18
Сурет 14. Ірі қара малды жықаннан кейін аяқтарын бекемдеу
кеуде аяқтардың арасынан өткізіп, белде айқастырады, ұштарын артқы
аяқтардың арасынан артқа қарай шығарады. Жығу техникасы алдыңғы
тәсілмен бірдей (сурет 15). Зақым тигізбес үшін және жақсы сырғанап,
қажамау үшін оған сабын немесе тальк жағады.
Сурет 15. Ірі қара малды итальян тәсілімен жығу
Кавказдық тәсілді тек қана ұсақ малға қолдануға болады және бір
көмекшімен ғана орындалады. Ол үшін екі арқан қолданады.
Бір арқанның
ұзындығы 2,5 м дененің артқы бөліміне тастап, артына жығатын жағына
қарай сол сербектің алдынан, оң себектің артынан,
немесе керісінше оны
түйінмен қатты керіп байланыстырады. Басқа арқанды мүйізде бекітіп қояды
және онымен малдың жағын орайды. Содан соң оның соңын бірінші қысқа
арқаннан өткізіп, арқасынан асыра қарама-қарсы тұрған жаққа лақтырады.
Басты артқа тарта түсе және арқанды төмен жақындата тартып көмекші
малды жатуға жеткізеді. Арқанның бос ұшын мүйіздеріне тартып бекітіп
қояды.
Д. Х. Латифов енекелерді бекемдеуге арналған тәсілдің екінші түрін
ұсынды. Д. Х. Латифов бір арқанды қолданады, оны алдымен мүйіздерде
19
бекітіп, ал содан
соң онымен жақтарды орайды; арқанның бос ұшын артқы
аяқтардың арасынан өткізеді де, шоқтықтан асыра тастайды. Арқанды
тартып, басты кеудеге жақындатады, малды күштеп, жатуға мәжбүрлейді.
Енеке жатқаннан кейін арқанның бос ұшын мүйізге
бекемдейді Оны
көмекшімен ұстап тұрады. (сурет 16).
Сурет 16. Енекені Д. Х. Латифов тәсілімен жығу
а — арқанды салу;
б — жығу кезеңі
Армян тәсілі ( С. Г. Меликсетян Г. Г. Арутюнян) ірі қара мал
тұяқтарын өңдеу үшін және кейбір операцияларды жасағанда қолданады.
Қолданылатын құрылғы:
а) ұзындығы 1,7 м бекемдейтін арқандарға арналған тесіктермен және
доға сияқты металл тұтқалары бар сырғауыл.
б) тіреу ошақ (сурет 17). Малды жыққаннан кейін аяқтарының
арасынан сырғауыл өткізіп, оларды
Сурет 17. Армян тәсілімен жығуға арналған құрылғының сыртқы көрінісі
20
тұсамыс буындарынан жоғарырақ бекітіп байлайды. Сырғауылды
малдың аяқтарымен бірге аздап жоғары көтеріп оның кеудесіне тіреу ошақты
жақындатып, доға сияқты тұтқаны ошақтың жоғарғы үстінен
асыра
лақтырады. Құрылғының металдан жасалған түрі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: