153
Байламды ен қосымшасының құйрығына жақын маңда кесуге
болмайды, себебі ұрық өткізгіштің артериясына зиян келтіріп, оны жалпы
қынаптықпен қабықпен бірге бөліп алуы мүмкін. Қысқышты ең бауына
салғанда артерия бранштың астына тимей қан кетуі тоқтамайды.
Онан әрі,
сол қолмен еңді ұстап, будадан іскекті шешпей, оны қынаптық канал жағына
жиырып мезорхиум бойын 7 - 10 см жыртып, ен бауын жалпы қынаптық
қабықтан бөліп алады. Бөлінген қынаптық қабықты, еннен проксималды
келтіріп, қынаптық каналға іскекпен қайырып кіргізеді.
Енді алып тастауы. Жалпы қынаптың бұдаларын кесуінен кейін сол
қол мен енді және ен бауын жалпы қынаптық қабықтан ажыратып ұманы
жоғары шапқа қарай ығыстырады, ал оң қолмен енді ұстайды. Сол кезде ен
бауы ашылады. Егерде бірден екі енге операция жасаса, ен бауының екеуінде
ашып қояды. Енді бұдан былай келесі құралдардың біреуін пайдаланады
(сурет 120).
1. Зандтың қысқышымен ен бауын мыжу – ең көп таралған тәсіл. Еннен
7 - 9см арақашықтықта ен бауына қысқыштардың
бранштарын оларды
бекітілген бұрандасының басын сыртқа (дистальды) қаратып салады. Екі
қолмен қысқыштардың бұтақтарын тоқтағанша қысып, оларды тұтқасында
болатын ілмектермен бекітіп қояды (сурет 120 1). Занд қысқышының
бранштарымен ен бауының екеуінде бірден қысып қоюға болады, бірақ ол
үшін екі браншты әрбір ен бауын бөлектеп, қысатын Амосов қысқышын
қолдануы
қолайлы болып, келеді (сурет 120 2). Қысқыштың сыртынан
қысылған ен бауын (немесе екеуінде) енмен бірге майлықпен немесе арнайы
матамен жабып, саусақтармен 10 - 15 рет айналдырып (торзильдеу),
үзілгенше бұрайды. Кейде тәжірибеде торзильдеудің орнына ен бауын
браншқа жақын маңда қайшымен кеседі. Ен бауының тұқылына 5% йод
ерітіндісін жағады. Затворын бірте-бірте жылжыта қысқышты абайлап, өте
сақ шешеді. Қалған қуыстан қан ұйындыларын тазартып, ұма қуысына және
ішттеріне асептикалық ұнтақтарды, дезинфекциялайтын майды, немесе ақ
стрептоцид эмульсиясын, шприцпен резеңке
трубка арқылы немесе
қалақшамен енгізеді.
2. Эмаскулятор қолданудың (сурет 120 3) Занд қысқышынан
артықшылығы бұл жағдайда енді бұрамай бөліп алады. Эмаскулятордың
бранштарында доғал және өткір бөлімдері болады. Эмаскуляторды ен бауына
міндетті түрде бұранданың басын сыртқа қаратып салып (дистальды),
аспаптың тұтқаларын баяулап қысады. Аспаптың доғал жағымен ен бауы
қыспақта болады, ал өткір оның бөлімі енді бөліп алады. Салынған аспапты 5
- 6 минут ұстайды. Аспаптың тұтқаларын баяу жіберумен шешеді.
Жуандатылған қынаптық буда бөлімі әлі өте тығыз емес (2-3 жасар) жас
айғырларды, қынаптық буданы жармай эмаскулятормен пішуді жүзеге
асыруға болады. Ұма қабырғаларын және жалпы қынаптық қабықты
тілгеннен кейін оны қосымша ен бауының алдынан көлденең түзу қайшымен
қосымша жарып ашады. Эмаскулятордың бранштарын ен бауын
айналдырылған жалпы қынаптық қабықтың артқы бөліміне тиіп тұрған
154
орынға салады. Бранштарды жабу алдында ен қосалқысының құйрығымен
жабылған қабық бөлімі эмаскулятордан төмен
орналасқанына көз жеткізу
керек. Қысқыштардың бранштары жабылғанан кейін ен және ен
қосалқысымен бірге қынаптық буда және оған жабысып тұратын жалпы
қынаптық қабық, ұма қабы қоса кетеді. Операцияның бұл тәсілінде жалпы
қынаптық қабық қапта, пішудің жара қуысы мүлдем болмайды.
Сурет 120. Айғырларды пішуге арналған аспаптар:
1 - Занд қысқышы; 2 - Амосов қысқышы; 3 - эмаскулятор; 3 - шошқалар
овариоэктомиясына арналған Никифоровтің эмаскуляторы: 4 - лещеткалар; 5 -
лещетканың бұрандасы; 6 - Бурдиццо қысқышы; 7 - Телятников қысқышы;
Жабық тәсілмен пішу операциясының техникасы. Лещеткаларды
немесе лигатураны қолдануымен алып тастау.
Лещетканың бір жағын жіппен берік қылып байлап, автоклавта немесе
стерилизаторда қайнатып зарасыздандырады.
Тартып ұстаған ұманың қабаттарын абайлап, жалпы қынаптық қабыққа
дейін тіледі. Содан соң жараны доғал тәсілмен (қосылған қайшымен)
кеңітеді, ұма қабаттарын жалпы қынаптық қабықтан және сыртқы ен
көтергіштен бөліп алады. Ұманы мойын бөліміне дейін ашады. Жалпы
қынаптық қуыста бөтен еш зат қалмағандығын тексеріп (пальпациямен
немесе қабықтардың қабырғаларына тесік жасап), оны ен мен бірге 180°
155
бұрап одан 7 см жоғарырақ жануардың
денесіне көденең келтіріп
лещеткаларды салады (сурет 121). Лещетканың соңдарын арнайы
бұрандамен
немесе
қысқаштармен
жақындатып
мықтап
берік
байланыстырады. Лещеткадан 2 - 2,5 см төмен түсіп жалпы
Сурет 121 Айғырды пішу:
а - Занд қысқышын қолданып ашық тәсілмен;
б - лещеткаларды қолданып жабық тәсілмен
қынаптық қабықпен жабылған ен бауын қайшымен кесіп тастайды. Ен
бауының тұқылын 5% йод ерітіндісімен домдайды. Лещеткамен қысылған
жалпы қынаптық қабықтың үштері қайтадан айналып кетпеу үшін, екі
лещетканы стерилденген майлықпен жауып оның шеттерін ұма жаралардың
шеттеріне жапсыра тігеді. Лещеткаларды 8 күннен кейін шешеді немесе
қашан олар өздігінен құлап түскенінше күтеді.
Лигатура қолдануымен пішу. Жалпы қынаптық қабықты тіліп
ашқаннан кейін ұма қабаттарын құрсақ қабырғасына қарай тықсырып, жалпы
қынаптық қабықпен жабылған ен бауына еннен алыстатып Занд қысқышын
салады. Бірнеше секунд өткеннен
кейін қысқыштың браншын ашады, еңді
жалпы қынаптық қабықпен бірге 180° С бұрайды және қысқышпен ен бауын
екінші қайтара жаншиды. Қысқышты алып оның орнын жылдам жуан және
ұзын кетгут жіппен тартып байлайды. Ен бауын 3-5см төмен алып, енді
эмаскулятормен немесе қайшымен кесіп тастайды. Лигатураны ен қалдығы
бөлініп түскенінше дейін қалдырады.
Айғырды түрегеп тұрған жайда пішу. Операцияны айғырларды
жатқан жайда пішуден жеткілікті тәжірибесі бар хирург жасайды. Пішудің
ашық тәсілін қолданады. Айғырдың сол жақ аяғын діңгекке көтеріп, станокта
бекітеді немесе жай тұра береді тек басынан біреу ұстап тұру қажет. Күре
тамырдың ішіне, торбуджик, ромпун немесе хлоралгидрат немесе литикалық
қоспаны енгізеді, интратестикулярлық (еннің ішіне немесе ен бауына)
новокаин ерітіндісі инъекциялайды. Жоғарғы ерінге бұрау салып оны
көмекші
ұстап
тұрады.
Ұманың
операция
жасайтын
орнын
зарасыздандырғаннан кейін еннің
мойнына икемді жгут салып, операцияға
кіріседі.
156
Операция жасаушының иығы айғырдың қарынының төменгі
қабырғалары деңгейінде болу үшін, тізелерін бүгіп, айғырдың сол бүйір
жағында ұмаға бетпен қарап отырды.
Содан соң сол қолымен ендерді қысып ұстап алып, жылдам
қозғалыспен ұманы, жалпы қынаптық қабықпен бірге краниокаудалдық
бағытпен жүргізе отырып тіледі (сурет 122). Керісінше теріс бағытпен
кескенде ол өзінің сол қолын зақымдауы мүмкін.
Енді ашқаннан кейін қайшымен, кезекпен өтетін байламдарды кесіп, ен
бауына бірден немесе кезекпен Занд қысқышымен қысады. Операцияны
ендерді бұрап алып немесе қайшымен кесіп тастаумен аяқтайды.
Сондай
әдіспен енді эмаскулятормен алып тастауға болады. Жгутты қысқышты
немесе эмаскуляторды алғаннан кейін шешуге болады. Операция барысында
айғырдың әртүрлі қозғалыстары болуы мүмкін. Сондықтан хирургты мал
артық алаңдатпау үшін оның құрсақ қабырғасына иығын тигізбегені дұрыс
болады. Егер жануар ерекше мазасызданса онда бұрауды шешіп, оған аздаған
сұлы беруге болады.
Сурет 122. Айғырды түрегеп тұрған жайда пішу
а - ұманы ашу;
б - Занд қысқышын салуы
Достарыңызбен бөлісу: