21
Сурет 19. Түйені
бекемдеу тәсілдері
а— қырғыз тәсілі (В. Тарасов)
; б — түрікмен тәсілі (Н . Антонов)
Сонымен қатар құйрықты бекітуге мұқият көңіл аудару қажет,
түйелерде құйрық бұлшық еттері жақсы жетілген, пішу кезінде ол жараны
ластайды және хирург жұмысына кедергі жасайды. Құйрықты төменге, артқы
аяқтары бағытымен ішке қайырып бекітеді. Құйрықтың ұшын бір адам ұстап
тұрады, немесе мықты арқанмен малдың мойнына байлап қояды. Түйенің
басын әдеттегі тәсілмен бекемдейді.
Т. В. Турбинаның бақылауы бойынша, түйеге отырып операция
жасауға болмайды, себебі ол дәл осындай қалыпта
тілерсек буындарымен
күшті соққылар жасай алады, кейде бүйіріне жығылады да, не жараны
ластайды, не хирургты және оның көмекшілерін жарақаттауы мүмкін.
Бұғыны жығу тәсілі. Бұғыны Голосов және Соломко тәсілімен жығу
үшін ұзындығы 4-5 метр бір шетінде ілмек немесе шығырығы бар арқан
керек. Арқан жіппен бұғының барлық сирақтарының шынтақ және тілерсек
буындарынан 10-15 см жоғары айналдырып өткізеді.
Арқанның бос шетін
ілмекке өткізіп, арқасынан асыра лақтырады. Содан соң арқанның сол
шетімен көлденең келген жіпті айналдырып ілмек жатқан жаққа тастайды.
Малды жатқызу үшін оны арқасынан жайлап басып, арқанның ұшын
біртіндеп тартады (сурет 20).
Күйіс қайыратын ұсақ малды бекемдеу. Мал барлық аяқтарының
арасынан бекіткен екі арқан жіппен құлатылады. Арқандардың ұшын тарта
түсіп, малды жығатын жаққа аударады. Малды жықаннан кейін барлық
аяқтарын бірге қосып байлайды (сурет 21).
22
Сурет .20. Бұғыны жығу тәсілі
Сурет 21. Қойды жығу тәсілдері: а - арқандармен жығу :
б - аяқтарын байластыруы
Шошқаны бекемдеу. Коршунов тәсілімен жығу үшін ұзындығы 45-50
см жіптің бір шетіне қалыңдығы 8 см ілмек жасайды, екінші шетіне диаметрі
4 см жылжитын темір шығырық бекітеді. Шығырығы бар жіптің шетін
ілмектен өткізіп жылжитын ілмек жасайды. Жылжитын ілмекті шошқаның
аузына салып, азу тістерінің артынан өткізіп, шығырықтан тартып жоғарғы
жаққа бекітеді. Шығыршық малды жығатын жаққа қарама-қарсы болуы тиіс.
Екінші жіпті жылжымалы ілмек түрінде шығыршыққа қарама-қарсы сираққа
байлайды. Сонан соң жіптің бос ұшын мадың құрсақ астынан өткізіп
шығыршыққа кигізеді. Шошқаның артқы аяғын алдыға және ішке қайырып,
басын бүйіріне бұрып, ұзын жіптің ұшын артқа тартады сол кезде жануар
тепе-теңдігінен айырылып, жата кетеді (сурет 22).
Шошқаны Андреев тәсілмен де жығуға болады.
Жіптің бір ұшымен
шошқаның кеуде аяғын байлайды, ал екінші жіп ұшымен қарама-қарсы
артқы аяғын байлап оны артқа тартады. Шошқа тепе-теңдігінен айырылып
жата кетеді.
23
Сурет 22. Шошқаны жығу:
а – Коршунов тәсілімен;
б – Андреев тәсілімен.
Ірі шошқаларды бүйіріне жатқызып бекемдейді. Ол үшін олардың
кеуде және артқы аяқтарын қоса қиғаштап байлайды немесе төмендегі
жамбастан басқа үш аяқтарын бірге қосып байлайды.
Шошқаны арқасына жатқызып бекемдеу үшін
кеуде және артқы
аяқтарын қосақтап байлап, алдыңғы аяқтарды байлаған жіптің ұшын артқы
аяқтардың арасынан, ал артқы аяқтарды байлаған жіптің ұшын алдыңғы
аяқтардың арасынан өткізіп, түйіндеп байлап жоғары тартады.
Кішкене торайларды кейбір операцияларда артқы аяқтарынан көтеріп,
жартылай асқан түрде көмекшінің аяқтарының арасында немесе санитардың
тізелеріне арқасымен жатқызып үстінен басып бекемдейді (сурет 23).
Сурет 23. Торайларды пішуге бекемдеу