Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


НЕСЕП-ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНЕ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ



Pdf көрінісі
бет68/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129
оперативтік хир 8 н

НЕСЕП-ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІНЕ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУ 
Пішу 
 
Пішу – жыныс бездердің қызметін жасанды түрде тоқтату. Оны әртүрлі 
әдістермен жүзеге асыруы мүмкін. Көбінде пішу арқылы жыныс бездерін 
кесіп алып тастайды. Еркек жануарларда жыныс бездердің қанмен 
қамтамассыздығын және жүйкеленуін бұзу операциялық тәсілдерді 
қолданумен оның құрамын толық немесе жарым-жарты қиратылады. Жыныс 
бездердің қызметін басқа әсерлермен тоқтату мүмкін, мысалы радиоактивті 
сәулеленудіру, химиялық және гормондық дәрілердің қолдану. Қазіргі 
заманда иммунологиялық пішу тәсілдері де бар. Хирургиялық операциямен 
пішудің үлкен шаруашылық мағынасы бар. 
Пішілген малдың организмінде зат алмасуының терең өзгерістері 
болады және осыған орай оның дамуында морфологиялық ерекшеліктер 
байқалады. Пішілген мал жақсырақ бордақталынады, олардың еті нәзік, 
құнды болады. Еркек малда болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және 
дәмнен тазаланады; жүннің сапасы жақсарады; жұмысшы малдар тынық 
және көбірек шыдамды келеді, пішілген сиырларда сүт шығу уақыты 
ұзартылады деген пікір бар. 
Жыныс бездерін толық алынғанда, еркек малда оны орхидектомия 
(греч. оrсhis - жұмыртқалық, есtome – алып тастау), ал ұрғашыларда — 
овариэктомия (лат. оvагium – аналық без) деп атайды. 
Пішуге 
көрсетулер 
және 
қарсы 
көрсетулер. 
Пішуді 
мал 
шаруашылығында бордақыланатын малдан қосымша май, ет және жүн алуда 
қолданады. Өсіруге жарамсыз малды кездейсоқ ұрықтандырудан алыстату 
үшін, сонымен қатар малды топтап ұстауды жеңілдету және және малды 
жұмысқа пайдалануын жеңілдету үшін. Көбінде асылтұқымды емес және 
жұмысқа пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді. 
Еркек малды емдеу көрсеткіштері: интравагинальдық жарықтарда, 
ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы 
қынаптық қабықта шемен пайда болған кезде, ен бауының күретамырларның 
варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақылауды жақсарту 
үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің 
ауруларында пішеді. Шошқаларды бордақылаудың алдында пішіп жібереді. 


146 
Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы (топалаң, эмкар, 
тіліме және шошқалардың обасы және т.б) алдын-алулық шаралардың 
басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей 
жоспарлайды. Дәл осылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет