Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет3/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Топографиялық анатомия 
 
Топографиялық анатомия – жануарлар ұлпасы мен мүшелерінің 
орналасу орнын, шекараларын, терідегі проекцияларын оқытатын ғылым. 
Хирургиялық операцияларды зерттеу анатомиялық деректерге тікелей 
байланысты. Сол себептен оперативтік хирургия – жануарлардың 
мүшелерімен ішкі ағзаралардың орналасуы, көлемдері, олардың теріге 
шығатын проекциялары туралы оқытатын топографиялық анатомия пәнімен 
тікелей байланысты. 
Топографиялық анатомияны білу операцияны жасар алдында оның 
анатомиялық қажеттілігін ойластырып, анатомдық – топографиялық 
шарттарын айқындап, операцияны жасау немесе жасамауын дәләлдеуге
анықтауға мүмкіндік береді. Топографиялық анатомия мағлұматтарын толық 
игеру операция алаңында қажетті қандай мүшелер немесе ұлпалар 
жатқандарын айыруға және оларға қалай жетуге болатынын білуге мүмкіндік 
береді. Сол себептен топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия 
екеуі біртұтас. 
Көрнекті орыс хирургі Н.И. Пирогов оперативтік хирургия үшін 
топографиялық анатомияның мағынасын алғаш рет көрсетті. Сонымен қатар 
ол оперативтік хирургия мен топографиялық анатомияның жеке пәндер 
ретінде қалаушысы және алғашқы оқытушысы болды.
Организм өскенде және дамығанда оның мүшелері мен ағзалары бірге 
өсіп, көршілес бөлшектерге қарай орналасуы кезінде бірталай өзгерістер 
болады. Операция жасағанда бұл заңдылықты әрқашан ескеру қажет 
(жастық анатомия). 
Кейде ағзалардың кәдімгі қалыпты орнынан, патологиялық 
құбылыстарының дамуына байланысты өзгеруі мүмкін. Операция жасаған 
кезде қате жібермеу үшін осындай өзгерістерді әрқашан ескереді 
(хирургиялық анатомия). 
Отанымызда мал дәрігерлік хирургияны жеке дамуына зор үлес қосқан 
атақты профессорлар: Максименко A.Ф., (топографиялық анатомия), Минкин 



Т.С., Фатькин Н.Ф. (аумақты хирургия), доценттер: Омаров Ж.О. 
(оперативтік хирургия), Аухадиев Т.А., Абишев К. (аумақты хирургия).
Соңғы жылдары республикамызда хирургияның әр саласында зерттеу 
жұмыстарын атқарып жүрген ғалымдар: профессор Ілиясов Б.К. (жалпы 
хирургия). доцент Әлмұхаметов К.А., (жарқаттардың емі), доцент Қамсаев 
К.М., (электроанальгезия). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет