Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет73/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129
оперативтік хир 8 н

Бұқаларды пішу 
 
Бекіту. Операцияны жатқан немесе тұрған малға орындайды. Ірі 
қараны жығу тәсілдерінің бірін қолданып малды сол жағына жатқызып, оң 
артқы аяғын операция орыны толық жақсы ашылғанша тартып, бекітіп 
байлайды. 
Қалған аяқтарын бос қалдырады. Тек кәрі және күшті бұқалардың 
кеуде 
аяқтарын 
тұсамыс 
буындардан 
жоғарырақ 
бірге 
қосып 
байланыстырады. Тұрғызып пішкенде (жас өгізшелерді пішуде) малды 
бағанаға қысқа қылып байлап, танау қысқышымен басын бекітеді. Жақсы 
бекіту үшін артқы аяқтарына тілерсек тұсынан бұрау салуға болады.


157 
Бұқаларды пішу үшін арнайы стационарлық жабдықтарды дайындауға 
болады. Ол бір азықтанатын науамен біріккен, сырғауылдардан жасаған 10 
ағаш бөренелерінен құрылады. Станоктардың жанында 10 бас мал сиятын 
қаша жасалады, одан мал тек станоктар арқылы шығады. Жануарлар артқа 
шегінбеу үшін, оларды әрбір станокта болатын металл тұтқамен арттан 
бекітеді. Малдың басында тұратын көмекші пішу орындалуы барысында, 
станоктан станокқа көшіп малдардың бекемдеуін жүзеге асырады. 
Операцияны жасаушы хирург малдың артында тұрады. 
Жансыздандыру
Бір 
жастан 
үлкен 
бұқаларға 
пішуді 
жансыздандырумен орындау қажет. Анестезияны тұқымдық тікелей ен 
бауына, ұманың мойындарына немесе интратестикулярлы еннің қабатына 
жансыздандыратын ерітінділерді инъекциялайды. Ұманың қосымша кесу 
сызығын новокаинмен жансыздандырады. 
Негізінде бұқаларды 2 әдіспен пішеді: қансыз (перкутандық) және 
қанды. 
Қансыз (перкутандық) әдіс ен бауына механикалық әсер етумен жүзеге 
асады. 
Ен бауын перкутандық езудің мақсаты еннің қанмен және жүйкелермен 
қамтамассыз етуін тоқтату. Перкутандық пішуді жасау үшін Бурдиццо, И.A. 
Телятников, М.A. Ханин - Тыныбековтың және т.б. қысқыштарды 
қолданады. 
Сол қолмен ұманың мойнынан алып оны сипалап ішіндегі бір ен бауын 
табады. Оны латералды бағытта тартып, оған Бурдиццо қысқышының 
браншын орналастырып, тері арқылы ен бауын қысып, 0,5 - 1 минут 
қысқышты жібермей ұстайды. Содан соң қысқышты 1,5 - 2 см төмен 
жылжытып орналастырып ен бауын екінші қайтара жаншиды. Осы істерді 
екінші енге қайталап жасайды. 
Телятниковтың (№2 үлгі) немесе Ханин - Тыныбековтың 
қысқыштарымен енге жақынырақ (тамырлы конус шеттеріне) орналастырып, 
әдеттегі тек қана бір рет қысады (сурет 123). Ен бауын ұманың шетіне 
жылжытып, қысқыштардың еріндерінің арасына жайғастырады. Одан кейін 
қысқыштың тұтқаларын екі қолмен жылдам қысып 5 секундтан артық 
ұстайды. Сықыр сезілсе ол ен бауының жарылуын білдіреді. Сықыр 
байқалмаған жағдайда қысқышты алып 1,5 - 2 см жоғарырақ қайтадан 
орналастырады. Дәл осылайша екінші ен бауына әсер етеді. Қысқышты 
салған орнында ен бауларының аралықтарында шұңқыр байқалады, содан 
соң 10-15 минут бойы сол орында емен немесе грек жаңғағы көлеміндей 
гематома пайда болады. Бір айдан кейін пішу нәтижесін тексереді, егер ендер 
кішіреймесе, операцияны қайталайды.


158 
Сурет 123. Бұқаны Телятниковтың қысқышымен перкутандық тәсілмен пішу 
Кейбір ғалымдар Телятниковтың қысқышын, ен бауға екі рет салу 
қажет деп санайды, сонда еннің қанмен қамтамассыз етуілуі толық тоқтайды 
және оның регенерация болуының алды алынады. Перкутандық әдіспен 
пішілген өгізшелер, енді толық алып тастап пішілгендермен салыстырғанда 
бордақылау кезінде оларға азық аз шығындалады (5-10%), салмақ қосуы 8–
17% артық болған, және олардың ұшасы 6 – 10% ауыр тартқан.
Жасанды крипторхизмда 1,5 - 2 айлық бұқаларға ұманың төменгі 
бөліміне, енді жоғары қынаптық каналға тықсырып, эластратор (ампутатор) 
арқылы резеңке сақина салуымен жасайды. 15 күннен кейін ұманың төменгі 
бөлімі бөлініп түскеннен кейін ендері дамымайды. Пішілген малға шағын 
мөлшерде тестостеронды қолданғанда олардың денесінің дамуы қарқынды 
болып, салмағы көбейіп, жағдайы жақсарады. Бұл тәсіл АҚШ-та пайда 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет