10
Сурет 1.
Бұрау салу
а - бұрау;
б, в – оны салу кезеңдері;
г – ірі қара малға қолданатын танау қысқышы
1- тұсамыс белбеуі;
2- Хелковскийдің жасанды тұсамысы; 3- жылқының алдыңғы аяғын
бекемдеу.
б
Сурет 2. Жылқының артқы аяқтарын бекемдеу
а - көмекші жылқының аяғын көтеріп өзінің аяғынана қойып бекемдеуі; б -
құйрығына жіп байлап, сирағын сол жіп арқылы көтеріп бекемдеу.
11
Жылжымалы станоктарды бұзып қайтадан құрып алуға болады.
Зауыттан жасалып шығарған Виноградов пен Китаевтың станоктары белгілі.
Ең көп таралған, көбіне қолданылатын және ыңғайлы болып келетін ұсақ
жануарларға арналған Виноградовтың операциялық үстелі ( сурет 3).
Сурет 3. Виноградовтың операцияны жасайтын үстелі
Жылқыны жығу тәсілдері. Жығу –
тұрған малды жатқызып,
бекемдеуге арналған әдістер жиынтығы, ол кезде малды ыңғайымызға қарай
орналастыруға болады. Шаруашылық жағдайында шұғыл көмек көрсету
кезінде, малды арнайы бекемдейтін операциялық үстел жоқ болса жығып
бекемдеу қолданылады.
Жығардың алдында жығатын алаңды дайындап алу керек, шаңдатпау
және малға зақым келмеу үшін ол жерге жұмсақ сабан немесе шөп төсеп,
бетін берзент жапқыштармен жабады. Арнайы матрастарды қолданса да
болады.
Орыс тәсілімен жығуды бір белдік арқанмен жалғыз адам (тек
тәжірибиесі болса ғана) орындай алады (сурет 4). Ол үшін былғары қайыс
немесе мақта-матадан жасалған екі арқан жіп қажет. Біріншісінің ұзындығы
7-10 м, екіншісі 2-2,5 м. Екеуінің де жалпақтығы 4-6 см кем болмауы керек.
Металл сақинаға (диаметрі 8-10 см) ұзын жіптің бір ұшын бекемдеп, ал қысқа
жіптің екі ұшында сақинадан өткізіп, ілмек құрастырады. Пайда болған
ілмекті жылқының мойынына салып сақинаны малды құлайтын жағына
қарама-қарсы, жауырын сүйегі деңгейіне келтіреді.
12
Сурет 4. Орыс тәсілімен жыққанда қайысты белбеуді салу жайы
Содан соң ұзын қайысты қарама-қарсы тұрған артқы аяқтан
айналдырып, ішінен сыртқа тұсамыс буынын айнала өткізеді.
Сол ұшын
қайтадан шығыршықтан өткізіп, қайыстың бос ұшын арқадан асыра басқа
жаққа лақтырады. Көмекші сауыр тұсында, жылқыны құлататын жақтан,
жылдам қозғалыспен қайыстың бос ұшын тастамай, жылқының артқы аяғын
қарынына тарта бастайды. Онан соң көмекші сол қолымен ноқтаның бауын
ал оң қолымен - жығатын қайысты тартады,
шынтақтардың жігерімен
малдың сауырын басып құлатады. Жатқан жылқының басын жедел
бекемдейді, сонымен қатар кеуде аяқтарын тұсап, төменгі артқы аяғымен
қосып байлайды. Жоғарыда жатқан артқы аяғын қарынға тарта белдікпен
тілерсек буынына тартып жылжымайтындай бекітеді (сурет 5). Орыс
тәсілімен жығуды көбінесе айғырларды пішкенде қолданады.
Сурет 5. Орыс тәсілімен жыққанда, жылқының аяқтарын бекемдеу.
Достарыңызбен бөлісу: