Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Қансыз пішу әдісі, (перкутандық) пішу



Pdf көрінісі
бет71/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129
оперативтік хир 8 н

Қансыз пішу әдісі, (перкутандық) пішу – өнімді малға ең көп 
қолданатын пішудің түрі. Ол негізі екі дербес тәсілдерден тұрады: ен 
бауының бүтіндігін перкутандық бұзуы немесе енді үзу. 
Ен бауы бүтіндігін перкутандық бұзуға негізі екі әдісі бар. 


151 
а) Ен бауын ұма мойын аумағында, терісінің сыртынан, арнайы 
қысқыш арқылы перкутандық әдіспен мыжып, жаншу немесе үзу арқылы. Ен 
бауын мыжып жаншығанда еннің қоректенуі бұзылып, одан кейін семеді. 
Сорылатын өнімдер малдың организмінің дамуына және өсуіне ынталандыру 
әрекет көрсетеді, енді толық алыптастағанда бұндай ерекше әсер болмайды. 
б) эластрация – ен бауға арнайы резеңке сақина салып қысу, ол 
жағдайда ен ұмамен бірге толық некрозға ұшырап денеден бөлінеді. 
в) крипторхизмды жасанды жасау - енді қынаптық канал қуысына 
итеріп салу және оны қайтадан шықпау үшін ұманың төменгі бөліміне икемді 
сақина салумен бекіту. 
 
Айғырларды пішу 
 
Айғырларды (есектерді және қашырларды) әдетте ашық тәсілмен, яғни 
жалпы қынаптық қабықты тілу арқылы пішеді. Ішкі шаптық сақиналары 
үлкейген жағдайда, периорхитте немесе жалпы қынаптық қабық шеменінде 
малды жабық тәсілмен пішеді. Операцияны ашық тәсілмен жатқан немесе 
тұрған түрде орындауға болады. 
Айғырды жатқан жағдайда пішуі. Малды орыс немесе Решетняк 
тәсілімен жығып, сол жағына жатқызады, оң артқы аяғын жыққан қайыс 
арқаның сақинасына немесе арнайы жылқының мойынына киілген жіпке 
тартып, операция орнын ашып қояды. Қалған аяқтарын бірге бекемдейді. 
Жығар алдында малдың ұма аумағын ластамау үшін, құйрық талдарын 
бинтпен орап байлайды. 
Жансыздандырудың маңызы өте зор оны әсіресе асау және күшті 
малды жығардан бұрын және пішу алдында жасалынады. Ол үшін аралас 
наркозды қолданады. Жергілікті жансыздануды төменде суреттелген 
тәсілдермен істейді: 
1) қолмен ұманы берік қысып ұстап алып, ұма терісінің түптеріне 5% 
йод ерітіндісін жағады. Осы орындарға әрбір ұмаға 10 мл 4% новокаин 
ерітіндісінің инъекциялайды. Бұл Л.С. Сапожниковтің интратестикулярдық 
жансыздандыру тәсілі (сурет 118 а); 
2) новокаин ерітіндісін ен қосалқысының сыртқа шығып тұрған 
құйрығынан денесіне бағыттап жібереді; 
3) ұманы қолмен берік ұстап, инені ен қосалқысының басынан қадап, 
оның бауына қарай 4 - см жылжытып 10 мл 4% новокаин ерітіндісін енгізеді 
(М. В. Плахотин тәсілі); 
4) ұма мойындағы ұлпаларды инемен тесіп, ен бауының қалыңдығына 
сол мөлшерде новокаин ерітіндісін енгізеді (сурет 118 б). 
Жансыздану 5 - 6 минуттан кейін болады. Егер алдын ала хлоралгидрат 
берілсе онда ұманы қосымша жансыздандыру қажеттілігі жоқ. Хлоралгидрат 
қолданбағанда, тілетін орынға тері астынан 0,5% новокаин ерітіндісін 
жіберіп, жансыздандыру қажет. 
Ашық тәсіл операциясының техникасы. Операцияны бірыңғай 
жоспармен әртүрлі пішуге арналған қысқаштарды немесе эмаскуляторларды 


152 
қолдануымен орындайды. Бұл аспаптардың мақсаты ен бауын мылжалау 
және қан кетуінің алдын алу үшін, тұрақты тромб жасау. 
Сурет 118. Инъекциялармен жансыздандырудың екі тәсілі
а - Сапожниковтін интратестикулярлық жансыздандыруы, б - ен бауының 
қалыңдығына новокаин ерітіндісін енгізу 
Ұманы берік бекіту үшін жергілікті жансыздану қолдануға дейін бекіту 
қажет. Ұма мойнына икемді резеңке жгут салады, оны қысқаштарды ең 
бауынан алғанға дейін қалдырады. 
Ұманы, жалпы қынаптық қабығын және енді тіліп ашу. Ұманың екі 
жартысын, сол қолмен мықтап ұстайды, еннің дөңес беттінен (ұма тігісіне 
паралелль) алдыңғы және артқы полюстарына дейін тіледі. Құрсақтық 
скальпелмен бірден ұма терісін, бұлшық еттік - икемді қабықты, фасцияны 
және жалпы қынаптық қабықты жарып ашады. Егерде кездейсоқ жағдайда ен 
тілінсе, оның зияны жоқ. Жалпы қынаптық қабық кесуі, тері кесуімен бірдей 
болу тиіс. Егер бірдей болмаса қалта құрылады, оған қан және экссудат 
жиналып патогендік микрофлора дамуы мүмкін. Тілуді алдымен жалпы 
қынаптық қабық қабатына дейін кесуге болады, содан соң скальпелімен 
кішкене қылып тіліп, сол қуысқа қайшының браншын енгізіп, терінің 
алдыңғы тілімене дейін жылдам ашып, тастауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет