Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет76/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   129
оперативтік хир 8 н

Қанды әдіс. Еңді жарым-жартылай немесе толық алыптастау сияқты 
әртүрлі тәсілдермен қолданумен жүзеге асады.
Жас қошкарларды (текелерді) толық пішу тәсілдерінің техникалары: 
1. Жүнді қырқып йод ерітіндісімен домдағаннан кейін, ұманы түбінен 
тартып, олардың ұшын өткір қайшымен кесіп тастайды. Сонымен қатар 
ұманы оның тігісіне перпендикулярлы тілуге болады. Ұманы қысып ішіндегі 
жалпы қынаптық қабықпен жабылған енді сыртқа ығыстырады. Жалпы 
қынаптық қабықпен жабылған ен бауларын ісекпен қысып оларға кетгут 
немесе жібек жіппен лигатураны салады. Содан соң іскектен 1 см төмен ара 


161 
қашықтықта кесіп тастайды (сурет 125 б). Жаранының ішіне антисептикалық 
ұнтақ салынады. 
2. Малдың басын төмен жіберіп, артқы аяқтарынан ұстап бекітеді. 
Операция жасаушы ұманы біркелкі тартып, жылдам қозғалыспен қайшы 
немесе скальпельмен, жалпы қынаптық қабықтың бүтіндігін сақтай отырып, 
оның түбін кесіп тастайды. Пішу жараға тимей, ұма тұқылын шаптық 
аумағына қарай тықсырып енді сыртқа шығарып ен бауына Занд қысқышын 
қысып салып, оның браншына жақын маңда енді қайшымен кесіп алады. 
Кәрі қошқарларды пішу (М.A. Ханин және т.б. тәсілі).
Көрсетуі. Асыл тұқымдық өсемге қолданудан бракқа шығаруда немесе 
басқа асыл құнды қошқармен ауыстыру жайында, кәрісін етке жіберу үшін 
пішуге мәжбүр болады. 
Жансыздандыруы. 
Ұма 
мойындарынан 
инфильтрациялық 
циркулярляциямен 10 мл 3% новокаин ерітіндісін интратестикулярлық 
инъекциялайды.
Операцияның техникасы. Қойды оң артқы аяғын жоғары тартылған
сол бүйіріне жатқызылған түрде бекітеді. Операцияны жасаушы сол қолмен 
ендерді шапқа қарай тықсырып, бір уақытта ұманың түбін керісінше ағытып 
тартады. Рудиментті емшектерден 2 см төмен ұманың терісін және оның 
тереңдікте жатқан қабаттарды, жалпы қынаптық қабыққа дейін айналдыра 
кеседі.
Ұма қабаттарының кесуінен кейін оның терісін жалпы қынаптық 
қабығымен бірге еннің төменгі бөліміне тартып түсіреді. Ен бауының жалпы 
қынаптық қабықпен жабылған ен жіңішке орнына Занд қысқышын 
орналастырып оны баяу қысады. Қысқышқа таяу ен бауларын скальпельмен 
немесе қайшымен кесіп ұманы енмен бірге алып тастайды. 
Қысқышты 2 - 3 минуттан кейін шешеді. Ен бауының тұқылына 5%- 
йод ерітіндісін жағады. Жараның қуысына күрделі ұнтақ себеді. Ұма 
жарасының шеттерін біріктіріп оны түйінді немесе дорба тәрізді тігістермен 
тігеді. Тігістерді 7 - 8 күннен кейін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет