасалған), пластмасса немесе 
шыны түтік. Кәрізді плевралық, құрсақтық қуысқа, ішкі ағзаларға, өт 
ағысына, ішекке, жараға және басқа қуыстарға енгізеді. 
Кәріздің негізгі қызметі – жарадағы немесе қуыстағы паталогиялық 
сұйықтықтарды сыртқа шығару. Сонымен қатар кәрізді жараның қуысына 
антибиотиктерді, басқа антисептикалық заттарды жіберуге және қуысты жуу 
үшін қолданады. Кәріз арқылы жараның қуысын құрғатуға (бос таңғыш) 
және белсенді сорып шығаруға (аспирация), арнаулы соратын аппаратарды 
(Субботин – Пертес) қолдануға болады. 
Кәріздеу уақытша немесе тұрақты (сифондық дренаж) болады. Анжы 
мен кәріздің әсерін күшейту үшін оларға натрий хлоридінің гипертоникалық 
ерітіндісін (10%), глюкозаның гипертоникалық ерітіндісін, магний 
сульфатының ерітіндісін сіңдіріп, Вишневский майын қосып қолданады. 
Кәріздер мен анжыларды бір уақытта қолдануға болады. 
Физикалық антисептикаға жараларды ашық ұстау жатады. Кебу 
салдарынан инфекцияның дамуына қолайсыз жағдай туады. Қосымша әдіске 
жараны ультракүлгін сәулесімен өңдеу жатады. Ол бактерицидтік әсер етіп, 
жергілікті иммунитетті ынталандырады, жараның тазартуын және 
регенерация құбылысын тездетеді. 
Химиялық антисептика. Жарадағы инфекциямен күресу үшін 
бактерицидті және бактериостатикалық әсер ететін әртүрлі химиялық 
заттарды қолдануы әдісі. Антисептиктерді жергілікті және жалпы денеге 
(ауыз арқылы және парентеральды) қолданады. 
Антисептикалық дәрілерді жергілікті қолдануда әртүрлі тәсілдер 
пайдалануы мүмкін: 
1. Теріні антисептикпен өңдеу. Мысалы, операциялық алаңды 
дайындауы үшін теріні 5-10 % йод тұнбасымен немесе 2 % брильянт көгінің 
ерітіндісін пиодермияда қолдану.


35 
2. Жергілікті жараға ұнтақты, ерітіндіні немесе антисептигі мен жақпа 
майды қолдану. 
3. Аяқтарын немесе барлық денесімен антисептик ерітіндісі бар ваннаға 
салу (жиірек 0,1 % калий перманганаты ерітіндісімен).
4. Антисептик ерітіндісін жараның ішіне терең енгізу немесе жараның 
қуысына дренаж арқылы жіберу немесе жуу. 
5. Антибиотик ерітінділерін іріңді, қабынған жаралардың маңайына 
айналдыра инфильтрациялау. 
Химиялық табиғатына байланысты антисептикалық препараттар екі 
топқа бөлінеді: бейорганикалық және органикалық.
Бейорганикалық қосылыстарға галоидтар (йодтың спиртегі тұнбасы, 
Люголь ерітіндісі, йодоформ, хлорамин т.б.), қышқылдатушылар (сутегі 
асқын тотығы, калия перманганаты), бейорганикалық сілтілер және 
қышқылдар, ауыр металдардың тұздары (сулема, сынап, оксицианид, 
протаргол, колларгол, күміс нитраты т.б.) жатады. 
Биологиялық антисептика. Организмнің иммунобиологиялық күшін 
жоғарылатушы және микроорганизмдердің жарада дамуына қарсы тұратын, 
биологиялық белсенділікті артыратын заттар. Биологиялық антисептикада 
қолданатын препараттарға антибиотиктер, энзимдер және қан сарысуы 
жатады. 
Антибиотиктермен емдеу. Антибиотиктермен емдеудің негізгі 
ережелері: 
1. Антибиотиктерді тек қажеттілік жағдайында және көрсетілім 
бойынша ғана қолдану керек. 
2. Антибиотиктердің микрофлораға сезімталдығын міндетті түрде 
анықтағаннан кейін ғана емдеуді бастау қажет. Егер шұғыл жағдайда емдеу 
керек болса, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін, емдеу 
әрекетін кең көлемде әсер ететін антибиотиктермен бастау керек.
3. Антибиотиктермен ұзақ емдеу қажет болғанда, зиянды 
микроорганизмдер бейімделмеу үшін әрбір 5-7 күнде оларды алмастыру 
керек.
4. Емдеу барысында дәрілердің бактерияға қарсы белсендігін 
жоғарылату үшін антибиотиктерді олардың синергизміне байланысты 
қолдануы қажет (мысалы, пенициллин және стрептомицин, тетрациклин 
және олеандомицин және т. б.). 
5. Антибиотиктерді организмге енгізетін жолдарын дұрыс таңдау 
(жергілікті және жалпы қолдану).
Антибиотиктерді қолданудағы қателіктер. 
1. Антибиотиктерді бактерияға қарсы қолдануда тиісті көрсетулердің 
болмауы. 
2. Оларды аз мөлшерлерде қолдану әсерінен, микрофлораның 
антибиотиктерге үйреніп, бейімделіп кетуі. 
3. Емдеудің барысында антибиотик әсерінің жылдам болмайтындығын 
ескермегендік. 


36 
4. Антибиотиктертердің өзара антагонистік (екі немесе бірнеше дәрілік 
заттардың бір-біріне қарсы әсері) әсерлерін ескермеу. Организмге ем емес у 
ретінде әсер етеді. Мысалы, стрептомицинды мономицинмен бірге қолдансақ 
есту жүйкелерінде қайтымсыз күйреу құбылысына әкеледі. 
5. Антибиотиктерді қолдануға болмайтын қарсы көрсетулерді ескермеу 
(аллергиялық реакциялар, бүйрек, бауыр аурулары, ототоксикалық әрекеті).
Энзимотерапия. Инфекцияланған жараларды жылдам тазартуға 
ферментті дәрілерді қолдануы (трипсин, химотрипсин, химопсин, 
рибонуклеаза, стрептокиназа т.б.). Ферменттерді бұлшық етке және 
жергілікті қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет